Ұлы ерлiк 70 күн ұлықталады

Пятница, 27 Март 2015 06:01 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3268 раз

Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы «Жастар орталығы» КММ-нің қолдауымен «70 күн – 70 игі іс» атты шарасы басталды.

Мерекелік шара аясында білім ордаларында 70 күн бойы фотоплакаттар көрмесі, тәлімгерлік сағаттар, дөңгелек үстел өткізіледі. Сондай-ақ, арнайы сайыстар, патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылады.
Мерекелік шараның алғашқы күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерінің фотоплакаттар көрмесімен ашылды. Жастар орталығының белсенділері, профессор-оқытушылар және студент жастар ерлігімен ел есінде қалған майдангерлерді құттықтады.
Шара аясында “Ешкім ешқашан ұмытылмайды!” ұранымен Мәңгілік алау оты тұтанды. Игі шараға ардагерлер жылы лебізін білдіріп,  алғысын айтты.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.