Жүктелген мiндет зор

Вторник, 02 Декабрь 2014 02:42 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3259 раз

Жолдау – жолбасшымыз. Келешекті бүгіннен бағдарлау қажет. Елбасы Жолдауында айтылған тегеурінді міндеттер мен түйткілді мәселелелер бүгінде өзекті.

DSC00106Жолдауды насихаттау-түсіндіру  бойынша ауқымды шаралар өткізілуде. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігі қызметкерлері «Қалалық балалар мен жасөспірімдер» орталығында осындай талқылау жиынын ұйымдастырды. Оған қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов, қалалық мәслихат депутаттары,  қала бөлімдерінің басшылары, ардагерлер және мектеп оқушылары қатысты.
Маңызды құжат саналар Жолдау жөнінде айтылар ұсыныс та, пайым да көп. Жиын барысында М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың оқытушысы Сейдолла Айкөзов те тарихи сана жөнінде сөз қозғады. Келесі жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі-тарихи жәдігерлердің жаңғырар кезеңі. Осындай ұлы мұрат жолына қазірден бастап кіріскен жөн..
Қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов те Жолдау жүктеген міндеттерге тоқталып, маңыздылығын атап өтті.  «Елбасы өзінің Жолдауында тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеткенімізді айта келе, біздің кейінгі ұрпаққа аманаттайтын ең басты байлығымыз ел бірлігі болуы керектігін атап көрсетті. Қазақстан әлем назарында тұрған мемлекет. Мұндайда елдің бірлігі аса қажет», – деді Б. Нарымбетов.
Жиында сөз алған қалалық мәслихаттың депутаты Роза Пак, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Өмірәлиев ұрпақ тәрбиесі хақында айтқан пікірлері де көпшілікке ой салғаны анық.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.