×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Миллионер қала атануға мүмкіндік мол

Пятница, 16 Октябрь 2015 08:22 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5110 раз

Шымкент алдағы бірер жылда «миллионер» қала атанбақ. Бұл тұрғыда, Шымкент қаласы өзге шаһарлармен салыстырғанда халық ең тығыз қоныстанған орталық ретінде бағаланады әрі қаладағы демографиялық өсім де жоғары. Еліміздің әлеуметтік-демографиялық тарихында Шымкент қаласының орны ерекше.

DSC 0857Шымкент қаласында статистикалық мәлімет бойынша, қала халқының саны 878 мың адамды құрайды. Қалыптасқан өсім көрсеткіші осы қалпында сақталатын болса, жергілікті халық санын миллионға дейін жеткізу межесі 2019 жылдың үлесіне тимек.
Мамандар мұндағы демографиялық өсім өзге өңірлерге қарағанда әлдеқайда жоғары екенін айтады. Мұндай оң өзгерістің байқалуында – ішкі және сыртқы миграцияның үлесі де зор.
– Қаланың жыл сайынғы табиғи өсімі орташа есеппен 2,4 пайызды құрайды, – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков. – 2019 жылға қарай халық саны жағынан миллионды еңсереміз деген жоспарымыз бар. Әрине, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік әлеуетін жақсарту жайы басты назарда болмақ. Айта кетейік, қала халқының өсімі ішкі көші-қон есебінен де жылдан жылға ұлғая түскені байқалады. Тек, өткен жылы қала аумағынан тиісінше, 400-ден астам адам өзге қалаға қоныс аударса, 1 100-ден астам адам шымкенттік атанған.
Мамандардың айтуынша, халық санының ұлғаюына мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасының тигізген септігі мол. Атап айтқанда, 2013 жылы 2044 адам немесе 1029 отбасы оралман мәртебесін иеленген болса, өткен жылы 641 адам немесе 332 отбасы, ағымдағы жылы 178 адам немесе 64 отбасы оралман мәртебесін алып, тіркелген.