Балаларға көмектесуге асығыңыз

Пятница, 07 Август 2015 05:42 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5214 раз

Облыста «Мектепке жол» акциясы басталды. Дәстүрге айналған шара биыл жетінші рет ұйымдастырылып отыр.  Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасыдан шыққан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылы қарсаңында киім-кешегі, оқу құралдары сияқты керек-жарағына жәрдем беру.

379804 1410961671 32Жеті жылдан бері ұйымдастырылатын акция аясында 2 миллионнан астам балаға көмек көрсетіліпті. Есепке шаққанда, бұл 10 миллиард теңгені құрайды. «Мектепке жол» акциясы көмек қолын созумен ғана шектелмейді. Мамандар түрлі себептермен мектеп табалдырығын аттай алмай қалатын балаларды анықтап, олардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын да жүргізеді. Өткен жылы дәл осы уақытта оқшаулауға алынған 270  оқушы болса, түнгі уақытта көше кезіп жүрген 1200-ге жуық жас-өспірімнің ата-анасы тәртіп сақшыларынан арнайы ескертпе алған. Ал, биылғы статистика тамыздың 1-і мен қыркүйектің 31-і аралығында өтетін акция барысында анықталып, жаңарады.
«Жалпы, облыста көмекке мұқтаж 30 мыңға жуық бала бар. Биыл бұл көрсеткіш біршама артуы мүмкін» дейді білім саласының мамандары. Бала-шағаны мектепке қамдауда қолы қысқа ата-аналар үшін облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасында арнайы сенім телефоны жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін жүргізіледі.  
8 (7252) 24-31-25.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.