«Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс».

ҚР Президенті  Н.Назарбаевтың
2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауынан

Ұстаз – ең қастерлі ұғымның бірі. «Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты» деген екен орыстың атақты педагогы В.А.Сухомлинский. Әрбір адамның өмір жолына сәуле шашқан сол мұғалімнің қоғамдағы беделі қандай?

Ия, бұл мәселе жайлы соңғы кезде аз айтылып жүрген жоқ. Елбасының Қазақстан халқына жасаған биылғы Жолдауында да мұғалім мәртебесіне ерекше назар аударылып отыр.
Нақты айтқанда Мемлекет басшысы 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырды. Шынында да соңғы жылдары педагог мәртебесін көтеру бағытында мемлекет деңгейінде көптеген жұмыстар атқарылды. Мұғалімдердің еңбекақысын көтеру, біліктілігін арттыру, тұрмыс жағдайын жақсартудың нақты іс-шаралары жүзеге асырылды. Яғни, педагог мәртебесі мәселесін шешудің экономикалық, басқару-ұйымдастырушылық, әлеуметтік тетіктері жасалынып, жүзеге асырылды. Дегенмен мәселе әлі де толық өз шешімін тапқан жоқ. Білім беру мазмұны, оқыту технологиялары халықаралық стандарттар деңгейіне көтерілгенімен, педагог мәртебесі мәселесінде мән беретін аспектілер аз емес.
Педагогтардың еңбекақысы өндіріс саласындағы мамандардан әлдеқайда төмен. Бұдан ондаған жыл бұрын мұғалімдердің материалдық тұрмыстық деңгейі тіпті төмен болды. Соған қарамастан олар өз мамандықтарына деген адалдық сезімін жоғалтқан емес.
Шынын айту керек, мұғалімнің жұмысы оңай емес. Педагог тұлғасына, оның еңбегіне қойылатын талап та күшейіп келеді.
Мұғалімдердің бос уақыты да көп бола бермейді. Жұмыстан тыс уақытта алдағы сабағына дайындалады, іс-қағаздарын, жоспарларын жасайды. Қала берді кейбір әкімшілік кедергілер, жөнсіз тексерулер, ата-аналардың мектеп тәрбиесіне жеткілікті қолдау көрсетпеуі – бәрі педагогтың жұмысқа деген ынта-жігеріне, еңбегінің нәтижесіне әсер етеді.
Енді «Педагог мәртебесі туралы» заң мұғалім мәртебесін көтеруде салмақты фактор боларына сенім мол. Бұл заң педагогтың қоғамдық мәртебесін заңды түрде қолдауды қамтамасыз етеді.
Дегенмен, салмақтың барлығын қоғамға артып қою да қисынсыз. Абыройының артуы негізінен мұғалімнің өзіне де байланысты екені дау тудыра қоймас. Аға буын үнемі айтып отыратын, «Алдынан бала кесіп өтпейтін» мұғалімдер» қазір де бар. Басқаны айтпағанда, өзіміз мектепте түрлі мұғалімнен дәріс алдық.
Балалар шулап отырса да алдыңғы қатардағы партаның оқушыларымен сабақ өте беретін оқытушылар да болды. Соңғы партадағы бала күбірлеп қалса, орнынан тұрғызып қойып, жәй сөзбен-ақ «жүгендеп» алатын мұғалімдер де сабақ берді. Немесе, тәртіп бұзған оқушыға ләм-мим деместен, журналға 2 қойып, жазалайтын апайлар да болатын. Яғни әр мұғалімнің тәрбие тәсілі әртүрлі.
Мұны айтып отырған себебіміз– кей мұғалімдердің өздері үлгі болудан қалып барады. Көпке топырақ шашуға болмас, бірақ, оқушысына қол көтеріп, жазаға тартылған мұғалімдер туралы естіп те, оқып та жүрміз. Тіпті, өз шәкіртін алып қашқан жігіт те болды. Ал жуырда ғана Денис Тенді өлтіргендерді жақтап, әлеуметтік желіге жазба салған шығысқазақстандық мұғалім 4 жылға шартты жазаға кесілді. Балаға тәрбие беретін жандардың өзі осылай шалыс басып жатса, үлгіні қайдан іздейміз?
Бұл тұста мұғалімдерге ата-аналар көмекке келуі тиіс екені даусыз. Өкінішке қарай, кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтыны құпия емес. Күнкөріс қамымен көбінесе сыртта жүріп, баласының тәрбиесін босаңсытып алғандар қаншама. Міне, осы тұста «Мұғалім – ата-ана», «Мұғалім – қоғам» байланыстары дамымай, тәрбиенің тізгінін берік ету қиын. Ендеше, ұрпақ тәрбиесі мен мұғалім мәртебесі секілді аса маңызды тұста көп болып, бірікпесек болмас. Себебі, ұрпақ болашағы – ұлттың болашағы.

