Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесу барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстардың
ЖАУАПТАРЫ

1.Б.Әлімбеков – «Қойкелді батыр» көшесінің төрағасы:
Сұрақ: Қапал батыр көшесінде жаңадан ашылған халыққа қызмет көрсету орталығының тұсына жылдамдықты тежегіш белгісін қоюды сұраймыз.
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сәйкес:
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Шымкент ҚІІБ мамандары бірлесе Қапал батыр көшесіне («Фиркан» СҮ-нің аумағы) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қапал батыр көшесіне («Фиркан» СҮ-нің аумағы) 3.24 (40) «Ең жоғарғы жылдамдықты шектеу» жол белгісін орнату жоспарлануда.

2. Г. Жамалова – №104 орта мектеп директоры:
Сұрақ: «Базарқақпа» тұрғын алабында орналасқан №104 мектепке асхана, кітапхана, шеберхана және спорт зал салып берсеңіздер.
Жауап: Шымкент қаласының құрылыс бөлімінің мәліметіне сәйкес:
«Базарқақпа» тұрғын алабында орналасқан №104 мектепке асхана, кітапхана, шеберхана және спорт зал құрылысын жүргізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, 2017 жылғы наурыз айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланған.

3. Е.Дәрменов – «ОҚО футболдан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» КММ-ның директоры:
Сұрақ: Қаладағы көшелердің атауын «Google» картасына енгізу қажет.
Жауап: Бұл өтінішіңіз бойынша жұмыстар жүргізілуде.

4. Л.Қожагелдиева – «Ұлағат» шағынауданы Майбұлақ көшесі комитетінің төрайымы:
Сұрақ: «Ұлағат», «Мирас» шағынауданының балалары №№24 ,25, 28, 46, 65, 68, 85 мектептерге барып оқуда. Осы шағынаудандарға мектеп салып беруді сұраймыз?
Жауап: Шымкент қаласы құрылыс бөлімінің мәліметіне сәйкес:
«Мирас» шағынауданындағы №85 мектептің ескі ғимаратының орнына 300 орынға арналған типтік үлгідегі мектеп құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасын дайындауға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде, жобалау сметалық құжаттар әзірленді. Қажетті сметалық құжаттар дайын болғаннан соң, бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары атқарылатын болады.

5.С.Жексекеев – «Теріскей» шағынауданы №24 үй тұрғыны:
Сұрақ: «Теріскей» шағынауданындағы №5 үйден бастап «ФОК» сауықтыру кешеніне баратын ішкі орам жолына асфальттау жұмыстарын жүргізіп берсеңіздер.
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сәйкес:
«Теріскей» шағынауданындағы ішкі орам жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарды әзірлеу осы бөлімнің 2017 жылғы жұмыс жоспарына енгізілді. Қажетті сметалық құжаттар дайын болған соң, құрылыс-монтаж жұмыстары қала бюджетінен қаралған қаржы аясында атқарылатын болады.

6. Т.Байболов – Шымкент қаласы «Бадам – 1» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: «Қарабастау» т/а №99 мектептегі оқушылар саны өсуде, қосымша 300 орындық ғимарат салуды сұранамыз.
Жауап: Шымкент қаласы білім бөлімінің мәліметіне сәйкес:
«Қарабастау» тұрғын алабындағы №99 мектеп-гимназиясына 300 орындық қосымша құрылыс салуға ЖСҚ-ы дайындалып, 2017 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

7. Т.Байболов – Шымкент қаласы « Бадам – 1» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: «Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Бадам – 1» т/а кіреберіс жолға бағдаршам орнатып берсеңіздер.
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сәйкес:
Шымкент қаласындағы Ленгер тас жолы мен Бадам бұрылысы (Досметов көшесі «Жұлдыз» дүкенінің маңы) қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарымен зерттеліп, нәтижесінде бағдаршам нысанын орнатуға шешім қабылданды. Қазіргі уақытта бағдаршам нысанын орнатуға бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру және құжаттар әзірлеу жұмыстары атқарылуда.
Конкурс нәтижесіне қарай мердігер мекеме анықталғаннан соң, бағдаршам нысанын орнату жұмыстары атқарылады.

8. Т.Сариев- Шымкент қаласы «Бадам – 1» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: «Бадам – 1» тұрғын алабындағы Ә.Кенесарин көшесіне жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі?
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сәйкес:
«Бадам – 1» тұрғын алабындағы облыстық маңызы бар КХ-99 «Забадам-Жұлдыз» автомобиль жолын (Ә.Кенесарин көшесі) орташа жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралды. ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бөлінген қаржы аясында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурстың қорытындысы бойынша, анықталған мердігер мекеме бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жөндеу жұмыстарын атқаратын болады.

9. Х.Батырқұлова – «Күншығыс» ш/а №22 үй тұрғыны:
Сұрақ: Біздің ауламызға балалар спорт алаңшасы қажет.
Жауап: Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің мәліметіне сәйкес «Күншығыс» ш/а №22 үйге балалар спорт алаңшасының құрылысын жүргізуге аудан әкімі аппаратының тарапынан жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттен қаржы бөлуге өтінім берілді. Қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар жүргізіледі.

10. Д.Махамбетова – Ж.Аймауытов көшесі, №1 а үй комитет төрайымы:
Сұрақ: Ж.Аймауытов көшесі №1а үйдің тұрғынымын. Біздің үйдің ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген. Қала бойынша барлық үйдің аулаларына балалар ойын алаңшалары орнатылған, ал біздің аулада ештеңе жоқ. Осыған байланысты абаттандыру жұмыстарын жүргізсеңіздер екен.
Жауап: Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің мәліметіне сәйкес:
Ж.Аймауытов көшесі, №1а үйге балалар спорт алаңшасының құрылысын жүргізуге аудан әкімі аппаратының тарапынан жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттен қаржы бөлуге өтінім берілді, қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар жүргізіледі.

11. Р.Оспаналиева – «Корпорация Береке-А» ЖШС-ның құрылтайшысы, ОҚО мәслихатының депутаты:
Сұрақ: Янги-Чек каналы ерте көктемде су толып, жанындағы үйлердің жертөлелерін су алады, каналдың жағалауын бетондау қажет.
Жауап: Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің мәліметіне сәйкес:
Шымкент қаласының 2017-2021 жылдарға арналған даму іс-шарасының жоспарына енгізілген, қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар жүргізіледі.

12. Е.Түктібаев – «Тоғыс» тұрғын алабы, Арғынбеков көшесі, №40 үй тұрғыны, зейнеткер:
Сұрақ: «Тоғыс» т/а кәріз жүйесінің тозығы жетуіне байланысты орталық кәріз жүйесіне қосып берсеңіздер деген өтінішіміз бар.
Жауап: Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің мәліметіне сәйкес:
Шымкент қаласына қарасты елді мекендер және шағынаудандарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласының 2015-2025ж.ж. арналған су және кәріз жүйелерін дамыту» бойынша іс-шара жоспары бекітілген. «Тоғыс» т/а кәріз жүйесінің жұмыстарын жүргізу үшін бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес ЖСҚ әзірлеуге 2017 жылға қалалық бюджеттен 522 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы жүргізіледі.

13. С.Жексекеев – «Теріскей» шағынауданы №24 үй тұрғыны:
Сұрақ: «Теріскей» шағынауданындағы «ФОК» сауықтыру кешеніне баратын ішкі орам жолына жарықтандыру жүргізіп берсеңіздер?
Жауап: Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметіне сәйкес:
«Теріскей» шағынауданының аталған ішкі орамдық көшесін жарықтандыру жұмыстары Шымкент қаласының 2017-2021 жылдарға арналған даму іс-шарасының жоспарына енгізілген.

14. Ә.Әмірбеков – К.Цеткин көшесінің тұрғыны:
Сұрақ: К.Цеткин көшесінің қалған жерін жарықтандыруды сұраймыз.
Жауап: Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметіне сәйкес:
К.Цеткин көшесін жарықтандыру жұмыстарына қаржы қаралған, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысына сәйкес мердігер мекеме анықталған, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың II-тоқсанында құрылыс жұмыстары аяқталады.

15. Е.Түктібаев – «Тоғыс» тұрғын алабы, Арғынбеков көшесі, №40 үй тұрғыны, зейнеткер:
Сұрақ: Шымкент-Ленгер жолында түнгі жарық шамдар орнатылған, алайда олар қазіргі таңда жанбайды, жарықты іске қосып берсеңіздер.
Жауап: Шымкент-Ленгер тас жолына орнатылған электр жүйелері облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының балансында. Қазіргі таңда құжаттарға қол қойылу рәсімдері жүргізілуде, жақын арада электр жүйелері қаланың балансына алынып, жарық іске қосылатын болады.

16. А.Ажиев – «Базарқақпа» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: «Базарқақпа» тұрғын алабында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің шайынды лас су жүйесіне (канализация) жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс.
Жауап: Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметіне сәйкес:
Шымкент қаласына қарасты елді мекендер мен шағынаудандарды кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласының 2015-2025ж.ж. арналған су және кәріз жүйелерін дамыту» бойынша іс-шара жоспары бекітілген, қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар жүргізіледі.

17. Ғ.Байымбетов – «Тоғыс» тұрғын алабының тұрғыны, көше комитетінің төрағасы:
Сұрақ: «Тоғыс», «Маятас», «Елтай», «Айнатас» және «Жыланбұзған» тұрғын алаптарының тұрғындары жаз айларында ауыз су тапшылығын көруде. Осы ауыз су мәселесін түпкілікті шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймыз?
Жауап: «Қазығұрт» аумағына қарасты тұрғын алаптарды тәулігіне 24 сағат тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, бүгінгі таңда ауыз су жүйелерін Төлеби ауданының «Ленгір су» МКК-нен қабылдау-тапсыру жұмыстары жүруде. Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің меншігіне толық өткеннен кейін коммуналдық мәселелер шешімін табады.

18. И.Атажанов – «Бадам-1» тұрғын алап тұрғыны:
Сұрақ: №7 емханаға бірнеше тұрғын алаптардан («Тоғыс», «Елтай», «Маятас» т.б.) тұрғындар қаралуға келеді. Қаралушылар саны көп болғандықтан, кезекте көп тұрып қаламыз. Сізден өтініш, «Бадам-1» тұрғын алабының тұрғындарын бізге жақын орналасқан «Базарқақпа» тұрғын алабындағы №12 Шымкент қалалық емханасына қаралуға мүмкіндік қарастыруды сұраймыз.
Жауап: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды әрбір медициналық мекемелерге мекен-жайына қарай бөлген.
Сіздердің сұраныстарыңызға сәйкес облыстық денсаулық сақтау басқармасына 14.03.2017жылы №29/05-809 сұраныс хат жолданды.

