Ұлттық Банк басшысы теңгеге қол қоймайды Избранное

Пятница, 05 Февраль 2016 05:19 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5310 раз

Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеде енді Ұлттық банк төрағасының қолы болмайды. Мемлекет басшысы осы жөнінде тиісті өзгеріс енгізді. Ресми құжат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланды.

12596938 760168737446395 295264678 o«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес қаулы етемін: «Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 384-құжат; 2008 ж., № 31, 309-құжат; 2014 ж., № 3, 16-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасында:
13-1-тармақ алып тасталсын», делінген жарлық мәтінінде.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы «Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығына өзгеріс енгізген болатын. 2016 жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан Президентінің Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.