Прокурор тағайындалды

Среда, 03 Февраль 2016 06:21 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 6063 раз

sultan omarovШымкент қаласы Абай ауданының жаңа прокуроры болып Сұлтан Шатемірұлы Орманов тағайындалды.

С. Орманов 1966 жылы туған. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1994 жылдың қараша айында Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокурорының көмекшісі қызметінде стажердан бастаған. Осы прокурордың көмекшісі, облыс прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, бөлім аға прокуроры, басқарма аға прокуроры, Түркістан қаласы прокурорының орынбасары, облыс прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры, Шымкент қаласы прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы прокурорының орынбасары, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары, Арыс ауданының прокуроры, облыс прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, облыс прокурорының аға көмекшісі, облыс прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, облыс прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасы бастығының орынбасары, Сайрам ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.