Жаңа қызметке келді

Среда, 03 Февраль 2016 06:13 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 7057 раз

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары А. Мырзахметовтың бұйрығымен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымына қабылданды.

DSC 0006Е. Дауылбаев 1978 жылы туған. Білімі жоғары. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бас кедендік басқармасында инспектор болып бастаған. 2002-2009 жылдары ОҚО бойынша Бас кедендік басқармасында аға инспектор, бас маман, бөлім бастығы, контрабандаға қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары, 2010-2014 жылдары ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында бөлім басшысы, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басқарма бастығы, ОҚО құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2014 жылдың қарашасынан «АгроНК» ЖШС-ында директордың орынбасары лауазымында болған.

«Нұр Отан» партиясы
ОҚОФ баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.