ОҚО-да құрылыс саласы оңтайланбақ

Среда, 03 Февраль 2016 06:24 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4136 раз

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды хабарлады. ҚР Президентінің «Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» 5 институционалды реформасының атқарылу барысы аясында өткен жиында «100 нақты қадамның» 46, 47, 48, 49-шы қадамдарында айтылған құрылыс саласына қатысты тапсырмалардың орындалу жайы сөз болды.

darkhan«Жаңа жылдан бастап құрылыс саласына бірқатар жаңалықтарды енгізіп отырмыз. Мысалы, 100 нақты қадамның 46-қадамы бойынша құрылыстар үш сатыға бөлініп отыр. Яғни, құрылысқа рұқсат алуды оңтайландыру үшін жасалып жатқан жұмыстардың бірінші сатысы бойынша арыздар 30 күннің ішінде қаралып бітуі тиіс. Екінші саты бойынша эскиздік жобаға келісу жұмыстары 20 күнде орындалса, құрылысқа келісім беру жұмыстары 10 күннен аспай жүзеге асуы тиіс», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Д.Сатыбалдының айтуынша, «100 нақты қадамның» 47-қадамында айтылған мемлекеттік сараптамадан біртіндеп бас тарту жұмыстары аясында бұдан былай, бірінші және екінші күрделі деңгейдегі жобалар ғана мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, қалғандары жекеменшік сараптамадан өтпек. Айта кетейік, облыста 1 мемлекеттік, 13 жекеменшік сараптама мекемесі бар. Ал 48-қадамның (құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу) шарты бойынша құрылыс заттарының бағасы бұрынғыдай ескі бағамен емес, тоқсан сайын нарықтық құнмен есептелмек. 49-қадам аясында құрылыс нормалары мен ережелері халықаралық талаптарға сәйкес, бір сатыға жоғарылайтын болады.
Сондай-ақ, брифингте жаңа жылдан бастап құрылған жергілікті полиция қызметінің облыстағы атқарылу барысы мен құрылыс саласында өткен 2015 жылы атқарылған жұмыстар мен 2016 жылғы жоспарлар баяндалды. Мәселен, өткен жылы облыста білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы, спорт, мемлекеттік органдар ғимараты, тұрғын үй және инфрақұрылым жүйелерін дамыту және тағы басқа салаларда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нысандар пайдалануға берілген. Нақтырақ айтсақ, білім беруде 66, денсаулық сақтауда 24, спортта 8, мемлекеттік органдарда 16, мәдениетте 5 нысан ашылып, 79 тұрғын үйдің (4541 пәтер) кілттері қожайындарына тапсырылыпты.
Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Атап айтқанда, жыл соңына дейін 82 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.