ҚАЛАДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛАДЫ

Среда, 01 Февраль 2017 04:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4917 раз

Шымкент қалалық мәслихатының VI шақырылымдағы кезектен тыс оныншы сессиясы өтіп, онда Шымкент қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті нақтыланды. Сессия жұмысына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Сессияда қаралған алғашқы мәселе – 2017-2019 жылдарға арналған бюджетті нақтылау жайында қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова баяндама жасады.

– Шымкент қаласының бюджет жобасы бойынша 2017 жылға республикалық бюджеттен 11 млрд 219 млн теңге бөлініп отыр, – деді әкім орынбасары.
Г. Мамытқызының баяндамасына сүйенсек, қаражаттың басым бөлігі құрылыс саласына жұмсалмақ. Құрылыс жұмыстары келесі жылдарға өтпелі болғандықтан аталған қаражаттың 3 млрд теңгеден астамы 2018-2019 жылдарға да беріледі.

Сессия отырысында қалалық мәслихат депутаты Н.Бұхарбаев қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі депутаттармен тығыз жұмыс жасау жайында ұсынысын білдірді. Ал жиында қаралған екінші мәселе қалалық мәслихат депутаты Ерлан Танкеев қызмет бабымен басқа қалаға көшуіне байланысты депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш білдіріп, қанағаттандыруға ұсыныс білдірген. Сессияда қаралған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Последнее изменение Среда, 01 Февраль 2017 05:36
Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.