1.Б.Әлімбеков – «Қойкелді батыр» көшесінің төрағасы:Сұрақ: Қапал батыр көшесінде жаңадан ашылған халыққа қызмет көрсету орталығының тұсына жылдамдықты тежегіш белгісін қоюды сұраймыз.Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сәйкес:Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Шымкент ҚІІБ мамандары бірлесе Қапал батыр көшесіне («Фиркан» СҮ-нің аумағы) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қапал батыр көшесіне («Фиркан» СҮ-нің аумағы) 3.24 (40) «Ең жоғарғы жылдамдықты шектеу» жол белгісін орнату жоспарлануда.
2. Г. Жамалова – №104 орта мектеп директоры:Сұрақ: «Базарқақпа» тұрғын алабында орналасқан №104 мектепке асхана, кітапхана, шеберхана және спорт зал салып берсеңіздер.Жауап: Шымкент қаласының құрылыс бөлімінің мәліметіне сәйкес:«Базарқақпа» тұрғын алабында орналасқан №104 мектепке асхана, кітапхана, шеберхана және спорт зал құрылысын жүргізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, 2017 жылғы наурыз айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланған. 3. Е.Дәрменов – «ОҚО футболдан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» КММ-ның директоры:Сұрақ: Қаладағы көшелердің атауын «Google» картасына енгізу қажет.Жауап: Бұл өтінішіңіз бойынша жұмыстар жүргізілуде.
4. Л.Қожагелдиева – «Ұлағат» шағынауданы Майбұлақ көшесі комитетінің төрайымы: Сұрақ: «Ұлағат», «Мирас» шағынауданының балалары №№24 ,25, 28, 46, 65, 68, 85 мектептерге барып оқуда. Осы шағынаудандарға мектеп салып беруді сұраймыз?Жауап: Шымкент қаласы құрылыс бөлімінің мәліметіне сәйкес:«Мирас» шағынауданындағы №85 мектептің ескі ғимаратының орнына 300 орынға арналған типтік үлгідегі мектеп құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасын дайындауға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде, жобалау сметалық құжаттар әзірленді. Қажетті сметалық құжаттар дайын болғаннан соң, бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары атқарылатын болады.
5.С.Жексекеев – «Теріскей» шағынауданы №24 үй тұрғыны:Сұрақ: «Теріскей» шағынауданындағы №5 үйден бастап «ФОК» сауықтыру кешеніне баратын ішкі орам жолына асфальттау жұмыстарын жүргізіп берсеңіздер.Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сәйкес:«Теріскей» шағынауданындағы ішкі орам жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарды әзірлеу осы бөлімнің 2017 жылғы жұмыс жоспарына енгізілді. Қажетті сметалық құжаттар дайын болған соң, құрылыс-монтаж жұмыстары қала бюджетінен қаралған қаржы аясында атқарылатын болады.6. Т.Байболов – Шымкент қаласы «Бадам – 1» тұрғын алабының тұрғыны:Сұрақ: «Қарабастау» т/а №99 мектептегі оқушылар саны өсуде, қосымша 300 орындық ғимарат салуды сұранамыз.Жауап: Шымкент қаласы білім бөлімінің мәліметіне сәйкес:«Қарабастау» тұрғын алабындағы №99 мектеп-гимназиясына 300 орындық қосымша құрылыс салуға ЖСҚ-ы дайындалып, 2017 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
7. Т.Байболов – Шымкент қаласы « Бадам – 1» тұрғын алабының тұрғыны:Сұрақ: «Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Бадам – 1» т/а кіреберіс жолға бағдаршам орнатып берсеңіздер. Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сәйкес:Шымкент қаласындағы Ленгер тас жолы мен Бадам бұрылысы (Досметов көшесі «Жұлдыз» дүкенінің маңы) қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарымен зерттеліп, нәтижесінде бағдаршам нысанын орнатуға шешім қабылданды. Қазіргі уақытта бағдаршам нысанын орнатуға бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру және құжаттар әзірлеу жұмыстары атқарылуда. Конкурс нәтижесіне қарай мердігер мекеме анықталғаннан соң, бағдаршам нысанын орнату жұмыстары атқарылады.
8. Т.Сариев- Шымкент қаласы «Бадам – 1» тұрғын алабының тұрғыны:Сұрақ: «Бадам – 1» тұрғын алабындағы Ә.Кенесарин көшесіне жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі?Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сәйкес:«Бадам – 1» тұрғын алабындағы облыстық маңызы бар КХ-99 «Забадам-Жұлдыз» автомобиль жолын (Ә.Кенесарин көшесі) орташа жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралды. ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бөлінген қаржы аясында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурстың қорытындысы бойынша, анықталған мердігер мекеме бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жөндеу жұмыстарын атқаратын болады.
9. Х.Батырқұлова – «Күншығыс» ш/а №22 үй тұрғыны:Сұрақ: Біздің ауламызға балалар спорт алаңшасы қажет.Жауап: Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің мәліметіне сәйкес «Күншығыс» ш/а №22 үйге балалар спорт алаңшасының құрылысын жүргізуге аудан әкімі аппаратының тарапынан жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттен қаржы бөлуге өтінім берілді. Қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар жүргізіледі.
10. Д.Махамбетова – Ж.Аймауытов көшесі, №1 а үй комитет төрайымы:Сұрақ: Ж.Аймауытов көшесі №1а үйдің тұрғынымын. Біздің үйдің ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген. Қала бойынша барлық үйдің аулаларына балалар ойын алаңшалары орнатылған, ал біздің аулада ештеңе жоқ. Осыған байланысты абаттандыру жұмыстарын жүргізсеңіздер екен.Жауап: Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің мәліметіне сәйкес:Ж.Аймауытов көшесі, №1а үйге балалар спорт алаңшасының құрылысын жүргізуге аудан әкімі аппаратының тарапынан жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттен қаржы бөлуге өтінім берілді, қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар жүргізіледі.
11. Р.Оспаналиева – «Корпорация Береке-А» ЖШС-ның құрылтайшысы, ОҚО мәслихатының депутаты:Сұрақ: Янги-Чек каналы ерте көктемде су толып, жанындағы үйлердің жертөлелерін су алады, каналдың жағалауын бетондау қажет.Жауап: Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің мәліметіне сәйкес:Шымкент қаласының 2017-2021 жылдарға арналған даму іс-шарасының жоспарына енгізілген, қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар жүргізіледі.12. Е.Түктібаев – «Тоғыс» тұрғын алабы, Арғынбеков көшесі, №40 үй тұрғыны, зейнеткер:Сұрақ: «Тоғыс» т/а кәріз жүйесінің тозығы жетуіне байланысты орталық кәріз жүйесіне қосып берсеңіздер деген өтінішіміз бар. Жауап: Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің мәліметіне сәйкес:Шымкент қаласына қарасты елді мекендер және шағынаудандарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласының 2015-2025ж.ж. арналған су және кәріз жүйелерін дамыту» бойынша іс-шара жоспары бекітілген. «Тоғыс» т/а кәріз жүйесінің жұмыстарын жүргізу үшін бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес ЖСҚ әзірлеуге 2017 жылға қалалық бюджеттен 522 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы жүргізіледі.
13. С.Жексекеев – «Теріскей» шағынауданы №24 үй тұрғыны:Сұрақ: «Теріскей» шағынауданындағы «ФОК» сауықтыру кешеніне баратын ішкі орам жолына жарықтандыру жүргізіп берсеңіздер? Жауап: Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметіне сәйкес:«Теріскей» шағынауданының аталған ішкі орамдық көшесін жарықтандыру жұмыстары Шымкент қаласының 2017-2021 жылдарға арналған даму іс-шарасының жоспарына енгізілген.
14. Ә.Әмірбеков – К.Цеткин көшесінің тұрғыны:Сұрақ: К.Цеткин көшесінің қалған жерін жарықтандыруды сұраймыз.Жауап: Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметіне сәйкес:К.Цеткин көшесін жарықтандыру жұмыстарына қаржы қаралған, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысына сәйкес мердігер мекеме анықталған, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың II-тоқсанында құрылыс жұмыстары аяқталады.
15. Е.Түктібаев – «Тоғыс» тұрғын алабы, Арғынбеков көшесі, №40 үй тұрғыны, зейнеткер:Сұрақ: Шымкент-Ленгер жолында түнгі жарық шамдар орнатылған, алайда олар қазіргі таңда жанбайды, жарықты іске қосып берсеңіздер.Жауап: Шымкент-Ленгер тас жолына орнатылған электр жүйелері облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының балансында. Қазіргі таңда құжаттарға қол қойылу рәсімдері жүргізілуде, жақын арада электр жүйелері қаланың балансына алынып, жарық іске қосылатын болады.
16. А.Ажиев – «Базарқақпа» тұрғын алабының тұрғыны:Сұрақ: «Базарқақпа» тұрғын алабында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің шайынды лас су жүйесіне (канализация) жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс.Жауап: Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметіне сәйкес:Шымкент қаласына қарасты елді мекендер мен шағынаудандарды кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласының 2015-2025ж.ж. арналған су және кәріз жүйелерін дамыту» бойынша іс-шара жоспары бекітілген, қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар жүргізіледі.
17. Ғ.Байымбетов – «Тоғыс» тұрғын алабының тұрғыны, көше комитетінің төрағасы:Сұрақ: «Тоғыс», «Маятас», «Елтай», «Айнатас» және «Жыланбұзған» тұрғын алаптарының тұрғындары жаз айларында ауыз су тапшылығын көруде. Осы ауыз су мәселесін түпкілікті шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймыз?Жауап: «Қазығұрт» аумағына қарасты тұрғын алаптарды тәулігіне 24 сағат тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, бүгінгі таңда ауыз су жүйелерін Төлеби ауданының «Ленгір су» МКК-нен қабылдау-тапсыру жұмыстары жүруде. Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің меншігіне толық өткеннен кейін коммуналдық мәселелер шешімін табады.
18. И.Атажанов – «Бадам-1» тұрғын алап тұрғыны:Сұрақ: №7 емханаға бірнеше тұрғын алаптардан («Тоғыс», «Елтай», «Маятас» т.б.) тұрғындар қаралуға келеді. Қаралушылар саны көп болғандықтан, кезекте көп тұрып қаламыз. Сізден өтініш, «Бадам-1» тұрғын алабының тұрғындарын бізге жақын орналасқан «Базарқақпа» тұрғын алабындағы №12 Шымкент қалалық емханасына қаралуға мүмкіндік қарастыруды сұраймыз. Жауап: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды әрбір медициналық мекемелерге мекен-жайына қарай бөлген. Сіздердің сұраныстарыңызға сәйкес облыстық денсаулық сақтау басқармасына 14.03.2017жылы №29/05-809 сұраныс хат жолданды.

Опубликовано в Қоғам

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Жиынға облыстық білім, денсаулық сақтау, жастар саясаты мәселелері басқармасы, ата-аналар комитеті, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.

 

DSC 0729Облыстық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Мұсабек Зұлпыхаров 2016 жылдың қорытындылары бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс көрсеткішінің көбейгенін мәлімдеді. Мәселен, былтыр кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс облыста 57 пайызға (293-тен 460-қа) өскен. Құқықбұзушылыққа бейім 1089 жасөспірім және 609 жайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алыныпты. Өткен жылы кәмелетке толмағандар тарапынан өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының 89 жайты тіркелген.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Раушан Ергашова қылмыс жасаған 460 кәмелетке толмағандардың ішінде 91-і жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, 369-ы колледждер мен ЖОО студенттері екенін айтты.

Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмай ерте жүктілікке бой алдырған оқушы қыздар саны өткен жылғы көрсеткіш бойынша 8-ге жеткен. Олардың 2-і – Сарыағаш, 1-і – Мақтарал аудандарынан болса, 5-і – Шымкент қаласынан. 

Жиын барысында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы мемлекеттік органдардың қызметін сынға алып, олардың нәтижелі жұмыс жасауын талап етті. 

– Бұл мәселелерді шешуге жастар ұйымдарын тартып, ерікті сақшылар отрядтары мен халық жасақшыларының белсенділігін арттыру қажет. Мемлекеттік органдардың арасында өзара қарым-қатынастың жоқ екенін байқап отырмыз. Сондықтан кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін барлық күшті біріктіріп, ата-аналар, педагогтар, мемлекеттік емес ұйымдар және бизнес қауымдастықтарымен бірлесе жұмыс жасауға тиістіміз, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Опубликовано в Әлеумет

«Жол жаман болса, атаң да сүрінеді, атан да сүрінеді» дейді халық даналығы. Жол – қашанда экономиканың күретамыры болған. Бұған уақыт өткен сайын көз жеткізіп келеміз. «Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек», – деген болатын Мемлекет басшысы 2014 жылғы 11 қарашадағы Жолдауында. Дегенмен, жетер жеріңе оңайлықпен жеткізе бермейтін кейбір жолдар көлік иелерін әуре-сарсаңға салатыны да жасырын емес. Бұл ретте, жол азабынан құтылудың бірден-бір жолы ақылы жол дейді мамандар.

351bc7cd695d05f7efe5e4893334235177

4 жылда – 4 млрд теңге

Елімізде ақылы жол ең алғаш рет 2013 жылы «Астана – Бурабай» бағытында ашылды. Бас-аяғы 211 шақырымға созылған жолды тез арада жүйткіп өтесіз. Өйткені, мұндай жолдарда автокөліктерге сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген. Егер, осы жолмен жүргіңіз келсе 200 теңге төлейсіз. Автобус, жүк көліктерінің ақысы салмақ, көлемі мен жүгінің ауырлығына қарай белгіленеді. Жедел жәрдем, полиция, құтқару қызметі, жол жөндеу жұмыстарымен айналысатындар және мотоцикл айдаушылар тегін қатынайды. Жақын маңдағы елдімекендерге жеңілдіктер бар. Мысалы, Астанадан Шортандыға бару үшін 60 теңге ғана. Мұндағы қозғалыс қарқындылығы күніне 7 мың, ал демалыс күндері 9-10 мыңға дейін жетеді екен. Аталған ақылы жол 4 жылда 4 миллиард теңге пайда алып келген. Тек 2015 жылдың қорытындысы бойынша «Астана – Щучье» ақылы учаскесіндегі жалпы жол жүру санының көлік қозғалыс қарқындылығы 2 581 252 бірлікті құрайды, бұдан түскен кіріс 1,143 млрд теңгені құраған. Жауапты мамандардың айтуынша, бұл қаражат жолдың күтіміне қарастырылған. Жол сызықтарын сызу, шөп, қоқыс, қыс түссе қар тазалау және тағы басқа жұмыс күштері мен техникаларға жұмсалуда. Жүргізуші ақша төлеп жолға шыққаннан кейін оған қолайсыздық тудырмауы тиіс. Міне, ақылы жолдарды енгізудегі негізгі мақсат – сол жолдарды жөндеуге кететін артық шығындардан арылып, өз қаражатын өзіне жұмсау.