Арман СӘДУӘЛІ

Достың досы досыбай

Пятница, 26 Октябрь 2018 05:06

Егерде маған біреу «азды-көпті ғұмырындағы жастық кезіңнен немесе орта жолдан қосылған достарың мен көз таныстарыңның ішінен адамдығы мен адалдығы, басқа пенделік қасиеттерінен шүйдесі асып, өркештеніп тұрар біреуін аташы» десе мен оны атар едім.

55555

Ол деп отырғаным – Отырардың Оғланы, Төлебидің Төресі, Созақтың Саңлағы, Түркістан облысының мақтан етер азаматтарының бірі, кезінде жастардың жалынды жетекшісі болған Досыбай Айтбайұлы Шерімқұлов. Досыбайды Қызылқұм аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған кезден білемін. Себебі, дәл соның алдында ғана мен «Темір» совхозы комсомолдарының жетекшісі болып сайланған едім. Ол аудандағы ең ірі шаруашылықтың бірі «Қожатоғай» совхозы көп ұлтты жастар жетекшісі әрі совхоз экономисі ретінде өз тәжірибесіне сүйеніп, ауданның комсомол жастарының ауыл өміріндегі өзіндік орнын анықтау мақсатында кеңінен талдау жүргізу арқылы уақыт талабына сәйкес, мал және егін шаруашылығындағы жастардың үлес салмағын арттыруға, нақты айтқанда комсомол-жастар бригадалары мен звеноларының санын әрі сапасын жақсартуды мақсат етті.
Аудандық партия комитетінің бюро мүшесі ретінде аудан басшылығы мен совхоздар басшылары алдында сөзі өтімді болып, адами сыйластықпен жастарға қатысты мәселелер оң шешімін тауып, олардың өндірістік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға байланысты қызу жұмыс жүргізілді. Сайып келгенде, бұл жастардың аудан өміріндегі лайықты орындарын табу арқылы, олардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыра түсті. Қызылқұмдық жастардың облыс көлемінде, алдыңғы қатардан орын алуға септігін тигізді.
Ұмытылмайтын бір сәт Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты жас ақын Мұхтар Шахановты біздің совхоздың жүгері өндіретін ең ірі бөлімшесі жастарымен кездесу ұйымдастырып, ақынның шабытты өлеңдері оқылып, жүгері өсірушілер мен жас механизаторлардың еңсесі көтеріліп, Мұхтар Шаханов «Темір» совхозының жастарына темірдей төзім, әл-Фарабидің даңқындай даңқ тілеймін деген ізгі тілекпен қол таңбасы қойылған кітапты бізге сыйға тартты. Досекең аудан бойынша біздің жастарды таңдап, дауылпаз ақынды ертіп келгеніне риза болдық. Жалпы, ауданның комсомол белсенділері Шерімқұловтың қызметіне қызыға да, жақсы жағынан айтқанда қызғана да қарайтынбыз. Обком комсомол, облыстық партия комитеті, Ленгір ауданындағы партия, совет қызметтерін өте жақсы атқарып облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімін басқарған кезде облыстағы аудандардың экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз үлесін қосты. Жоғарыда атап өткендей, біз Шерімқұловтың өсу баспалдақтарын жіті қадағалап отырдық. Бетегеден биік, жусаннан аласа мінезді жігіттердің қатарынан болатын.
