Өнімдерімізге – оң көзқарас Избранное

Среда, 15 Март 2017 05:55 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 3964 раз

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен селекторлық жиын өтті. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар және Үкімет отырысында қаралатын мәселелер жайы талқыланды.

 

Аталған мәселе аясында облыстық Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқарма басшысының орынбасары Ілияс Оспанов басқарма тарапынан бүгінгі таңда бағаны тұрақтандыру жұмыстары атқарылып жатқанын баяндады. 

Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, облыста ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 6 түрлі азық-түлік тауары – қырыққабат, картоп, пияз, қой еті, тұздалмаған сары май және мәйекті қатты ірімшіктің құны қымбаттағаны байқалған. Бұл ретте басшы орынбасары мұның себебін бірқатар азық-түлік тауарларының көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан, Ресей, Беларуссия елдерінен және еліміздің өзге де облыстарынан тасымалданып жатқанынан деп түсіндірді.

Осы орайда аймақ басшысы егін егіп, мал бордақылауға арналған жер телімі бола тұра, аталған жұмыстармен айналыспай жүрген өңіріміздегі бос жатқан жерлердің картасын әзірлеуді тапсырды. Соның аясында қажетті шара қабылдап, бағаны тұрақтандыруға болатынын жеткізген әкім тұрақтандыру қорын жергілікті азық-түлік тауарларымен толықтырып, аймақты қажетті өніммен толықтай қамтамасыз ету керектігін айтты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.