2022 жылға қарай Қазақстандағы ақылы жолдар мемлекет бюджетіне жылына 220 миллион доллар пайда әкеледі деп жоспарлануда. Бұл үшін мемлекетішілік және халықаралық бағыттағы 7 мың шақырым жолдың құрылысын аяқтауы тиіс. Атап айтқанда, олар – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», Астана – Қарағанды, Алматы – Талдықорған, Астана – Жақсы, Астана – Павлодар, Қарағанды – Алматы, Орал – Ақтөбе, Петропавл – Щучье тас жолдары. Сондай-ақ, «Қызылорда – Шымкент» және «Ташкент – Шымкент» бағытындағы 400-500 шақырымдық жол да ақылы болады деп күтілуде. Ал, бұл жол бағыттарының барлығы кезінде талай өркениеттерді байланыстырған «Ұлы Жібек жолымен» қайта жаңғыруда. Айта кетерлігі ежелгі керуен жолының басым бөліктері Оңтүстік өңірге тиесілі. Егер осы «Ұлы Жібек жолын» қайта жандандырып, жаңа жолдар салатын болса елімізге, оның ішінде Оңтүстік өңірге қаншалықты пайда алып келетінін болжау қиын емес. 

 

zhenisЖеңіс САДЫҚОВ,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Құрылыс және көлік» факультеті деканы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент:

– Бұл жерде бір мәселе бар. Жақын жерде орналасқан елдімекендердегі кейбір адамдар бұл жолдан күніне бірнеше рет өтеді. Сол адамдарға қиындық тудыруы мүмкін. Осы жағдайларды назарда ұстаған жөн. Ал негізінен ақылы жолдың өз-өзін ақтап, жолдың құрылысына ақша бөлініп отырса тиімділігі орасан зор. "Жолым жаман болады" деп ойламайсың. Жол ақылы болса қаражат уақытылы түсіп тұрғаннан кейін, жол да дер кезінде жөнделетін болады.

 

Біле білсек, «Ұлы Жібек жолы» Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шынжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты болған. Қытайлар осы жол арқылы Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға сауда-саттықтарын жасап, тауарларын тасыған. Жолдың бір бөлігі Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак және тағы басқа мемлекеттерге жеткізсе, ендігі бағыты Оңтүстік Қазақстандағы Испиджабқа тіреледі. Одан бірі Орта Азияға, екіншісі Түркістан, Сырдарияның төменгі ағысымен Батыс Қазақстан, одан әрі Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағын айналып Еуропаға апаратын екі бағытқа бөлінген. Бұл жолдар арқылы тек сауда ғана емес, әлемдік өркениеттің өркендеуіне де үлес қосып, қоғамның дамуы қатар жүрген. Сондай-ақ, экономика, туризм, ғылым-білім, мәдениет жақсы дамыған. Ең үлкен және бай керуендер өткен. Осы «Жібек жолы» ХХ ғасырға дейін сақталып Қазақстанды Ресей және Орта Азиямен байланыстырып, жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Қазір міне, бұл жолдар арқылы байланыс нығайып жатыр. Осы бағыттар бойынша көлік қатынасының қарқындылығы өте жоғары. Мәселен, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автокөлік дәлізі жобасы жүзеге асса, жол уақытын 40 күннен 10 күнге дейін және жолдың қашықтығын 8-15 мың шақырымға қысқартуға болады. Жол толық пайдалануға берілсе, 7-8 жылдың ішінде жүк көліктерін өткізу көлемі 2,5 есеге көбейіп, жыл сайынғы экономикалық табыс 33,9 млрд теңгеге есептеліп отыр. Ал Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе және Алматы секілді ірі облыстардың экономикасы біршама дамиды деп күтілуде. Сондай-ақ, осы автомагистраль арқылы Қытайдан шығатын заттарды Алматы және Оңтүстік Қазақстан арқылы әрісі Польша, Германия, Францияға, берісі Ресей мен Белорусияға жеткізуге болады.

 

Тоғыз жолдың торабындағы Шымкент немесе туризмді табыс көзіне айналдырсақ...

Статистикаға сүйенсек, еліміздегі тарихи ескерткіштердің 80 пайызы Оңтүстік жерінде екен. Жалпы алғанда, облысымызда 505 тарихи-археологиялық нысан бар. Алайда, осы нысандарды асықпай аралап, тарихымен терең танысуға мүмкіндік тудыратын тегіс, жақсы жолға жарымай жүрміз. Ал ақылы жол сапалы, тегіс жолдың және туристерді көптеп келтірудің кепілі. Нақты мысал ретінде, тағы да «Астана – Щучье» автобанын келтірейік. 2015 жылы аталған ақылы жолмен 35 мың ресейлік көліктер жүрсе, ал былтыр тек жарты жылдың өзінде 52 мыңнан астам көлік өткен екен. 

Туризм, бұл – бюджеттің бүйірін шығаратын сала. Соның арқасында бірқатар мемлекеттер өз экономикасын біршама жақсартып алды. Осындай елдердің қатарына Біріккен Араб Әмірлігінің ең үлкен қаласы – Дубайды айтуға болады. Бұдан басқа да алыс-жақын шетелдерде көлік жолдарының сапасы жақсы болғандықтан туризмнің автосаяхаттау түрі ерекше дамыған. Егер осындай сапалы тас жолдар тоғыз жолдың торабында, «Ұлы Жібек жолының» бойында орналасқан Оңтүстік аймақтарда салынатын болса, осы өңірдің әлеуетін біршама арттыратыны сөзсіз. Әрине, бұл қонақжайлық қасиеті қанына сіңген Оңтүстік халқының оң жамбасына келер еді. Тағы да деректерді сөйлететін болсақ, Қазақстанға былтыр 7 млн-ға жуық турист келіпті. Соның ішінде 1 млн 300 мың турист біздің өңірімізге ат басын бұрып, оның 1 млн-ға жуығы Түркістанға табан тіреген екен.

 

maynzhasarovНұрбол МЫҢЖАСАРОВ,
«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ ОҚО филиалы директорының орынбасары:

– Елбасының 2015–2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мақсатындағы мемлекеттік бағдарламасы аясында «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ақылы жолдар жүйесін «Қызылорда – Шымкент – Тараз» және Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы» бағыттары бойынша енгізу жоспарланып отыр. Ақылы жолдан түскен қаражат ең алдымен жолды жылдың барлық мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарына, ақылы жолдарда қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етуге, ақы төлеу пункттерінде сапалы қызмет көрсету мақсатында жұмсалмақ. Ақылы жолдар жүйесін енгізу барысында барлық жағдайлар ескеріледі. Тек, белгіленген тәртіпке сай әрекетті талап етеді. Ал жол ақысы жұмыс барысында бекітілген тарифтер мен жүйеге сай белгіленетін болады.

 

Олай болса, ақылы жолдар өңірде туризм саласының ерекше дамуына септігін тигізеді. Әсіресе, Оңтүстіктегі көне қалалар мен кесенелерге адамдардың көбірек келуіне жағдай жасалады. Сонымен қатар, қала тұрғындарының да жақын маңда орналасқан табиғаты көрікті жерлерге барып дем алуына қолайлы мүмкіндік туады. 

Сарыағаш, Шардара, Өгем, Қазығұрт, Машат, Түркістан, Ордабасы, Түлкібас, Бәйдібек, Біркөлік және тағы басқа ауасы таза, суы шипалы аймақтарға аз ғана уақыттың ішінде бара алады. Жол бойында мотельдер салынып, кафе мен қонақүйлер көбейеді. Автобан арқылы өткен көліктердің нөмірлері тіркеліп, әрбір жолаушы бақылауда болады. Осылайша, көлік, жол қауіпсіздігі біршама реттелер еді. Мамандарға сенсек, қазірдің өзінде Астана және Алматы қалаларына темір жол, тас жол және әуе транспорттарынан ең көп қатынайтын біздің аймақ екен. Бүгінде Шымкентті Оңтүстік туризмінің қақпасына балап жүрміз. Демек, ақылы жол өңірімізге туристерді молынан тартып, олардың жақсы демалыс өткізуіне сеп болары анық.

 

Аймақ агломерацияға айналады

Былтыр Қазақстан үкіметінің «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Шымкент – Қазақстандағы ірі агломерациялық орталыққа айналады» деген болатын. Ал агломерацияның жүйелі жұмыс жасауы үшін жол транспорт саласының маңыздылығы жоғары. Сондықтан да қала аумағында көліктердің кедергісіз жүрулеріне бірқатар бағдарламалар әзірленуде. Осыған орай, қалада жеңіл рельсті жолдар мен А-2 тас жолдарын салу жоспарланған. Осы арқылы Абай және Қонаев даңғылдарының жалғасын және Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс айналма жолдарының құрылысын аяқтау тапсырылған. Сонымен қатар, Сайрам, Ордабасы, Төле би және тағы да басқа қалаға жақын аудандардың ауыл шаруашылығы, сауда-саттық саласымен жүйелі айналысуына жақсы мүмкіндік болады. Бұл қаланың жұмыс күшін арттырып, Шымкенттің жан-жақтан келетін «күш-қуатты» өзіне сіңіріп алатын ядроға айналуына мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген үлкен қалаларында бар. Америкадағы Нью-йорк қаласына таңертеңнен бастап өзге штаттардан мыңдаған халық ағылып келеді. Бірі мемлекеттік қызметкер, бірі саудагер болса, енді бірі қарапайым көлік жүргізушісі. Сәйкесінше, адамдардың көптеп қатынас жасауы әрқашан ақшаның айналымда жүруін қамтамасыз етеді. Міне, дәл осындай жүйе Шымкент қаласында сәл ғана басқаша көрініс табуы мүмкін. Мысалға айтайық, таңертең алынған айран-сүт аз ғана уақыттың ішінде ашымай қалаға жетсе керемет емес пе? Сондықтан, жақын орналасқан қала мен аудандардың арасын жақындататын бірден бір жүйе осы – Aгломерация. Дегенмен, жоғарыда айтып өткеніміздей, аталған жүйенің жақсы жұмыс істеуі үшін де сапалы жол керек.

 

Шетелдің тәжірибесі

Жоғарыда тоқталып өткен ақылы жол жүйесі Батыста 17-ғасырдың өзінде пайда болған. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай автомагистраль АҚШ, Германия, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея секілді әлемнің 30-дан астам елінде бар. Ол жақтағы жол жүру тәртібін қарапайым қағидаға салып қарасақ, «Қанша ақша көп төлесең сонша жылдам жүресің» немесе «Уақыт – ақша» дегенге саяды. Өйткені, ақылы автобан жалпы үш жолақты бөліктен тұрса, соның бірінші жолағында сағатына 80-120 км, екінші жолағында 120-180 км ал, үшінші жолдың бөлігінде 180-230 км жылдамдықпен жүру мүмкіндігі берілген.

 

zhurgizАқтай БӘКІРОВ,
«Қызылорда – Шымкент» бағыты бойынша қатынайтын қоғамдық көлік жүргізушісі:

– Менің көлік айдап жүргеніме 13 жылдың жүзі болды. Қызылорда мен Шымкент арасындағы жолды ақылы жүйеге енгізетін кезде ірілі-ұсақты мал өтетін жерді ескерсе екен. Өйткені, осы екі облыс арасында мал көп. Ал бұл жүргізушілерді алаңдатып, көлікті ойдағыдай жүргізуге кедергі келтіреді. Осының кесірінен талай адам зардап шекті. Ондай жағдай менің де басымнан өткен. Мысалы, «Астана – Щучье» тас жолындағыдай жол жиектері арнайы жабдықталса, онда ешқандай мәселе туындамайтын еді.

Опубликовано в Қоғам

Қала әкімдігінің мәжіліс залында Ғ. Әбдірахымовтың төрағалығымен кезекті жиын өтіп, онда көпқабатты ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жылжымайтын мүліктерді қайта заңдастыру жайы талқыланды.

IMG-20170215-WA0056

Мәжіліс басында қала әкімі Ғ.Әбдірахымов әкімдіктің «фронт-офисі» бұдан былай «Халық кеңсесі» деп аталатынын хабарлады. Мұндай ұсынысты қала тұрғындары жасаған. Бұдан кейін қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы Т.Қасымбеков көпқабатты ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы баяндама жасады. Бөлім басшысының айтуынша, Шымкент қаласы сейсмоқауіпті аймақта орналасқан. Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің көбі 50-60 жыл бұрын салынғанын ескере келе, бұл ғимараттар сейсмонығайту жұмыстарын қажет ететінін айтты. Әсіресе, олардың басым бөлігі қала орталығына жақын жерден орын алған. Мамандар сейсмонығайтуды қажет ететін аудандарға жаңа тұрғын үй салу жобасын қолға алуды ұсынды. Бүгінгі таңда қала тұрғындарынан көпқабатты үйлердің қауіпсіздігін арттыру, яғни сейсмонығайту жұмыстарын жүргізу мақсатында көптеген өтініштер тіркелуде. Мәселен, қазіргі кезде көпқабатты 140 тұрғын үй сейсмикалық зерттеуді қажет етеді және келесі екі жылда 90 үйге сейсмонығайту жұмыстарын өткізу жоспарланған.

