×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Қаратау ауданында – жаңа әкім Избранное

Среда, 17 Август 2016 06:41 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5550 раз

Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясында ҚР Президент әкімшілігі мен облыс әкімі Б. Атамқұловтың келісімімен Қаратау ауданының әкімі болып Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов тағайындалды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, қалалық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясында жаңа аудан әкімінің кандидатурасы мақұлданды.
Сессияның күн тәртібінде Қаратау ауданы әкімін тағайындауды келісу туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баяндама жасады. Сессия жиынынан соң қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Қаратау ауданы әкімдігіне жаңа басшысы Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұловты таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Ғабит Патшаханұлы 1977 жылы 22 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында туылған.
Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Халықаралық құқық және нарық академиясы мамандығы бойынша жоғары білім алған. Алғаш еңбек жолын 2000 жылы Каспий экологиялық прокуратурасының маманы ретінде бастаған. 2010-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппараты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметін қамтамасыз ету департаменті азаматтық және әкімшілік жұмыстары бойынша бақылау сот алқасы хатшылығының меңгерушісі, 2016 жылы 4 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппараты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметін қамтамасыз ету департаменті азаматтық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының меңгерушісі болып еңбек еткен.

Последнее изменение Среда, 17 Август 2016 07:47
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.