Досыбай Шерімқұлов Созақта бірінші басшы болған жылдары Күнгейден бірде-бір кадр алған жоқ. Созақ аудандық партия комитеті аппаратында қызмет атқарған бір жігіт, тек қана жергілікті азаматтарды жұмысқа тартатын деп айтады. Досекеңнің қарамағында істейтін жігіттің айтқан сөзінің жаны бар екен, олай дейтінім, біздің ауылдас бір жігіт мәдениет институтын бітіріп, жолдама бойынша Созақ ауданы мәдениет бөліміне инспектор болып орналасқан еді. Бұрынғы басшы бар, кейінгісі Досекең бар, көп уақыт бір орында отырып қалды. Қазір ол азаматпен бір жиындарда бас қосып қалсақ, сұрақ астына ала берген соң Сәке мен шынымды айтайын, Досыбайдың тұсында мәдениет бөлімінің бастығының орны босап, енді менің кезегім келді деп үміт етіп едім арнайы мамандығы болмаса да басқа кадрға таңдау жасалды, мен ренжіп орготделға барып едім,Тұрлыбек сен түсін, ол кісі «сырттан» кадр алмайды деген соң аузыма құм кұйылды. Мен онан әрі қыса түсіп, ақырында бастық болдың ғой деп күлмесім бар ма, сондағы оның ағынан жарылып айтқаны мынау болды. Өзіңіз білесіз, күллі Шығыс жастарының жалынды басшысы болған Ғани Мұратбаевтан соң, Қазақстан комсомолында өзіндік орны бар Өзбекәлі Жәнібековтың іні-досы болған, кезінде республикада тұңғыш құрылған комсомол-жастар бригадасының негізін қалаған атақты шопан, болат балқытушы, тұңғыш Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевпен аты қатар аталып жүрген Айтбек Мұсаев ағаны араға салып бастық бастық болдым дейді. Досыбайдың комсомол десе жүрегінің «әлсіздігін» пайдаланған екенсің деп мен де, дастарқан басындағы басқа кісілер де риясыз күліп алдық...
Бірде «Темір» совхозы директорының көлік жүргізушісі жігіт, партком хатшысы, яғни менің кабинетіме кіріп, амандық-саулық сұрасып, Сәке, айтпайын десем іш жарылып барады, маған ешкімге айтпа деп еді өзіңізде мені білесіз, мен ондайдан аулақпын деп салды да. Сізді Шерімқұлов қатты сыйлайды екен демесі бар ма? Созаққа барып қайттық деп алып барған төрт кісіні атады, Досекең есікті жаппай қайта-қайта сіздің атыңызды айтып сұрап жатты дегені, сөйтіп жігіттер менен «ұрланып» Досыбайды Жоғарғы Кеңес депутаты болып сайлануымен құттықтап барған көрінеді. Пендеміз ғой, іштей жігіттерге ренжіп қалдым, ал Досыбайға солардың арасынан мені іздегеніне шексіз риза болғандығымды күні бүгінге дейін естен шығара алмаймын. Досекең Отырардың комсомолдарымен және сол кездегі замандастарымен қол үзген емес, ел жаққа құлақ түріп жүреді. Оның бір дәлелі бір совхоздың комсоргі жолығып қалса, қалғанын түгелдеп сұрап жүргені, олар қайда, не істейді, отбастары аман ба дегендей, кәдімгі бауырмалдық мінезін өзгерткен емес. Кейбір