IMG-20170215-WA0054

Мәжілісте Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы М.Жақсыбаев қала аумағында бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің апатты жағдайда тұрғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, Түркістан көшесіндегі №14, Абай даңғылындағы №9, Қазыбек би көшесінде орналасқан «Адвокаттар үйі» және Жылқышиев көшесіндегі №28 үй апатты деп танылды. Дегенмен, аталған үйлерге байланысты әлі толық шешім шыққан жоқ. Баяндамашыларды тыңдағаннан кейін Ғ.Әбдірахымов бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруға тапсырма берді.

Жиын соңында қала әкімдігі аппараты Заң бөлімінің басшысы А.Қайыпов жылжымайтын мүлікті заңдастыру жұмыстарының нәтижесі туралы есеп берді. Оның айтуынша, мүлікті жария ету бойынша Шымкент қаласының тұрғындарынан барлығы – 4 729 өтініш келіп түскен. Бұл өтініштердің 3 607-сі мақұлданып, 1 122-сі жылжымайтын мүлікті жария етуден бас тартылған. Жария етілген мүліктердің жалпы сомасы шамамен 44 млрд теңгені құрады.

Опубликовано в Қала

Cирия елінде қалыптасып отырған бүгінгі ахуал – халықаралық деңгейдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Оның салдары күллі әлем елдеріне кері әсерін тигізуде. Экстремизм мен терроризмнің кеңінен таралуы, заңсыз миграцияның көбеюі аталмыш мәселенің өзектілігін көрсетеді. Сондықтан, дүниежүзі елдері бұл жағдайды бейбіт шешуге мүдделі.

astana 4

Апта басында Сирия дағдарысын шешу бағытында келіссөздер жүргізу үшін мүдделі тараптар Астанада бас қосты. Яғни, Сирия Араб Республикасы үкіметі мен Сирия оппозициясы өкілдері, Ресей Федерациясы, Түркия, Иран Ислам Республикасы мен АҚШ елінің өкілдері «Астана процесі» аталған «диалог алаңында» гуманитарлық көмек, соғысты тоқтату және тұтқындарды босату мәселелерін талқыға салды.
Айта кетсек, Сирия шиеленісіне қатысты келіссөздерді Астанада өткізу жөнінде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған ұсынған болатын. Осылайша, Астана процесі 6 жылға созылған жанжалды тоқтатуға бағытталған кезекті бастамаға айналды. 
Айта кетсек, Сирия шиеленісіне қатысты келіссөздерді Астанада өткізу жөнінде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған ұсынған болатын. Осылайша, Астана процесі 6 жылға созылған жанжалды тоқтатуға бағытталған кезекті бастамаға айналды. Осы орайда, бұған дейінгі өткен Женева, Лозанна, Вена мен Мәскеуде өткен келіссөздер айтарлықтай нәтиже бермегенін айта кеткеніміз жөн. Астана процесіне 7 тараптың өкілі қатысты. Атап айтқанда, Сирияның үкіметтік делегациясын БҰҰ жанындағы осы елдің тұрақты өкілі Басар аль-Джафари басқарды. Сириялық оппозиция делегациясында шамамен 15 оппозициялық топтың өкілі бар.
Ресей делегациясына РФ Президентінің сириялық реттеу мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі Александр Лаврентьев басшылық жасауда. Түрік және Иран делегацияларын аталған мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары – Седат Онал мен Садек Хусейн Джабери Ансари бастап келді.

Мұнан бөлек, сириялық дағдарысты реттеу процесіне БҰҰ бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы өкілі Стаффан де Мистура мен Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джорд Крол де қатысты.
Келіссөздердің ашылу рәсімі БАҚ өкілдеріне тікелей көрсетілді. Жиыннан хабар тарату үшін 25 елден 380-ге жуық тілші реми тіркелген. Одан кейінгі келіссөздер барысы «жабық есік» жағдайында өтті.

СИРИЯДАҒЫ ТЕКЕТІРЕС АЛДАҒЫ ЖАРТЫ ЖЫЛДА РЕТТЕЛУІ МҮМКІН

Бұл жиынға күні бұрын келген БҰҰ-ның Сирия мәселелері бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болды.
– Мен Ресей, Түркия және Иран Президенттерінің Астанада келіссөздер өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алдым. Біз кездесудің жемісті өткенін қалаймыз. Қазақстан кездесуге қатысатын тараптардың бәрімен тең әрі сенімді қарым-қатынаста болғандықтан, келіссөздер қалыпты өту үшін барлық жағдай жасалады деп ойлаймын, – деді екіжақты кездесуде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

astana 4-1

Өз кезегінде, Халықаралық ұйымның өкілі Астана процесі бейбіт өмірдің бастауы боларына сенім білдіріп, бастамашыл істердің ұйытқысы болып отырған Қазақ еліне алғыс сезімін білдірді. 
– Сіздің еліңіз халықаралық аренадағы ең күрделі ахуалды реттеу ісінде зор тәжірибесін көрсетіп, үлгі болып келеді. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі Сирия қақтығысын шешудің қосымша мүмкіндігіне айналып отыр, – деді БҰҰ-ның Сирия мәселелері бойынша арнайы елшісі Стаффан Де Мистура.
Астана процесі қатысушыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үндеу жолдады. Оны қызметіне жуырда ғана кіріскен еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов оқыды. 
– Шамамен 6 жыл бойы жалғасып жатқан қантөгіс түрлі өркениет пен мәдениет тоғысқан өлкеге қайғы-қасіреттен басқа ештеңе әкелмеді. Бейбітшілікті насихаттайтын Қазақ елі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнап, беки түсуіне мүдделілік танытады, – делінген Елбасы Үндеуінде. 
6 жылға созылған Сирия қақтығысының жайын зерделеген әлемдік БАҚ құралдары да мұндай келіссөздердің өз нәтижесін береріне үлкен сенім артуда. 
– Бұл жиынға оппозициялық топ өкілдерінің қатысқаны қызығушылықты арттырып отыр. Себебі Сирия оппозициясы деген түсінік біркелкі емес. Ондаған саяси күштің әрқайсысы өзін «сириялық оппозиция» деп атайды. Мен геосаяси бағдарламаның авторы ретінде делегаттардың пікірін білгім келеді. Астана процесін бүкіл әлем бақылады. Тілшілер нәтижесін күтіп, соңғы мәлімдемелер «Қазмедиа орталығынан» тікелей эфирде таратылды. Үстел басында кім, қалай және кімге қарсы отырғандығын да қалт жібермеді. Көптен күткен диалогқа бақылаушы ретінде қатысқан АҚШ елшісі БҰҰ-ның өкілі мен сириялық оппозицияның дәл ортасында отырғаны да назардан тыс қалмады, – дейді шетелдік журналист Андрей Афанасьев. 
Астана процесінен хабар таратуға келген сириялық тілші Алла Ибрагим елдегі жағдайды айтып, ой бөлісті. 
– 6 жылға созылған соғыс халықты әбден шаршатты. Мысалы, Дамаскіде 22 күн ауызсу болған жоқ. Оқтын-оқтын жарық өшіп тұрады. Халық бейбіт күнді аңсайды. Атылған оқтың дауысынан әбден жалықты. Сондықтан біз осы келіссөздерге үлкен үміт артып отырмыз, – дейді ол. 
«Дөңгелек үстел» аясында Сирия билігі мен оппозиция өкілдері келелі келіссөз жүргізді. Екі күндік алқалы жиын соңында бітімгерлік бастамаға қол жетеді деген сенім зор. Осы арқылы төрткүл дүниені алаңдатқан түйткіл реттеледі деп күтілуде. Халықаралық қауымдастық Сириядағы соғыстың аяқталуынан үміт үзбей, қолдағы бар мүмкіндікті қолдануға ниетті. 
Айта кетсек, Астанада сириялық оппозиция топтарының бұған дейін де екі кездесуі өткен болатын. 2015 жылдың мамыр айында өткен алғашқы кездесуде астаналық декларация қабылданған. Бұл құжат лаңкестіктің барлық түрлерін айыптап, бүкіл шетел жасақтарын елден шығаруға шақырған. Келіссөздердің екінші кезеңі қазан айында өтті. Оған қатысқан сириялық оппозиционерлер бұл кездесуді ұйымдастырған Қазақстанға алғысын білдіріп, бейбіт мемлекет Сириядағы жанжалды реттеуге өз үлесін қосатынына сенім білдірген болатын. Дегенмен, Халықаралық қауымдастық тарапынан ұйымдастырылған бұған дейінгі басқосулар бүгінгідей үлкен құрамда өтпегенін де айта кеткеніміз жөн.

ДҮЙІМ ЕЛДІҢ НАЗАРЫ – ҚАЗАҚСТАНДА

Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған келіссөздер туралы шетелдік БАҚ жарыса жазуда. Мәселен, Ресейдің «Коммерсант» газеті: «Алты жылда алғаш рет Сирияның қарулы оппозициясы келіссөзге келді» деп жазады. «Және оған саяси өкілі емес, «Джейш аль-Ислам», «Мұхаммед Аллюш», «Сирияның азат әскері» сынды ұйымдардың жетекшілері басшылық еткен. 15 оппозициялық топ өкілінің кездесуге келуі бұрын-соңды болмаған жағдай», – деп жазады мерзімді басылым. Сондай-ақ мақалада бұл халықаралық қақтығысты реттеуге бағытталған маңызды қадам екендігіне басымдық берілген. «Коммерсант» газетіне берген сұхбатында Түркия Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу: «Астана процесі – тарихи оқиға. Бұл кездесу Сирия, Иран, Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге серпін береді. Мұндай форматтағы кездесу бұған дейін ұйымдастырылмаған, мұның өзі үлкен жетістік», – дейді.

20170124093144

Ал «Би-би-си» арнасы Сирияның ресми билігі мен ондағы қарулы оппозияция алғаш рет Астана алаңында келіссөз жүргізіп жатқандығы туралы ақпарат таратты.
Оппозиция Сирия Президенті Башар Асадтың отставкаға кетуін талап етіп отырғандығы белгілі. Ал Асад ол үшін елдің Конституциясын өзгертуге тура келеді. «Бұл тек рефедендум арқылы жасалады», – дейді.

БЕЛСЕНДІ ЫНТЫМАҚТАСУҒА ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

Астана процесіне қатысушылар келіссөздер өткізуге мүмкіндік жасаған Қазақстан Президентіне ризашылықтарын білдірді. Бұл жөнінде әлемдік БАҚ өкілдері үшін баспасөз баяндамасын өткізген ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті.
– Біз Астанадағы Сирия жөніндегі халықаралық кездесу үкімет пен опппозиция арасындағы тікелей диалог үшін форма саналатындығын атап өтеміз. Мұны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарары талап етеді. Біз қарулы оппозициялық топтардың келіссөздердің келесі раундына қатысуға ниет танытып отырғандығын қолдаймыз. Ол 2017 жылдың 8 ақпанында Женевада БҰҰ құзіретімен өтеді, – деді министр өз мәлімдемесінде. 
Сондай-ақ, құжатта тараптар халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшелерін БҰҰ ҚК қарарымен келісілген барлық іс-шараларды жүзеге асырудағы саяси процеске қолдау көрсетуге шақырған. 
– Біз сириялық саяси процесті қамтамасыз ету, жаһандық процестерге және 2254 қарарын жүзеге асыруға үлес қосу үшін БҰҰ көмегімен Астана платформасында белсенді ынтымақтасуға шешім қабылдадық. Біз Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлы мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстанға өз аумағында, астанада Сирия бойынша халықаралық кездесуді қабылдағаны үшін алғысымызды білдіреміз, – делінген құжатта.

Суреттер kazinform.kz
сайтынан алынды

Опубликовано в Саясат

Жыл басталғаннан уақытша тіркеуге тұру жайы елді «толғандырған тақырыптың» біріне айналды. Осыған орай «Шымкент келбеті» газеті редакциясы ұйымдастырған дәстүрлі «дөңгелек үстел» басындағы әңгімеге ОҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасының аға инспекторы – Жеңіс ИСАҰЛЫ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ филиалы – ОҚО бойынша ХҚКО департаменті директорының орынбасары – Еркебұлан АСАНБАЙҰЛЫ және теолог Ұлықбек АЛИАКБАРҰЛЫ қатысты. Халықтың жолдаған сұрақтарына байланысты ақпарат алмасып, тіркеу жұмыстарының барысы жайлы ой-пікір бөліскен басқосуды «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы – Айгүл ҚАПБАРОВА жүргізіп отырды.

111

ШК: – Кез келген заң адамның қолайлы өмір сүруі үшін дүниеге келеді. Сіздер қалай ойлайсыздар, заңнамалық актілердегі «уақытша тіркеуге» қатысты өзгерістер қоғамда неге қызу пікірталас туғызды? Бұл өзгерістер Көші-қон қызметін қаншалықты жеңілдетті және халықтың күнделікті тұрмыстық өміріне тиімділігі бар ма?

