Халықтың бірлігі басты жетістігіміз

Пятница, 19 Декабрь 2014 03:30 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4802 раз

Кеше Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ақпараттық топ Шымкент қаласында бірнеше кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге келген топ құрамында Парламент депутаттары және мемлекеттік органдардың басшылары бар. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков бастаған ақпараттық топ мүшелері М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде болып, облыс активімен кездесті.

10421159 274901209346878 2934891530872325176 nЖиынды облыс әкімі А.Мырзахметов жүргізіп отырды. Негізгі баяндаманы жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Жолдаудағы негізгі міндеттерге тоқталып, бұл салаға жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін атап өтті. Агроөнеркәсіп кешені саласы алдында үлкен міндеттер тұрғандығын айтып, бірге жұмылып жұмыс жасауға шақырды.
Сондай-ақ, бұл күні Республикалық ақпараттық топтың мүшелері Жаңаталап елдімекенінде орналасқан Т. Тәжібаев атындағы №81 орта мектебінің мәжіліс залында «Шымкент құс» ЖШС-нің қызметкерлерімен және қала тұрғындарымен кездесті. Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында өткен жиынды Абай ауданының әкімі Ахмет Татыбаев жүргізіп отырды. Басқосу барысында Елбасының Жолдауы мен алдағы тұрған міндеттер бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры Марат Шоранов баяндама жасады.
– Елімізде жаңа экономикалық саясатты іске асыруға қажетті жағдайлар жасалды. Президентіміз: «Енді білек сыбанып, іске кірісу керек», – деп атап көрсетті. Қазір бәріміздің беріктігіміз, салмақты шешім қабылдау қабілетіміз сыналатын кез. Демек, бәріміз Мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешуге өзіміздің барлық күш-жігерімізді, біліміміз бен тәжірибемізді жұмсауға тиіспіз, – деді М. Шоранов.
10492365 274900966013569 3730801301872406205 nСондай-ақ, жиында ҚР Ұлттық Экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры Н. Байбазаров пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмурадов Елбасы Жолдауын қолдайтындықтарын айтып, жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды бірлесе орындауға шақырды.
– Оңтүстік жұрты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларын әрдайым қуанышпен қабылдап, әрі олардан қуат алып, қолдау білдіруде. Облыс халқы маңызды құжатта айқындалған ел алдындағы міндеттерді орындауда әрқашан абырой биігінен көрініп келеді. Елбасы кезекті Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында 2017 жылға дейін Ұлттық қордан жыл сайын 3 млрд. доллар бөлінетінін айтты. Бұл қаражаттың бәрі халықтың әлеуетін арттыруға бағытталып отыр. Енді халқымыз ынтымақ-бірлігінен ажырамай, әркім өз саласында адалдық танытып, еңбегін еселей түссе, Елбасы Жолдауына үлкен серпін берген болар еді, – деді Р. Халмурадов.
Жиында Жаңаталап елдімекені Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоғанас Жақыпов, зейнеткер Қолдас Әкімқұлов Жолдау бойынша өз пікірлерін білдіріп, ынтымақ пен бірліктің арқасында мол жетістіктерге жетеміз деген тілектерін жеткізді.

 

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.

Другие материалы в этой категории: « Елбасы ашқан нысандар Ғасырлар күресiнiң жемiсi »