Тез дайындалатын тағамдарды қолданасыз ба?

Вторник, 24 Сентябрь 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 334 раз

Қазіргі кезде тез дайындалатын тағамдарды қолдану өркендеп кеткен. Тез дайындалатын тағамдар – бұл әр түрлі гамбургерлер, шаурма, сэндвичтер, пицца, чебурек, чипсы, қуырылған картоп, және т.б. Адамдар бұл тағамдардың зияны туралы білмей, біреулері күнде қолданса, кей біреулері аракідік болса да пайдаланатыны анық. Әсіресе жастар, студенттер арасында осы тағамдарды қолдану кең таралған.

Барлық фаст-фудтардың құрамында көп мөлшерде калория бар, өйткені майлы ет, майлар, майонез, трансгенді майлар қосылып дайындалады. Оған қоса, көптеген адамдар осындай тағамды құрамында қанты өте көп газдалған тәтті сусындармен бірге ішеді. Сонымен қатар, тез дайындалатын тағамдарда бұзылмау үшін көп мөлшерде консерванттар, тұз, өнімнің дәмін және иісін жақсарту мақсатында түрлі тағамдық, химиялық қоспалар қосылады. Бұл қоспалардың бәрі әртүрлі ауруларды тудыратыны дәлелденген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтеріне сәйкес, бүгінде кең таралған созылмалы жұқпалы емес аурулардың (қан айналымы жүйесінің аурулары, инфаркт, инсульт, қант диабеті, семіздік, қатерлі ісіктер, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы және т.б. аурулар) даму себептерінің бірі – осы дұрыс тамақтанбау, тез дайындалатын тағамдарды, фаст-фудттарды, тәтті газдалған, газдалмаған сусындарды қолдану, қант пен тұздың мөлшері жоғары болатын өнімдерді артық тұтыну, көкөністер мен жемістерді жеткіліксіз қолдануболып табылады. Мұндай тамақтанудан, әсіресе, балалар қатты зардап шегеді.

2014-2017 жылдары Қазақ тамақтану академиясының өткізген ұлттық зерттеулерінің мәліметтері бойынша 5-9 жастағы қазақстандық балалардың 17,6%-ы және 10-14 жастағы балалардың 15,0%-ында артық дене салмағы және семіздік анықталған.

Сондықтан, фаст-фуд тағамдары адам денсаулығы үшін өте зиян екенін түсініп, организмнің зат алмасуының бұзылмауын, түрлі ауруларға шалдықпауын осы бастан қолға алу қажеттігін ұғынып, үйде дайындалған тағамдарды қолданып, балаларыңызды да осыған үйреткен жөн.

Егер балаңызды кішкентайынан дәмді, денсаулыққа пайдалы тағамдар дайындалған үстел басында бүкіл отбасымен жиналып тамақтану дәстүріне үйретсеңіз, бұл жас балада дұрыс тағами талғам қалыптасатыны сөзсіз.

Қазіргі уақытта сау болу сәнді! Сау және сәнді болу үшін дұрыс тамақтаныңыз, спортпен айналысыңыз, салауатты емес мінез-құлықтан (темекі тарту, алкоголдік ішімдік) аулақ болыңыз!  

 

Шымкент қаласының

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

департаменті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.