замандастарымыз таққа отырса, әйел, бала- шағаларымен отырғандай болып қалады, өмір болған соң, көре береді екенсің. Досыбай ондай емес өзгермейді, мен кешегі аудан басшысымын демейді, дастарқандас болып немесе басқа бір жағдайда жолыға қалсақ, оны баяғы өзіміздің Досыбай ғой дегеннен артық пікірге бара алмайсың, себебі хабарсыз кетсең, өзі іздеп тауып алады, аман-саулықты біліп тынбай көңілі көншімейді. Еріксіз мен бүгін ұзақ шұрқырасып сөйлескен адамым кім, сонау Сарыарқаға құлаш ұрған Созақ ауданын аузына қаратқан бірінші басшы ма, әлде қарапайым елім, жерім деп жүрген қазақ азаматы ма деген сұрақ келеді. Соңынан, ой түбіне барып..., жоқ ол кәдімгі сыр мінез, туа бітті әкеден көрген тәлімі бар, жаны жайсаң, өз ортасында қадірін жоғалтпаған, жолдастары да, кейінгі толқын інілері де, әсіресе, үлкен ағалары ерекше ілтипатпен қарайтын кесек мүсінді, еңсегей бойлы, бойына ойы сай азаматтығына тояттайсың. Мұндай жігіттер, құдайдың берген бағын бағалай білетін, оны әл-қадірінше адал қызметі мен елге қайтара білетіндігіне риза боласың.
Бақ демекші, кезінде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.Шерімқұловқа тосын ұсыныс жасап, телефон шалған. Гурьев облысына хатшы болып барасың ба? Ойлан, асықпа, бір күннен кейін жауабын бересің депті. «Дәм-тұз тартпаған шығар» белгіленген күні ЦК-ға хабарласып, рахметін айтып, ұсыныстан түрлі себептерді айтып бас тартқан оны біреу білер, біреу білмес...
Мен біраз уақыт бұрын теледидар арқылы ТШО, яғни аса ірі америкалық «Тенгиз-Шевройл» компаниясының 25 жылдығына арналған Атыраудағы салтанатты жиында Елбасымыздың сөзін естігенде және сол кездегі облыс басқарған бір кісінің сұхбатын көргенде, Досыбайды білмеймін, ал мені өкініш өрті шарпып өтті. Ойлап қалдым..., мына жерде... Ия,сол бір ауыр кезеңдерде мен облысты басқарып алғашқы қиыншылықтарды бастан өткергенмін деген тұрғыда жерлесіміз Шерімқұловтың сұхбатын елестетіп қойдым. Сол ойым тереңдей түсіп, қазақтың біртуар азаматы Нұртас Оңдасыновтың Атырау өңірінде басшы болғанда елге белгілі қазақтың бір шоғыр азаматтарын өсіргені еске түсті. Яғни, бүгінгі таңда даңқты жерлесіміз кезінде ұзақ жылдар бойы республика үкіметін басқарған Нұртас Оңдасыновтан кейін Атырауға басшылық ізін салған, екінші бір жерлесіміз Досыбай Шерімқұлов деген ой жетегінде кетіп қалыппын... Қорыта айтқанда, Досеке! Ешқашан өтірік айтқаныңыз жоқ, өтірік күлгеніңіз жоқ. Ақ сөйлеп, анық басып келесіз. Димекең Қонаев ағамыз айтқандай «Аспай-саспай, жаман жерді баспай» келесіз. Еліңізден ештеңені жасырғаныңыз жоқ, ешкімнің сөзін басыңыздан асырғаныңыз жоқ. Құдай қосқан жарыңыз, Отырардың ару қызы Шолпанмен бірге ұл-қыздар мен немерелердің қызығын көріп жүре беріңіз.