Е.АСАНБАЙҰЛЫ: – Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бұл өзгерістерді қолдаймын. Өйткені, өңірге келіп-кетіп жатқан адамдардың санында шек жоқ. Ата-анасынан алыстап, ауыл-ауданнан жастар келеді. Оң-солын танып үлгермеген олардың түрлі жағымсыз жағдайларға ұрынып жататыны жиі кездеседі. Шынын айтқанда сол келіп-кетіп жатқандардың есебі болмайтын. Ал қазіргі таңда мекенжайы белгілі болғандықтан кім де болса жауапкершілікті сезінеді. «Уақытша тіркеу» – мемлекеттің әр азаматты қамқорлыққа алуы деп қабылдаймын.

Ж.ИСАҰЛЫ: – «Уақытша тіркеу» бүгін ойлап табылған жаңалық емес, 1993 жылдан бері заңда қаралған тәртіп. Тек бұған дейін үш айға рұқсат етілгендіктен азаматтар уақытша тіркеуге тұруды созбалаңға салып алғаны бар. Сондықтан талап қазір бір айлық мерзімге қысқартылып, айыппұл мөлшері бұрынғы 5 АЕК көлемінен бүгінде 7 АЕК-ке ұлғайды. Халықты елең еткізгені де сол шығар. Ал елге берер пайдасына келсек, бұл әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұрын «уақытша тіркеуге» тұру үшін тек көшіп-қонатын азамат бас қатыратын. Пәтерін жалға берушілер үйіне тіркеуге тұрғызса, меншігін заңсыз иеленіп кете ме деп қауіптенетін. Жеке мүлкіне пәтер жалдаушының мүдделі болуын ешкім қаламайды. Соның салдарынан қаламызда тіркеусіз жүрген халық саны күннен күнге арта берді. Бұл жағдай Ішкі істер қызметіндегі түрлі арыз-шағымдарды қарап, іс жүргізуге кесірін тигізбей қоймады. Іздеген адамды мекенжай бойынша табу қиынға соғатын. Қазір азаматтарды есепке алуда ҚР Заңының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 493 бабы 5 тармағына толықтыру енгізілді. Осы заңға сәйкес, меншік иесіне де жауапкершілік жүктелді. Уақытша тіркеуде тұрған азаматтар мүлікке ортақтаса алмайды. Пәтер иесі үйін сату үшін олардың келісімін алуға міндетті емес. Үй немесе мекеме (жатақхана) иелеріне қойылған заңды талаптар «уақытша тіркеу» жұмыстарын едәуір жеңілдетіп отыр. Қазір ХҚКО-на келіп уақытша тіркеліп жатқандардың басым бөлігі сол пәтер берушілердің еркімен жүзеге асырылуда. Өйткені, олар үйіндегі тұрғындарды есепке тұрғызбаған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

10 күннің ішінде облыс бойынша 22 636 адам тіркеуге тұрған. Оның 17 431 тұрақты, 5 205-і уақытша тіркеуге алынды.

DSC 3859

Ұ. АЛИАКБАРҰЛЫ: – Меніңше, тіркеу тәртібі діни қақтығыстар мен террористік әрекеттерге тосқауыл қоя алады деу жаңсақтық сияқты. Осы саладағы 18 жылдық тәжірибеме сүйенетін болсам, бұзақылық әрекетке баратын адамға міндетті түрде сол жерде тұрудың қажеті жоқ. Тіпті тұрақтың да қажеті жоқ. Дегенмен, экстремистік көзқарас қалыптастырып, отбасынан алшақтап кеткен балаларды табуға көмегі зор. Бір жолы діни ағымның жетегіне еріп кеткен жігітті іздеп, туған шаңырағына бардық. Анасы ұлын мақтап, оның «жақсы» екеніне бізді сендіргісі келді. Бірақ, көзімізбен көрген жағдай ол жігіттің үйінен хабарсыз кеткеніне көп болғанын түсіндірді. Әкесі арбаға таңылған. Үйдің жағдайын жасайтын, сүйеу болатын ер адамға қарап тұрған шаруа толып жатыр. Тағы бір жігітті іздеп мекенжайын анықтадық. Хат жазсақ, оның сол ауылдан кеткеніне бірнеше жыл өткені туралы ресми мәлімет келді. Мұндай жағдайлар өте көп.

ШК: – Әңгіменің бір шеті әлеуметтік мәселеге келіп тіреледі. Тіркелу мен уақытша тіркеудің аражігін ажыратып бересіздер ме? Осы жерде түсінбеушілік туындап жатқан сияқты.

Ж. ИСАҰЛЫ: – Азаматтар тұрақты мекенжайға тіркелген жағдайда мерзім көрсетілмейді. Ал «уақытша тіркеуде» азаматтар емделуге, оқуға немесе жұмыс істеуге келген болса, мекенжайы бойынша қажеттілігіне қарай уақыт белгілейді. Ол – 1 айдан астам мерзімнен 1 жылға дейін болуы мүмкін. Уақытша тіркеуге келген азаматты ішкі істер органдары бұрынғы тіркелген жерінен шығармай, көрсеткен уақытына сай екінші мекенжай бойынша есепке алады. Бұл басқа қаладан көшіп келгенде ғана емес, бір елдімекеннен екінші елдімекенге көшкен уақытта да жүргізіледі. Яғни, уақытша тіркелген адамның екі тіркеуі болады. Оның бірі – өзінің тұрақты үйі болса, екіншісі – мақсатты түрде келген тұрағы. Ескеретін бір жайт: көрсетілген мерзім аяқталғанда азамат базадан автоматты түрде уақытша тіркеуден шығады. Егер сол жерде тағы біраз жұмысын жалғастыратын болса, уақытша тіркеу мерзімін ХҚКО орталығына барып қайта ұзартуы тиіс. Заң тек әр адамның тіркелуіне бағытталған және бұл қызметтің ақысы қымбат емес, бар болғаны – 227 теңге. Демек, әлеуметтік төлемдер мен салықты, пәтерақысын осыған байланысты қымбаттатуға негіз жоқ.

Ұ.АЛИАКБАРҰЛЫ: – Әлеуметтік жағдайды алға тартып, заңдағы өзгерістерге шошына қараудың реті жоқ. Бұл тәртіптің бізге керек жақтары көп. Әсіресе, ата-ана өз баласының тәрбиесін бақылауда ұстауына тиімді. Экстремистік әрекеттердің алдын алу осы тұста басталады. Теріс діни ағым өкілдерінің көздегені де сол, қиналып жүрген адамға бауырмалдық таныту. Сол арқылы адамның жандүниесіне кіріп, санасын улайды. Рухани әлсіз адам оған сеніп, соңынан еріп, ол не десе де дұрыс көреді. Соңында өз ата-анасынан бас тартуы да әбден мүмкін. Ұл-қызынан хабар ала алмай етегі жасқа толып отырған отбасылар аз емес.

DSC 3938

ШК: – Шымкент – үлкен қалаға айналды. Мегаполис болғандықтан ауыл-аудан халқы ағылатын орталыққа түрлі мақсатта келушілер де көп. Басқа қалалардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеуге тұру кезінде орын алған жайсыздықтардан бүкіл ел хабардар болып отыр. Бұл орайда Шымкент қаласындағы ХҚКО-да жағдай қандай?

Е. ӘЛСЕЙІТОВ: – Облыс бойынша ХҚКО-ның 30 бөлімі жұмыс істеуде, оның 8-і Шымкент қаласында орналасқан. Оның 1-і тек автокөлікке қатысты мамандандырылған. Жаңадан ашылған үш бөлім көші-қон қызметіне дайын емес. Заңға өзгеріс енгізілуіне байланысты тіркеуге тұруға келген тұрғындар саны күрт артты. Оған әр жылдың басында зейнетақы, жәрдемақы және басқа да түрлі әлеуметтік төлемдерге құжат тапсыратындарды қосыңыз. Сондай-ақ, ХҚКО-ға жүздеген қызмет түрін пайдалану үшін жүгінетіндер де бар. Жұмыс көлемі көбейген соң Көші-қон полициясы басқармасымен бірлесе отырып, қызметкерлердің санын арттырдық. Жұмыс кестесі өзгерді. Бұрын құжаттарды тіркеу, қабылдау 18:00-де тоқтатылып, база жабылатын. Қазір таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істеудеміз. Құжаттарды қабылдаумен Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері айналысады. Ал қайбылдауға дейінгі құжат дайындау, кеңес беру жұмыстарын ХҚКО мамандары атқаруда. Алматыда орын алған оқыс оқиғаға байланысты біздің орталықтарда таңғы сағат 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін медицина саласының мамандары отыр.

ШК: – Бұрын қоғамда аса мән берілмеген уақытша тіркеуге алу жұмыстарына жаңа өзгерістер әсер етті ме? Бұған дейін тіркеусіз жүргендерді анықтау үшін рейд өткізіп, айыппұл салған деректер бар ма? Қазір уақытша тіркеу жұмыстары қалай жүріп жатыр? Қай мерзімге дейін тіркеліп бітуі тиіс?

Ж. ИСАҰЛЫ: 2016 жылғы деректерді келтірейін, өткен жылы 166 194 адамды тіркеуден өткіздік. Оның 147 874-і тұрақты, 18 320-сы уақытша тіркелді. Тіркеу ережесін бұзғаны үшін шамамен 3 236 адамға айыппұл салынды. Қынжылтатыны сол, бұлардың барлығы өз еліміздің азаматтары еді.
Заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер 7 қаңтардан бастап күшіне енді. Қонақта, іссапарда жүрген, саяхаттап, шипажай не басқа да демалыс орындарына келген азаматтардан 30 күнге дейін уақытша тіркеуге тұру талап етілмейді. Ал 30 күннен артық уақыт тұрақтаса, тіпті, қонақ болса да міндетті түрде оның мекенжайы туралы мәлімет ішкі істер қызметінің базасына түсуі керек. Әйтсе де, 10 күннің ішінде облыс бойынша 22 636 адам тіркеуге тұрған. Оның 17 431 тұрақты, 5 205-і уақытша тіркеуге алынды. Демек, халық жауапкершілікті сезінді, бей-жай қалмады.

DSC 3831

Қазіргі таңда Көші-қон полициясы қызметкерлері мен учаскелік полицейлер толығымен осы бағытқа жұмылдырылды. Заңды дұрыс түсіндіру үшін мекеме басшыларымен байланысқа шығып, жиналыстар ұйымдастырып, сондай-ақ БАҚ қызметі арқылы түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Әзірге рейд өткізу жоспарда жоқ. Ақпан айына дейін тек түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Келесі айда тексеруді бастаймыз. Тіркеуде жоқ азаматтарға бірден айыппұл салмай, алдымен ескерту беретін боламыз.

ШК: – Халықты «Толғандырған тақырып» заңдағы жаңа өзгерістерге байланысты болғандықтан редакциямызға жолдаған оқырман сұрақтарының басым бөлігі Көші-қон полициясына бағытталып отыр. Тексеру жұмыстары қалай жүреді? Мәселен, үй әркімнің жеке меншігі. Олар баспанасына бөтен адамды кіргізбеуге құқылы. Сондай жағдайда үйде қанша адам барын, қаншасы бөтен екенін қалай анықтайсыздар?

Ж.ИСАҰЛЫ:– Бұл мәселеде бізге жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция бөлімдерінің полицейлері көмектесетін болады. Оларда әр отбасы туралы мәліметтер жазылған дәптері болуы тиіс. Сондай-ақ, учаскелік бөлімше қызметкері күмән туғызатын адамды кезіктірсе, тұлғаны анықтау жұмыстарын жүргізе алады. Сондай-ақ, қала тұрғындарынан, күмәнді адамдар туралы ақпараттар мен шағымдар олардың көршілерінен де келіп түсіп жатады. Сол арыз-шағымдардың негізінде тексеру жүргізіледі.

Тіркеуде жоқ азаматтарға бірден айыппұл салмай, алдымен ескерту беретін боламыз.

ШК: – Редакцияның хат қоржынына «мен қай жақта тіркелуім керек?» деген сұрақтар вахталық жұмыста жүргендерден, құрылысшылардан, пәтер жалдап тұрушы мен үй кезегінде тұрғандардан келіп түсіпті. ҚИК арқылы пәтер алғандардың бірі 5 жылдан соң ғана үй меншік иесінің атына аударылатынын хабарлап, бұл уақытта тіркеуге қатысты мәселені қалай шешуді сұрапты.

Ж. ИСАҰЛЫ: – Түрлі салада еңбек ететін азаматтар жоғарыда айтып өткеніміздей тұрғылықты мекенжайынан тіркеуден шықпай-ақ екінші мекенде уақытша тіркеуден өте алады. Мысалы, 15 күн вахтада қызмет етіп, 15 күн үйіне қайтатындар жұмыс орнындағы мекенжайда уақытша тіркеледі. Құрылысшылар мен дихандарды тапсырыс беруші өз үйіне немесе жұмыс алаңына (ғимарат, ферма, кеңсе, т.б.) уақытша тіркеуге тұрғызуға жауапты. Әлеуметтік және тұрғын үй кезегінде тұрғандар әу баста тіркелген мекенжайын ауыстырмай-ақ, жалға алған пәтерінің мекенжайына уақытша тіркеуден өтуіне болады. Сөз басында айтқанымыздай, заң адам өмірін жеңілдету үшін қабылданады. Уақытша тіркеу – азаматтарды тиісті жәрдемақылар мен мүмкіндіктерден қағылмай-ақ ішкі істер органына мәлім мекенжайларда тұрақтауы үшін жасалған жағдай.
Ал мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үйге қол жеткізген азаматтарға келісімшарт берілген. Онда пәтерді жалға алушы мен оның отбасы мүшелері тіркеуге тұруға болатыны жайлы тармақ бар. Яғни, баспана меншік иесінің атына өтпесе де ол үйдің мекенжайына тіркелуге болады.

