Киiз басу өнерi неге жоғалып барады?

Пятница, 20 Март 2015 08:07 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 6173 раз

Бала кезімде «пәлен үйде киіз басып жатыр» десе, қуана сонда жүгіретін едік. Ауыл баласы үшін киіз басу кішігірім той іспетті. Кәдімгі асар әдісімен ауылдың қыз-келіншектері, апа-әжелері мен ер азаматтары да белсене кірісетін. Ерлер жағы су қайнатса, келіндер үлкен қазанға ас әзірлейтін, ал, апа-әжелер шын көңілдерімен өлең айтып, өздерінің жақсы көңіл-күйлерін көрсетіп, киіздің ою-өрнегін салатын. Шындығында, киіз басу –ауыл тұрғындарын ынтымақ пен бірлікке шақырғандай. Мұндайда барлығы да бір үйдің баласындай қызмет етуші еді. Ал, қазір...

1510434 1586655044916186 8243876068945512529 nҚазір киіз басу дәстүрі жоғалып барады. Қала халқы тұрмақ, бұған ауылдағылар да үрке қарайтын халге жетті. Шамамен, 90-шы жылдардың бел ортасында ұлттық өнердің бұл түрі ұмыт бола бастады. Текемет төселген үйді көрсек, тіксінетін болдық. Осыған қарап киіз басу өнері мүлдем жойылып кете ме деген күдік те жоқ емес. Жылына екі рет малдың жүнін қырыққан ауылдықтар оны қайда жіберерін білмей, өртей бастады. Бұрынғыдай жүнді тазалап, түтіп, ұршықпен жіп иіріп, киім тоқитын әжелер жоқтың қасы.
Облысымызда жүн өңдеп, тазалаумен айналысатын екі кәсіпорын бар. Олардың алғашқысы еркін экономикалық аймақта орналасқан – «Шымкент кашемир» және Шардара ауданындағы «Оңтүстік киіз» ЖШС-рі. Екеуі де шикізаттың жоқтығынан уақытша тоқтап тұр. «Оңтүстік киіз» ЖШС-нің директоры Төлбасы Батырханұлын әңгімеге тартып, өндіріс орнының не себепті тоқтап тұрғанын сұрадық.
– Екі жылдан бері жұмыс істемейді. Біз жеке кәсіпкерге жалға да бергенбіз. Олар да бұл шаруаны дөңгелете алмады. Енді өзіміз осы жұмысты жүргізсек деп отырмыз. Бірақ, ол үшін қаржы тапшы. Шикізатты ауыл тұрғындары мен шопандардан жинап алатынбыз. Жылына 25-30 тонна жүн қабылдаймыз. Одан киіз басамыз. Оны Алматы мен Шымкент қалаларына жібереміз. Бірақ, сұраныс көп деп айта алмаймын. Қазіргі уақытта киіз көп адамға керек болмай қалды ғой. Енді біз қара киізден гөрі ақ киіздің өтімділігі жақсы деп, жаңа идеямен іске кірісейік десек, тағы да қаржы тапшылығы қинайды. Оған станок, құрал-жабдықтар сатып алу қажет. Қазір ешкім текемет баспайтын болған. Сондықтан, қой қырықтықтан соң жиылған жүнді Ресейден келіп алып кететін еді. Қазір олар бағаны төмендетіп жіберген соң, оларға ешкім өткізбейтін болды. Қазір Ресейді Өзбекстан жүнмен қамтып жатыр. Жеке кәсіпкерлер үшін жүнді жуып-тазалау қымбатқа түседі. Еңбегін ақтамайды, – дейді Төлбасы Батырханұлы.
Киіз басу ғұрпы ұмыт бола бастағанымен, оған жаңаша леп беріп, заман ағымына сай етіп түрлі киімдер мен бұйымдар жасайтын шеберлер қатары артып отыр. Олардың жасаған бұйымдарына да сұраныс ерекше. Әсіресе, шетелдіктер үшін бұл қызықты дүние екен. Әлбетте, біз тек ата-бабамыздан қалған өнер туындысымен ғана шетелдіктерді таңқалдыра аламыз. Осындай жұмысты қолға алып, дамытып жүрген шебердің бірі шымкенттік Балқия Досанова.
– Осы жұмыспен айналысқаныма 17 жыл болыпты. Бала күнімнен киіз басудың қыр-сырын меңгерген өнерімді жаңа технология негізінде дамытсам деп ойландым. Киізді басудың түрлі әдістерін меңгеріп, семинарларда біраз нәрсе үйрендім. Алғашқы еңбегім «Ботакөз» деген атаумен балалар киімдерінің жиынтығын жасадым. Сосын, «Ғасырлар тереңінен» деп аталатын ұлттық ретро стильдегі киімдер дайындадым. Киізден шапан, бас киім, сумкалар, әшекей бұйымдар, білезіктер жасаймын. Киіз суық пен ыстық өткізбейді. Ол – креативті материал. Одан барлық заттарды жасауға болады. Киіз басудың өзіндік құпиялары аз емес. Оның бірнеше тәсілдері бар. Қазіргі уақытта мейлінше қол күшін азайту керек. Киіз басқанда сабын көпіршігін қолданған тиімді. Киізді шлифті машинамен тегістеп, артынан ағаш оқтаумен илеп шықса, біркелкі болады, – дейді шебер.
Балқия апай киіз басу өнерін инновациялық жаңа технология бойынша іске асырғысы келеді. Бұл идеяның пайда болғанына бірнеше жыл болды. Егер қаржы болса, осы мақсатта ғылыми-зерттеу шеберханасын ашқысы келеді.
Ата-бабамыз бар ғұмырын төрт түлік малға арнап, сонымен жанбақты. Терісінен шалбар, тон, кеудеше, ішік тіксе, жүнін иіріп, төсеніш, текемет, тұскиіз, сырмақ, бөстек, аяққап, кебеже, байпақ секілді дүниелерді жасап, қажетіне жарата білген қазақ халқының шеберлігіне таңғалмау мүмкін емес. Тоқырау заманында ұмыт бола жаздаған ата-бабамыздың қолөнер түріне енді-енді қан жүгіре бастады. Әйтеуір, қолда барды ұқсатып, игерудің жолын іздестіріп, насихаттап, өнері өрге жетелеген шеберлер артып келеді. 

 

Лебіз

Наурыз құтты болсын!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

20100309094019339Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Тамырын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтеді.
Әр жыл сайын сәулет-кескіні қалыптасып, жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан шаһарымыздың ажары мен айбыны да осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек. Ендеше, баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

Гүлнәр ҚҰРМАНБЕКОВА,
Шымкент қалалық мәслихатының
депутаты

Мерекелі жыл болсын

Құрметті жерлестер!

balimov b.sСіздерді –  Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Наурыз – береке мен бірліктің мерекесі. Әр жыл сайын жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан еліміздің абырой-айбыны осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек.  
Наурыз – тіршіліктің дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!   

Баходир САЛИМОВ,
Шымкент қалалық мәслихатының
депутаты

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.