С.МҰҚАНОВ,
1974-1976 жылдарда «Темір» совхозы
комсомол ұйымының хатшысы.
Отырар ауданы,
Шәмші Қалдаяқов
ауылы.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Среда, 24 Октябрь 2018 10:43

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстаннның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

   Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «...жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу».

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:

      1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

   5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарын жою жөніндегі қызметі.

Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде.Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек.Ол үшін аталған дертке атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет.      

                                                                          

Еңбекші ауданы бойынша

                                                       Мемлекеттік кірістер

басқармасының

                                                                         бас маманы

П.Аимбетова

Салық төлеушілер назарына!

Среда, 24 Октябрь 2018 10:33

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы "Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы"№ 206 бұйрығына енгізілген толықтыруларға сәйкес, төмендегі көрсетілген қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолданып қызметін жүзеге асырулары тиіс.

    

 

1.

Ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату

2.

Металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сату

3.

Компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды бөлшек саудада сату

4.

Аудио және бейне техниканы бөлшек саудада сату

5.

Тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату

6.

Жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек- жарақтарды бөлшек саудада сату

7.

Қонақ үйлердің көрсетілетін қызметтерді ұсынуы

8.

Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер

9.

Кино фильмдер көрсету жөніндегі қызмет

10.

Шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы

11.

Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату

12.

Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу

13.

Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату

14.

Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал- саймандарды бөлшек саудада сату

15.

Сусындарды көтерме саудада сату

16.

Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату

17.

Тоқыма бұйымдарын сату

18.

Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату

19.

Киімдерді сату

20.

Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату

21.

Сағат және зергерлік әшекейлерді сату

22.

Ломбард қызметі

23.

Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі

24.

Сыйақы үшін немесе келісім шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару

25.

Жарнама агенттіктерінің қызметі

26.

Құмар ойындар және бәстігуді ұйымдастыру қызметі

27.

Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі

     

Ескерту: Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілер деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.

Еңбекші ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер

басқармасының

бас маманы

А.Жумашова

Бірінші. 2018 жылдың 05 қаңтарында Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру.

Бұл Жолдаудың негізгі мазмұны қазіргі жахандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшінтиімді дамудың жаңа сапасы қажет.

Сапа – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін өзі жетілдіру- оның басты қағидаты болуы тиіс.

Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қарастыруға тиіс.

Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижиелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріленеді.

Еңбекақы төлеудің жаңа моделіне көшу үшін мемлекеттік органдардың басшыларына «бюджеттік - кадрлық маневрді» жүзеге асыруға құқық бердім.

Олар үнемделген қаражатты қызметшілердің жалақысын арттыруға бағыттау мүмкіндігін алды.

Үздік шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар немесе әлемнің жетекші университтерінде білім алған жеке сектордағы кәсіби мамандарды тарту маңызды.

Мелекеттік қызметке қызығушылық артты, Әсіресе өңірлік деңгейде оның өзектілігі жоғары.

Тиімсіз шығындарды оңтайландыру және басшылық құрамын қысқарту есебінен төмендегі және орта бундығы қызметкерлердің жалақысы 2-2,5 есе өсті.

Ең бастысы – олар мұны тек жалақыны көбейту ғана емес, бәрінен бұрын, жұмыстарының тиімділігін арттыру деп түсінуі керек.

Енді, Президент Жолдауында аталған тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары жүзеге асыруы қажет. Оған қоса мемлекет барлық саланы қадағалап, оған бөлінгенқаражаттың нәтижесін сұрап , есебін алып отыруы тиіс. Тек, сонда ғана өркениетті елдер сияқты мемлекеттің ілгерілеп дамуы болады.

 

Еңбекші ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

Абдикаримова М.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабы, 10-тармағына сәйкес, жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейінгі жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді.