ШК: – Редакциямызға хабарласқандардың бірі ХҚКО-ғы халықтың ұзын сонар кезекте тұрғанын алға тартып, жұмысын қалдырып шыға алмайтынын айтыпты. Оларға не дейсіздер? Жалпы, ХҚКО-да адамдардың денсаулығына зиян келіп, шаршататындай аура жоқ па?

Е. АСАНБАЙҰЛЫ: – Қазіргі уақытта әр орталықта бір-бір «Жедел жәрдем» тобы отырады. Бірер күн бұрын егде жастағы бір ғана азаматқа көмек керек болды. Аздап өзін нашар сезінген кісіге дер кезінде көмек көрсетілді. Әйтсе де, оның денсаулығында басқа да кінәраты жоқтығына көз жеткізу үшін «Жедел жәрдемнің» көмегімен тексеруге жібердік. Ал кезекке келетін болсақ, басқа қызметке келгендер мен құжаты толық емес немесе үй иесі яки тіркеуге тұратындардың бір-бірін күтіп 2-3 сағат сол жерде жүргендері бар. Бірақ, тіркеуге, уақытша тіркеуге тұруға келгендерге қызмет көрсету уақыты 10-20 минуттан аспайды. Ал жұмыстан шыға алмайтындар үшін қарбалас басылғанша сенбі күні де сағат таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ХҚКО жұмыс істейтінін ескерткім келеді.

DSC 3821

ШК: – Шымкент қаласының аумағына 2014 жылы аудандардан 40-тан астам ауыл енген болатын. ХҚКО-ның мамандарына ол тұрғын алаптардың жағдайы белгілі болар? Облыс қарамағындағы ауылдар мен көшелерді қала аумағына тапсыру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Мекенжайлары нақтыланбағаны бір мәселе болса, мұнда бұдан өзге де жағдайлар көп. Мысалы, өмірден өткен жақынының атындағы үйді өз атына аудармаған мұрагерлер бар. Олар алдымен мұрағат бөліміне баруы қажет. Ал құжаттары өз атында болғанымен, мекенжайы нақтыланбағандар жылжымайтын мүлкін қайта заңдастырып, рәсімдеп үлгермейтінін айтады. Шешілмеген мәселесі көп тұрғын алаптардың халқы «Мынадай жағдайда тіркеу жұмыстарын қалай жүзеге асырамыз? Жүзеге асыра алмасақ, айыппұл төлейтіндей кінәлі де емеспіз ғой. Үлгере алмағанымыз үшін айыппұл төлейміз бе?» деп сұрапты. Шынында да айыппұл аз қаражат емес. Бұл жағдайда қалаға енген ауыл тұрғындарының тағдыры не болмақ?

Е.АСАНБАЙҰЛЫ: – Иә, бұл жағдайлардың барлығы бізге таныс. 100 үйдің 10-ы ғана құжаттарын қайта рәсімдеген. Қалған 90-ы арқаны кеңге салып, құжаттарға әу бастан салғырт қараған. Олардың арасында тіркелу тұрмақ, бүгінге дейін мекенжай туралы анықтама ала алмай жүргендер де бар. Тіпті, мұрағаттарды ақтарып, аудан мен облыс арасында сабылып жүргендер де жеткілікті. Оған бүгінгі облыс аумағынан қалаға енгізу жұмыстары қосылды. Қазір бұл тұрғын алаптарда қайта құру және жылжымайтын мүлікті жаңа бекітілген мекенжайға заңдастыру жұмыстары жүріп жатыр. Сол жұмыстар аяқталмайынша тіркеуге де тұра алмайды. Соның салдарынан өздеріне қажетті жеңілдіктерді де пайдалана алмай жүргені рас. Біз жақында Көші-қон қызметкерлерімен бірге «Ақжар» тұрғын алабына барып, жағдаймен танысып, әрі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайттық.

Ж. ИСАҰЛЫ: – Облыс пен қала аумағында жоспармен атқарылып жатқан жұмыстар негізінде орын алған мұндай себептер ескерілді. Қалаға енген ауылдың тұрғындарымен учаскелік полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Олар рейдтік іс-шаралар өткенде жұмыс дәптеріне әр үйдің мәліметтерін жазып алады. Оған бұрынғы «үй кітабында» тіркелген азаматтарға қоса жаңадан қосылған отбасы мүшелері де тіркеледі. Сол тізімдегі азаматтарға ауыл, көше мәселелері оң шешімін тауып, мекенжайы нақтыланып, жылжымайтын мүлкін қайта заңдастырғанға дейін айыппұл салынбайды.


Түйін сөз:

Е.АСАНҰЛЫ: – Уақытша тіркеудің пайдасы – әр азаматтың қауіпсіздігі үшін маңызды. Әйтсе де, ескертетін бір жайт бар, уақытша тіркеу арқылы әлеуметтік төлемдер жүргізілмейді. Зейнетке шығу, жәрдемақы және басқа да қызметтер үшін құжаттарды негізгі тіркелген мекенжайы бойынша тапсырады. Ал кез келген қызметтің ең оңай жолы – электронды цифрлы қолтаңбаны пайдалана білу.

Ж. ИСАҰЛЫ: – Біздің мақсатымыз – айыппұл салу емес, халықты тұрғылықты мекенжайы бойынша жүйеге келтіру. Заң – ішкі көші-қон қызметін ретке келтіру үшін жұмыс істейді.

Ұ.АЛИАКБАРҰЛЫ: – Халықтың қауіпсіздігін ойлау дұрыс. Дегенмен, заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға бағытталғанын ұмытпау қажет. Діни көзқарасы өзгеріп, экстремистік бағытқа бет бұрып бара жатқандардың тізімі біздерге, теологтарға келіп жатады. Бірақ, оларды райынан қайтару үшін кездесіп сөйлесу қиын. Басты мәселе – мекенжайы нақты емес. Сондықтан, көші-қон қызметі біздерге осы бағытта көмектесіп, ең әуелі күмәнді деген азаматтардың мекенжайын тексеруден бастаса деген ұсынысым бар.

Опубликовано в Әлеумет

Газетіміздің жаңа жылдағы жаңа жобаларының бірі – «Толғандырған тақырып» айдары. Форматы – дөңгелек үстел формасында өтетін «Толғандырған тақырыпта» көкейкесті сұрақтар ортаға салынып, күн тәртібіндегі түйінді мәселелер талқыға түседі. Сала мамандары журналистердің қойған сауалына жауап береді. Проблеманың түйіні тарқатылады.
Бүгінгі толғандырған тақырып – «Газ қауіпті ме, салғырттық қауіпті ме?». Жуырда ғана Шымкент қаласындағы Халықтар достығы көшесінде орналасқан екіқабатты жеке тұрғын үйде апатты жағдай орын алды. Дүйім жұртты дүрліктіргені баршамызға аян. Осындай оқыс жағдайлардың алдын алып, елді сақтандыру үшін бұл тақырыпта әңгіме өрбітуді жөн санадық.
Дөңгелек үстел басындағы әңгімеге Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы (ары қарай – ТЖД) басшысының міндетін атқарушы Рауан ӨСЕРБАЕВ, ОҚО Төтенше жағдай департаменті «Жедел құтқару жасағы» МКМ-сі басшысының орынбасары Ғалымжан ДҮЙСЕНБАЕВ, ОҚО ТЖД «Жедел құтқару жасағы» құтқару бөлімшесінің басшысы Рахымжан БЕКЕМБАЕВ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның ОҚ Өндірістік филиалының бас инженері Сәкен ИСМАЙЛОВ, Шымкент қалалық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы Ғалымжан МҰРАТОВ қатысты.
«Толғандырған тақырып» басқосуын «Шымкент келбеті» газетінің жауапты хатшысы Асхан Майлыбаева жүргізіп отырды.

dongelek ustel

Техникалық қауіпсіздікті бақылайтын құрылым керек

«ШК»: – Өткен жылы Шымкент қаласында жылыту маусымында газдан зардап шегудің 20 дерегі тіркелген болса, оның 19-ында көмірқышқыл газынан улану жағдайы орын алды. Салдарынан 29 адам зардап шегіп, оның 18-і қайтыс болды. Өкінішке қарай, өмірден өткен жандардың бесеуі – кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Бұл көрсеткіштердің алдыңғы жылдармен салыстырғанда едәуір өсіп отырғаны алаңдатады. Ал мұның себебі неде?

Р.ӨСЕРБАЕВ: – Иә, өкінішке қарай көрсеткіш жыл санап өсуде. Бұған қарап жұмыс әлсіреп кетті деуге болмайды.Төтенше жағдайдың алдын алу үшін кеңінен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Үгіт-насихаттық көрнекіліктер облыс, қала бойынша үлкен экрандарда, білім ошақтарында, қоғамдық орындарда, тіпті ұшақтардың ішіндегі жарнама бұрыштарында да көрсетіліп, ілінген. Бұл шаралар «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өңірлік филиалының қызметкерлерімен бірлесіп те жүргізілуде. Дегенмен сақтық шаралары туралы жарнамалық, көрнекілік материалдарға көпшіліктің көңіл бере бермейтіні бізді қынжылтады. Бұлай дейтін себебім, төтенше жағдайдың жиілеп кетуіне көбіне-көп тұрғындардың өзі себепкер болуда. Қарапайым газ тетігін дұрыс қосуды білмейді. Ал біз жоғарыда айтқандай, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы апаттың алдын алу шараларын үздіксіз көрсетіп келеміз. Әкімдік тарапынан қаржы бөлініп, әлеуметтік бейнероликтерді жиі-жиі беріп жатырмыз. Қазір адамдар көп нәрсеге немкетті қарайды. Соның салдарынан осындай қайғылы апаттар орын алуда. Рас, әркім өз тіршілігінің қожайыны. Сондықтан әрбір үйдің ішкі тұрмыстық жағдайына, оның жеке мүлкіне араласуға біздің хақымыз жоқ. 

DSC 0499

С.ИСМАЙЛОВ: – Апатты оқиғалардың көбейіп отырғанының тағы бір себебі – тұтынушылар санының жылдан жылға арта түсуінен де деуге болады. Мәселен бір қазандықты бірнеше пәтер пайдаланатын жағдайлар бар. Мұндайда техникалық ережені бұзу фактілері салдарынан апатты жағдайлар орын алатыны жасырын емес. Осы бағытта жергілікті атқарушы билік, ҚазТрансГазАймақ, ТЖД бірлесіп, келісім бойынша мамандарды бөліп, демалыс күндері де тұрғындармен жұмыс істеп келеміз. Одан бөлек, коммуналды қызмет ақысын жинаған кезде есеп қағазын таратамыз. Есеп қағазының артында газ қолдану ережесі мен ескертулер жазылады. Бірақ көпшілігінің соған мән беріп қарамайтынын немен түсіндіруге болады?

«ШК»: – Қазір үйлерін Қытайдан, Ираннан әкелінген тасты пештермен жылытатын тұрғындар да аз емес. Ал осындай пештерді пайдалануға рұқсат берілген бе? Жалпы, оны орнатуға бақылау жасап, қадағалайтын мекеме бар ма? 

С.ИСМАЙЛОВ:– ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес ішкі газ қондырғылары заман ағымына қарай еркін нарыққа өтіп кеткен. Тұрғындар иран, қытай пештерін қолданса, оған ешкім тосқауыл қоя алмайды. Ол тұтынушының өз еркіндегі шаруа. Оған Заң шеңберінде тыйым салынбаған. Тыйым салатын мекеме де жоқ. Бірақ, ирандық пештердің құрылымында мұржа қарастырылмаған. Ал «Газ және газбен жабдықтау» Заңының талабына сай тұрғын үйде мұржа болмаса, онда ол үйдің газ жүйесін өшіруге біздің толық құқымыз бар. Тұтынушы кез келген газ қондырғысын бөлмеге орнатып, қасына желдеткіш қойып, мұржаны тексеріп отыруы керек. Жанған газ қалдықтары мұржа арқылы далаға шығып кетеді. Мұны көп тұтынушылар ескере бермейді. Газ қондырғысын біздің мекеменің рұқсатынсыз қояды. 

