Атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді Избранное

Среда, 15 Июнь 2016 04:30 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5588 раз

 Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті үшінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен аудан әкімдері қатысты.

Хайрулла Сәрсенов төрағалық еткен сессияның күн тәртібінде 17 мәселе қаралды. Оның негізгісі – Шымкент қаласының 2015 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебі.

Өткен жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы есебі жайында алдымен қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова баяндама жасады. Мемлекет қаржысының қай мақсатта жұмсалғаны бұған дейін тұрақты комиссияларда қаралған болатын. Сондай-ақ, бөлім басшылары мен төрт аудан әкімдігінің атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. 

– Қаламыз көркейіп, даму үстінде. Шымкентті үшінші мегаполиске айналдыру Елбасының назарында тұрғанын білесіздер. Таяуда осы мақсатты іске асыруда «Shymkent-City» тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Жалпы, билік тарапынан қаламыздың әрбір тұрғынына қолайлы жағдай жасалуы тиіс, – деді қала әкімі.
Айта кетейік, бұл қалалық мәслихаттың жаз маусымындағы соңғы сессиясы. Өйткені, халық қалаулылары кезекті демалысқа шығады. Қала әкімі оларға сәттілік тілеп, күзде жаңа күшпен, жаңа идеямен келетіндеріне сенім білдірді.

Т. Қасым

Последнее изменение Среда, 15 Июнь 2016 07:03
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.