Осы талаптарды сақтамау жер учаскесін өз бетінше иелену деп бағаланады және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылы 3 қаңтарда бекіткен «Шымкент қаласы аумағында белгіленген жерлерден тыс орындардағы сауданы жою жұмыстарының 2018 жылға арналған іс-шара жоспарына» сәйкес, төменде көрсетілген заңсыз орнатылған сондай-ақ, нысаналы мақсатына сай келмейтін нысандардың иелері өздері алуларын сұраймыз.
Аталған талаптар 01.11.2018 жылға дейін орындалмаған жағдайда өкілетті органдар нысандарды мәжбүрлеп алу бойынша шара қолданып, ал нысан иелері белгіленген заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатыны туралы хабардар етеміз.

Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан дүңгіршектер

№ Атауы, Мекенжайы, Заңдылығы
1 Doner дүңгіршек Байтұрсынов көшесі, №23 үйдің арты Заңсыз
2 Балмұздақ дүңгіршек Байтұрсынов көшесі, «Қарлығаш» дүкенінің алды Заңсыз
3 Фаст фуд дүңгіршек Байтұрсынов көшесі, №70/4 Заңсыз
4 Али баба дүңгіршек Б.Момышұлы көшесі, «Аққу» С/Ү алды Заңсыз
5 Дүңгіршек Тәуке хан даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысы Заңсыз
6 Томпақ шөжек дүкені І.Есенберлин көшесі Заңсыз
7 Дүңгіршек Дулати көшесі, «ЦАХ» аялдамасының жаны Заңсыз
8 Гриль-Чикен дүңгіршек Қабанбай батыр көшесі, №13 үйдің арты Заңсыз
9 Дүңгіршектер Төлеби көшесі, Әскери комисариат аялдамасының жаны Заңсыз
10 «Босаға» кафесінің алды Арғынбеков көшесі Заңсыз
11 Дүңгіршек Төле би көшесі, Дәм асханасының жаны Заңсыз
12 «Ауыз ти» дүңгіршегі Байтұрсынов көшесі, №47мектептің жаны Заңсыз
13 «Минутка» дүңгіршегі Қазыбек би көшесі, №8 мектеп алды Заңсыз
14 Аяқ киім тігу дүңгіршек Ж.Шәймерденов көшесі Заңсыз
15 Дүңгіршек Р.Тұрысов көшесі, №11 мектептің алды Заңсыз
16 Дүңгіршек Адырбеков көшесі, «Қазына» С/Ү алды Заңсыз
17 Дүңгіршек Жангельдин көшесі, «Лакомка» аялдамасынын жаны Заңсыз
18 Караван Жангелдин көшесі, «Зерде» дәріханасының жаны Заңсыз
19 Киіз үй Қалдаяқов көшесі, Әл-фараби ХҚК орталығына қарама-қарсы Заңсыз
20 Дүңгіршек Отырар, №50 үйдің жаны Заңсыз
21 Дүңгіршек Төле би көшесі, «Сарыарқа» қонақ үйінің алды Заңсыз
22 Атаман дүкені Республика даңғылы, №41 Заңсыз
23 Дүңгіршек Республика даңғылы, №43а үйінің жаны Заңсыз
24 Дүңгіршек Республика даңғылы, «Турист» қонақ үйінің алды Заңсыз
25 Дүңгіршек Жылқышиев, №47, «Әсел» дүкенінің жаны Заңсыз
26 PROCOFFEE Түркістан көшесі, 3/3 Заңсыз
27 PROCOFFEE Тәуке хан даңғылы, 12/12 Заңсыз
28 Дүңгіршек Бейбітшілік көшесі, №8 үйдің жаны Заңсыз
29 Дүңгіршек Тәуке хан даңғылы, №11 Заңсыз
30 Ауыз-ти Дүңгіршек Әл-Фараби алаңы Заңсыз
31 Киіз үй Байтұрсынов көшесі, Онкология емханасына қарама-қарсы Заңсыз
32 Киіз үй Байтұрсынов көшесі, «Спорт» аялдамасынын жаны Заңсыз

Фронт-офис ашылды

Среда, 24 Октябрь 2018 04:09

«Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының аясында Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық сотында салтанатты түрде фронт-офис ашылды.