DSC 0524

«Газ және газбен жабдықтау» Заңының талабына сай біз де жеке секторларға рұқсатсыз кіре алмаймыз. Газ орнату жүйесіне қосылып жатқан жаңа абоненттерге келісімшарт береміз. Сол шарттың негізінде біздің мамандар барып, көріп, қабылдап алғаннан кейін ғана газ қосылады. Өкінішке қарай, көп ретте жағдай керісінше орын алады. Тұрғындар мұндай мәселеде жеке кәсіпкерлердің қызметін пайдаланады да, техникалық ақаулар анықталған кезде барып бізге хабарласады. Мұндай жағдайда біздің мекемемен келісімшарты болмаса да, газды өшіріп тастауға құқымыз бар. Ал негізінен ақауды қайта жөндету үшін тұтынушы өзі келісімшартқа отырған жеке кәсіпкерге жүгінуі тиіс.

«ШК»: – Қазір қаладағы тұрғын үйлердің көпшілігі жылу орталықтарының қызметін пайдаланудан гөрі дербес қазандық орнатып алуды құп көретін болды. Оларға автономды қазандық жүйесін орнатуға заңдық негізде рұқсат бар ма? 

С.ИСМАЙЛОВ: – Дербес жылыту жүйесін қосып алған тұрғындар мұны ешкімнің рұқсатынсыз, өз бетінше орнатып алғандығын айтуға тиіспіз. Рас, егер үйдің құрылысында мұржа қарастырылып, газ колонкасы орнатылған болса, дербес қазандықты тек су жылыту үшін пайдалануға рұқсат беріледі. 

DSC 0543

Негізінде көпқабатты үйлерге дербес қазандық қоюға болмайды. Кейбіреулер оны асүйге, жуынатын бөлмеге, балконға орнатады. Бұл – ережені өрескел бұзғандық. Бүгіндері жаңадан салынып жатқан үйлердің жобасында дербес (автономды) жылыту жүйесі қарастырылуда. Ал бұрынғы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін үйлерге автономды жүйе жарамайды. Бізге: «Орталық жылу жүйесін қолдансақ та, үйімізден газдың иісі шығып тұрады», – деп хабарласатындар бар. Ол иіс қайдан шығып жатыр? Демек ол пәтердің жоғары немесе төменгі қабатындағы көршісі автономды жүйені қолданатын болып шығады. Мұның дұрыс емес екендігін тұрғындарға түсіндіріп келеміз. Бірақ, заңдық тұрғыда бұл мәселені қадағалап, тиісті шара көретін арнайы мекеме жоқ. Кезінде техникалық қауіпсіздікке жауап беретін арнайы инспекция болатын. 2000-шы жылдарға дейін мұндай инспекция біздің мекемеге қарайтын еді. Ол мекеменің инженерлері мен әскери-инженерлік қызметкерлері (сапер) улану жағдайы орын алса, газды өшіретін. Барлық жұмыс қадағаланып отыратын. Инспекторлар ереже бұзушылық анықталған жағдайда абонентке әкімшілік айыппұл салатын. Алдағы уақытта «Газ және газбен жабдықтау» Заңының талабына сай осы секілді инспекция құрылғалы жатыр. Ал бүгінгі жағдайда дербес қазандық қызметін бақылап, Заң негізінде талап ету біздің құзырымызға кірмейді. 

Р.ӨСЕРБАЕВ: – Иә, бұрын газ-техникалық инспекция жұмыс істейтін. ТЖД-ның бұрынғы басшысы У.Ережеповтің кезінде де осы қызметті қайтадан енгізу мәселесі бірнеше рет көтерілген еді. Бірақ, ол мәселе әзірге шешімін таба қойған жоқ. Біздің тарапымыздан бұған байлынысты ұсыныс әлдеқашан берілген. Яғни, бұл проблема бүгін ғана көтеріліп отыр деуге болмайды.

Қымбат құрылғыны қалта көтермейді

«ШК»: – Апатты жағдайлар көпқабатты тұрғын үйде жиі орын ала ма, әлде жеке секторда ма? 

С. ИСМАЙЛОВ: – Оны бөле- жара айту қиын. Екеуінде де бірдей десек болады. Қазір облыс бойынша 307 мың абонент газ тұтынатын болса, газдандырылған көпқабатты үйлердің саны 78 мың. Негізінде апаттың бірден бір себебі – газ қондырғыларын тиісті мекеменің рұқсатынсыз, талапқа сай емес жағдайда, өз беттерінше орнатудан шығады. Мәселен, Халықтар достығы көшесінде таяуда болған апатты оқиғада анықталғандай, газ қондырғысын орнатуға біздің мекемеден рұқсат алмаған, есептеуіш құралдары сыртта тұр. Бір қазандықпен бірнеше пәтер жылытылған. Қауіпсіздік шаралары ескерілмеген. 

Р.ӨСЕРБАЕВ: – Қазір заман талабына сай техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жаңа, тиімді құрылғылар шығарылып жатыр. Газ қондырғысы тұрған бөлмеде метан немесе иісті газ пайда болса, дабыл қағатын арнайы аспап бар. «Осындай аспапты қойыңыздар, бұл – өз қауіпсіздігіңіз үшін қажет», – деп тұрғындарға түсіндіріп, айтып-ақ жатамыз. Әйткенмен алатын жауабымыз біреу-ақ: «Оған мүмкіндігіміз жоқ. Өз қауіпсіздігімізге өзіміз жауаптымыз. Қазір өзімізге қолжетімдісін ала тұрсақ, алдағы уақытта көре жатармыз», -дейді тұрғындар. Оларға пәлендей талап қойып, мәжбүрлей алмайсың. Себебі, екінің бірінің қымбат қондырғы немес газ жабдығын қоюға қаржылық жағдайы көтере бермейтіні түсінікті.. 

«ШК»: – Сонда тұтынушылардың газды пайдаланудағы қауіпсіздігін қадағалау ешкімнің құзырына кірмейтін болғаны ма? Әркім өз қауіпсіздігіме өзім жауаптымын деп отыра берсе, мәселенің заңдық негізін қайдан іздейміз?

Р.ӨСЕРБАЕВ: – Әрине, кез-келген мәселенің заңды шешімі болуы тиіс. Бұл тұрғыда оған жауап беретін Заң жоқ дей алмаймыз. Алайда, ол заң біраз өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етуде. Бұл салада жоғарыда айтқан газ-техникалық инспекция қызметі жетіспей жатыр. 

 

С.ИСМАЙЛОВ: – Қазір осы заңның әлжуаздығын пайдаланған алаяқтар көбейді. Жеке компаниялардың газ қондырушы мамандары көп ретте алаяқтықпен ақша табады. Ақшаны алғанмен, мұржасын тексермейді, жылыту қондырғысын бақыламайды. Сол үшін тұрғындар ондай жеке кәсіпкерлермен заңды келісімшарт түзіп, соған сай алдымен тиісті қызметін алып, содан соң ғана төлем жасап, төлемқағазын талап етсе, алаяқтың арбауына түспейді. «Сіздерге осындай қызмет көрсететін боламыз» деп алдымен ақшасын төлетіп алып, соңынан таптырмай немесе танымай кететін «компаниялар» да кездеседі.
Егер газ пайдалануға қатысты мәселелер туындаса, біздегі сенім телефоны (104) мен 92-11-77 нөміріндегі саll-орталыққа хабарласқан жөн. Сондай-ақ, түбіртек бойынша сауалдарға байланысты WhatsApp желісінде
(8-777-727-77-21) «Омега-ХХІ» тобына жазуларыңызға болады.

Бесіктегі сәбиді жасақтың жігіттері алып шыққан

«ШК»: – 8-қаңтарда Халықтар достығы көшесінде орналасқан екіқабатты жеке тұрғын үйдегі газ-ауа қосындысы салдарынан болған жарылыс кезінде оқиға орнына ОҚО ТЖД «Жедел құтқару жасағы» МКМ-сінің қызметкерлері де жедел жеткен болатын. Алайда, «Жедел жәрдем стансасының» 13-бригада қызметкерлері бірінші келіп, бесіктегі сәбиді үйінді астынан аршып алғандай болып көрсетілген бейне түсірілім әлеуметтік желі арқылы елге тарап кетті. Соны көріп, «Жедел құтқару жасағының» жігіттері сол кезде қайда жүрді?» деген заңды сауал туындаған-ды.

DSC 0499

Ғ.ДҮЙСЕНБАЕВ: – Түнгі сағат 3:56-да диспетчерлік қызметке 112-ден хабарлама түскен. Бізде кезекші диспетчер хабарламаның қашан, қайдан келгені туралы хронология жасап отырады. Оқиға орнында екі құтқару бөлімшесі, біздің бөлімнен 44 құтқарушы болды. Жігіттер 18 минутта 3 адамды үйінді астынан шығарған. Негізінде құтқару бөлімшесінің бастығы Рахымжан Бекенбаев бастан-аяқ апат орнында болды. Жедел жәрдем қызметі жақын маңда жүргендіктен, бізден сәл ертерек барған. Алайда, бес адамның бесеуін де шығарған біздің жігіттер. Үйінді астында қалған бесіктегі сәбиді алып шығып, «Жедел жәрдем» қызметкерінің қолына берген. Міне дәл осы тұстан, яғни сәбидің «жедел жәрдемшілердің» қолына тиген тұсынан бастап көрсетілген бейнежазбадан «Жедел жәрдем» қызметкерлері «батыр» болып шыға келді. Бұл арада біздің олармен таласқымыз да, қызметімізді бұлдағымыз да келмейді. Төтенше жағдай орын алғанда жедел де жанкештілікпен көмек көрсету – біздің міндетіміз. Соған сай өз міндетімізді толық орындағанымызды жақсы білеміз. Біздің негізгі жұмысымыз оқиғаны бастан – аяқ видиожазбаға түсіріп алу емес. Мұндай аласапыран кезде барлық күш ең бірінші адамның өмірін құтқаруға жұмылдырылады. Қосымша құтқару жасақтарын шақыруға 1 сағат уақыт беріледі. Олар келемін дегенше, сол жердегі құтқарушылар шұғыл іске кірісіп, біреуі үйінді астынан сәбиді шығарып жатса, енді бірі әйелді аршып алып жатқан. Жарылыс орнынан 5 адамды алып шыққан қызметкерлеріміздің өз міндетіне адалдығы мен жауапкершілігіне ешкім күмән келтіре алмайды. Бесіктің тартпасын шешіп, нәрестені алып шыққан біздің жасақтағы Руслан Әлиев деген жігіт. Ал жұртқа әлеуметтік желі арқылы таратылған бейнежазба қызметке адалдықты көрсетуден гөрі жалған жарнаманы мақсат еткені бізді қатты қынжылтты. Видеоны тиісті мақсатқа сай кесіп-кесіп жалғағаны да айқын болды. 

Жергілікті кейбір БАҚ-дың мәселенің байыбына бармай біржақты ақпарат беріп жібергеніне қарнымыз ашады. Сол ақпарат лезде республикаға тарап кетті.

Ерлікті қолдан жасауға болмайды. Ол – намыстың, адалдықтың, азаматтықтың, жауапкершіліктің үлгісі. 

Р.ӨСЕРБАЕВ: – Бұл жерде айта кететін тағы бір нәрсе – адамдардың селқостығы, немкеттілігі, иманының төмендеп кеткендігі дер едім. Оқиға барысында үй иесінен, қасындағы көршілерінен: «Мына үйде қанша адам тұрды? Қандай адамдар бар еді?» деп сұрасақ, ешкім жұмған аузын ашпады. Екіқабатты үй опырылып, адамдар үйінді астында қалды. Ол жерде темір де, топырақ пен тас та, есік-терезе, басқа заттар да араласып, миы шығып жатыр. Оның астында қанша адам қалғанын, ол үйде кімдер тұрғанын айтып, құтқару жұмысына дерек берудің орнына үйін жалға берген азамат: «Мен ештеңе білмеймін» деп басын алып қашып, безектейді. Жауапкершіліктен жалтару, «бар пәле өзімнен аулақ болса болды» деген жаныашымастық, салғырттық – кез келген жағдайда қауіпті қасиет. Келеңсіз, кесірлі жағдайлар кейде осындай немкеттіліктен туындап жатады.

DSC 0499

Жарылыс –жауапсыздық салдары

«ШК»: – Төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында нақты қандай шаралар жүргізілуде?

Ғ. МҰРАТОВ: – Өткен мерзімдермен салыстырғанда тұрғындар арасында түсіндіру-насихаттау шараларын анағұрлым жоғары деңгейде ұйымдастырудамыз. Атап айтқанда, жергілікті БАҚ арқылы 141 мәрте түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп ғимараттарында оқушылардың түсінік-танымын кеңейтетін ойын, байқаулар өткізуді қолға алдық. Бейнероликтер дайындалып, экскурсиялар, көрме жұмыстары ұйымдастырылды. Әр жұма сайын қала мешіттерінде имамдардың рұқсатымен, намаз алдында жамағатқа түрлі келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«ШК»: – Көмекші иттердің қызметі сіздердің жұмыстарыңызға қаншалықты жәрдемін тигізуде?