Фронт-офис 7

Іс-шараға ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин, Шымкент қалалық сотының жаңадан тағайфндалған төрағасы Е.Рахымбеков, қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Жангазин, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Парменов, қалалық соттар әкімшісінің міндетін атқарушы Н.Байтілесов қатысты.
Аумағы 140 ш.м. кеңсе халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары бойынша атқару техникасымен жабдықталған. Мұнда медиаторлар, адвокаттар мен іс тараптарының материалдармен танысуына арналған жеке үш жеке кабинет жасақталған. Офистің көп бөлігін ашық кеңістік құрайды. Бұлайша рәсімдеу сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету мақсатын көздейді дейді аудандық соттың өкілдері.
А.Рахметулин фронт-офистегі ақпараттық орталық, кіріс хат-хабарлар және өзіндік қызмет көрсету аймақтарынан тұратын үш негізгі бөліктің жұмысымен танысты.
Сотқа келген азамат ішкі кеңсе аймағында сотқа қажетті құжаттарын тапсыра алады, сонымен қатар сот мәжілісінің хатшысымен азаматтарға арналған телефон арқылы байланыса алады. Ресепшн қызметкерлері әр келушіні жайдары жүзбен қарсы алып, олардың келу мақсатын мұқият тыңдайды. Олар медиаторға немесе адвокатқа жүгіну мүмкіндігі туралы да кеңес береді.
Бұған қоса фронт-офисте Шымкент қалалық соты мен адвокаттар алқасының арасында жасалған меморандум шеңберінде адвокат тұрақты түрде жұмыс істейді. Тараптарды іс материалдарымен таныстыруды көздейтін ақпараттық кабинеттің жасақталуы да жаңашылдық болып табылады. Онда тараптарды соттағы істерінің қаралу барысы туралы ақпаратпен таныстыратын соттың арнайы қызметкері кезекшілік етеді.
Жиын соңында А.Рахметулин Еңбекші аудандық сотының ұжымымен кездесіп, ағымдағы мәселелерді талқылады. Төраға судьялар мен сот қызметкерлеріне кәсіби дағдыларын ұдайы арттыруға және дау-жанжалдарды әділ шешуге тілектестік білдірді.

Судьялар Жолдауға үн қосып...

Среда, 24 Октябрь 2018 04:05

Халықтың сотқа деген сенімін арттыру, сотқа заманауи техникалар енгізу арқылы уақыт үнемдеу, мықты заңгерлерді судьялық қызметке тарту.

DSC 9383

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында сот жүйесін дамыту бойынша осындай нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Елбасының осы тапсырмаларын іске асыру жолдарын талқылау мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева шымкенттік судьялармен кездесті.
– Елімізде сот жүйесінде көптеген реформалар жүзеге асып келеді. Елімізде дау-дамайды сотқа жеткізбей шешуде Медиация туралы заң қабылданды. Кездесу барысында алда сот жүйесінің жұмысын жандандыруда қандай мәселелерге назар аудару қажеттігінде пікірлеріңізді тыңдағым келеді. Себебі қазір Парламентте біршама заңдарға өзгеріс енгізілу қарастырылуда және келесі жылдың бюджеті нақталынып жатқандықтан, айтар ұсыныстарыңыз маңызды, - деді Балайым Кесебаева.
Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков шаһардағы сот саласында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Ал кездесуде сөз алған қалалық соттың азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының төрағасы М.Пәрменов пен Е.Жанғазин сотта енгізілген технологиялардың тиімділігіне тоқталса, қалалық соттың судьясы Н.Биболов бітімгершілік істің орындалуына тоқталып, шалғайдағы елдімекендерге медиаторларды көптеп тарту қажеттігін қозғады. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов кездесуде айтылған ұсыныстардың ескерілетінін жеткізді.

Страница 7 из 269