 

Ғ. ДҮЙСЕНБАЕВ: – Жалпы, үлкен ауқымды қамтыған апаттар орын алған сәтте кинолог мамандардың жәрдемі аса қажет-ақ. Ал, кешегі газ жарылысының салдарынан қирандыға айналған үйдің жалпы аумағы 8,4 шаршы метрді құрайды. Онда алдымен біздер құтқарушы мамандарымыздың біліктілігіне сенім артып, құтқару шарасын өз күшімізбен атқардық. Шынында, бұл сәтте қирандының астында қалған адамдардың дыбысын не болмаса қозғалысын жедел әрі сергектікпен анықтау қажет еді. Мұндай жағдайда бізге анықтама беріп, жұмысымызды бағыттауға жәрдемін тигізуге тиіс үй иелері үйінді астында қанша адамның қалғанын айтқысы келмеді. Сондықтан үйінді астынан ең соңынан 16 жасар бойжеткенді аршып алғаннан кейін де, жұмыстарымызды ары қарай жалғастыруымызға тура келді. Себебі, біздің қолымызда нақты қанша адамның зардап шеккені туралы нақты мәлімет жоқ еді. Жігіттеріміз қирандыны түгел төңкеріп тастағанша тыным таппады.

«ШК»: – Құтқарушы қызметі – қауіпті мамандықтың бірі. Құтқару операциялары кезінде өз қызметкерлеріңіздің зардап шеккен жағдайлары болды ма?

Ғ. ДҮЙСЕНБАЕВ: – Өткен жылдың мамыр айында таулы аймақта бір жігітті құтқарып алған қызметкеріміз, өкінішке қарай, оқиға орнында өзі опат болды. Құтқарушының өмірі қиылған бұл оқиға соңғы 20 жылда орын алған бірден-бір қайғылы жағдай еді. 

«ШК»: – Жалпы, құтқарушы мамандығы қайда даярланады? Оларды арнайы жаттықтырып немесе үйрететін орын бар ма?

 

Р.БЕКЕМБАЕВ: – Құтқару қызметіне тек кәсіби білімі бар азаматтар ғана қабылданады десек, дұрыс айтпағандық болар. Себебі осы салаға ықылас-ынтасы бар әр азамат құтқарушы қызметіне келе алады. Бұл үшін соған қызығушылық танытқан азаматтар қатаң тексерулерден, дайындықтардан өтеді. Арнайы құрылған комиссия оның денсаулығы мен қабілетін толық зерделей отырып, сертификат береді.

Оңтүстік өңірі бойынша мамандар даярлауда М. Әуезов атындағы ОҚМУ және мамандандырылған колледжінде арнайы факультет бар. Ал негізгі мамандар Көкшетау қаласындағы арнайы училищеде оқытылады. 

«ШК»: – Кеңес Одағы кезінде газбен қамту, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бақылау жұмыстары орталықтандырылған жүйеде бір ғана мекеменің құзырында болатын. Қазір бұл салада қызметін ұсынатын жеке кәсіпкерлік мекемелер көбейді. Ал оның өзіндік тиімділігі бар ма?

С. ИСМАЙЛОВ: – Бүгінде халыққа қызмет көрсететін коммуналдық құрылымдардың барлығы да «еркін нарық» жағдайында жұмыс істеуде. Мәселен, өз тарапымыздан айтар болсақ, келісімшарт негізінде қызметкерлерімізге 8 сағаттық жұмыс күніне есептелген жалақы төленеді. Еңбек туралы заңға сай жұмысшыларға одан артық уақытқа қосымша міндеттемелер жүктей алмаймыз. Яғни, өңірдегі 308 мың абонент үшін бар болғаны 150 қызметкеріміз есепті уақыт ішінде міндетін атқарып шығуға тырысады. Түбіртек таратады, есептеуіш көрсеткіштерін жазып алады. Одан арғы әрбір үйдің техникалық қауіпсіздік жағдайын саралауға олардың мүмкіншілігі жоқ. Бұл ретте, әр абонент ақылы түрде арнайы келісімшарт негізінде жеке коммерциялық құрылымдардың қызметін пайдалана алады.

 

Р. ӨСЕРБАЕВ: – Жалпы кез-келген жұмыста, қайсыбір мәселеде болмасын ең зиянды, ең кесірлі жағдай адамдардың салғырттығынан туындайтынын бүгінгі әңгімеміздің негізгі түйіні ретінде баса айтқым келеді. Тұрмыс –тіршілігіміздегі, қоғамдық өміріміздегі барлық саланың қызметі адамдардың игілігі үшін жасалады. Газ да, су да, жылу да, электр қуаты да халықтың коммуналдық тұрмысына қолайлылық, жайлылық, жеңілдік туғызу мақсатында пайдаланылады. Ал олардан қауіпті жағдай туғызу адамдардың өзіне, яғни жауапсыздығына, салақтығына байланысты орын алып жатады. Мәселен, қарапайым ғана пеш мұржасын уақытылы тазалап тұрмаудың салдарынан, күл мен қаққа толған құбыр жарылыс беруі әбден мүмкін. Көп адамдар немқұрайдылығымен көмірмен жағып келген пешіне газ құрылғысына жалғап алады. Су жылытқыш құрылғысын бірнеше жерден жалғап, үйді жылытуға пайдалану арқылы өз өміріне үлкен қатер тудырады. Осының салдарынан, улы газдың ауаға тарау дерегі жиі кездеседі. Айта кететін жәйт, ауаға 5 пайызға дейінгі мөлшерде газ араласар болса, ол бірден жарылыс береді. Газ мөлшері одан асып кетер болса, өрт лаулайды. Адамдардың салғырттығы дегеннен шығады, күні кеше орын алған келеңсіз жәйтті тағы бір саралап өтер болсақ, үйінді арасынан иранның тасты пешінің қалдықтары анықталды. Қазіргі таңда, жарылыстың басты себебі ретінде, пештің дұрыс жағдайда орналастырылмағаны болжануда. Яғни «газ қауіпті ме, салғырттық қауіпті ме?» деген сауалдың жауабын осындай төтенше жағдайлардың мысалынан-ақ табуға болады.

«ШК»: – Ия, біздің бүгінгі басқосудағы әңгімеміздің негізгі мақсаты да осы еді. Төтенше, қауіпті жағдайлардың алдын алу, сақтық шараларын ескеру әркімнің өмірінің кепілі екенін түсіндіру. Бұл тұрғыдағы мәселені біршама саралаған сияқтымыз. Одан ой түйіп, сана сарабына салуды әрине, әрбір тұрғынның түйсік-түсінігіне қалдырайық. Ал сіздерге маңызды, мазмұнды әңгімелеріңіз үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

«Дөңгелек үстел» басындағы әңгімені жазып алған:
Мөлдір КЕНЖЕБАЙ,
Жеңісбек КОЛХОЗОВ

Опубликовано в Әлеумет

Дамыған заманның техникасын қолдану барысында олардың пайдалы жағымен бірге зиянды, қауіпті екені де жиі айтылып жүр. Бүгін әр техниканы жеке сараламай, бір ғана смартфонға тоқталып көрейікші.
Смартфон – ғаламтор желісін пайдалану мүмкіндігі зор құрылғы. Алақандай дүниеден таксиді де тез табасыз, тамаққа да тапсырыс бересіз. Киім де бар, дос та бар. Тіпті, арнайы кәсіби білім арттыру үшін де смартфоныңызға бірлік салсаңыз болғаны, сіз қалаған тіліңізді үйренесіз. Түрлі ас мәзірі, өсімдік, бау-бақшаны баптау, денсаулық, сұлулық құпиялары, үй жануарларының күтімі, кітапхана, құрылыс, техникамен жұмыс жасау, тарих... Тіпті өзге планетаның қыр-сырымен танысып, ғалыммен бірдей білімді болуға мүмкіндігіңіз бар. Кез келген адамды да, қажетті ақпаратты да бірнеше минутта тауып үлгересіз. Мұндай игілікті пайдалана алсаңыз жақсы. Дегенмен, азаматтардың смартфоннан бас алмауы, дүнияуи құндылықтардан алыстап кетуі де бүгінгінің қасіретіне айналып келе жатқан сияқты.

o-READING-BOOK-facebook-e1468968441320

Әлеуметтік желі және біз

Әлемді алаңдатып отырған бұл мәселе біздің елде де белең алып, түрлі жағдайларға байланысты зардап шегуде. Негізсіз, жалған ақпараттар сауатсыздықтың, діни адасудың, орынсыз сөйлеудің, әдепсіздік пен қатігездіктің белең алуына себеп болып отыр. Әлеуметтік желіге телмірген жұрт бүгінде мекемеге бару, сұрау салу, құжат рәсімдеу, арыз-шағым түсіру, жауап алу тәртібінен және өз құқықтарын тиімді пайдалану мүмкіндіктерінен хабарсыз қалуда. Мұның бәрі әдеп пен мәдениеттің жоғалуына алып баратынын біреу білсе, біреу білмес.
Смартфонға тәуелділер үшін бүгінде «Бізде ақысыз ғаламтор желісі қызмет көрсетеді», «Wi-Fi бар» деген жазулар тамақтанатын орындардың ең өтімді жарнамасына айналған. Өйткені, ғаламтор, Wi-Fi зор сұранысқа ие.

Зерттеушілер не дейді?

Әлемдік зерттеулерге сүйенсек, смартфонды үнемі пайдаланудың салдарынан адамдар зардап шегуде. Америкадағы «Kleiner Perkins Caufield& Byers» компаниясының сарапшылары күніне смартфон қызметтерін пайдалануға 75 минутын жұмсаған адамда тәуелділік басталды деп есептейді.
Сарапшылар смартфонға тәуелді болуды беске бөліп қарастырады.

1. Әлеуметтік желі. Әсіресе, секунд сайын жаңа ақпарат салып отыратын Twitter мен Facebook-ты пайдалану. Ақпаратты талқылау, пікір білдіру оның бастамасы.

2. Ойындар. Күніне бірнеше рет кірмесе ұтылуға алып баратын, ойын ойнауды ескертіп тұратын бағдарламалар бар. Смартфоны қайта-қайта көңілін бөлген соң ойынға бас қойған адам үш сағатқа дейінгі уақытын алаңсыз ойынмен өткізіп алады.

3. Жеке WhatsApp, Messenger сынды чаттарда сөйлесу. Бір мезгілде бірнеше досы, танысымен, тіпті қызықты топтарда бірнеше адам болып сөйлесу де уақыттың лезде өте шыққанын сездірмейді.

4.Қаржыны реттеуге мүмкіндік беретін бағдарламалар. Бүгінде ғаламтор желісі арқылы түрлі төлемдерді жасауға, ақша аударуға болады. Осындай қолжетімділікке үйренген адамдар да барлық қызметтер үшін смартфонын пайдаланатын болды.

5. Бейнероликтер көру. Спорттық жарыстарды онлайн арқылы бақылап отыру, қысқа әзілдер, кино, сериалдар мен жаңалықтарды толық қалаған уақытыңызда көру мүмкіндігі де сізді смартфоныңызға тәуелді етері сөзсіз.

 

pikir1 90Балтабек АБЛАЕВ,
ОҚО ІІД ЖПҚ-нің бастығы, полиция полконигі:

– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 591 бабында «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Соған қарамай облыс бойынша 2016 жылдың 9 айында жол қозғалысы кезінде жол-көлік оқиғасына тікелей әсер ететін 29 215 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Бұл өткен жылдың осы мерзімдегі көрсеткішімен салыстырғанда 3 182-ге артып отыр.
Бұдан бөлек, құлаққап киіп, телефоннан көз алмайтын жаяу жүргіншілердің іс-әрекеті де көлік қозғалысына кедергі келтіріп жатқаны рас. Біздің елдің тұрғындары мен қонақтары жайлы өмір сүруі тиіс. Бүгінде облыс орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз қала» жобасы жүзеге асырылуда. Осы орайда, әрбір азамат жауапкершілікті сезініп, осы елдің азаматы ретінде аталған шараға мейлінше өз үлесін қосуы қажет.

 

pikir 90Гүлжазира ПЕРНЕБАЙ,
психолог:

– Смартфонды көпшілік ақпарат алмасу, жаңалықтарды біліп отыру үшін қарайды. Әйтсе де, мақсатсыз пайдаланатындар жетіп артылады. Бұл – тәуелділік. Алғашында пайдалы болуы мүмкін. Бірақ, әр хабарлама келген сайын ашып қарауға әдеттенген адам «смартфон ішінде» өмір сүре бастайды.
Қазір бірқатар жастарда осы смартфонды пайдалану салдарынан шаңырағы шайқалуда. Отбасылық жауапкершілікті сезініп үлгермеген жас ерлі-зайыптылар бұрынғысындай қыз-жігіттермен танысып, соңы отбасылық дау-жанжалға ұласып, кейбірі ажырасуға дейін барады.
Смартфон – жасөспірімдерді қатігездікке бейімдеуде. Смартфондағы соғыс ойындары – баланың санасына егілген қатігездіктің дәні. Міне, содан барып балалар біреуді ұрудан, соққыға жығудан қаймықпайды. Алғашқы әсерлердің бәрі смартфонда ойын ойнап отырған кезде өтті. Яғни, баланың психологиясы қатыгездікке бейімделді.

 

20161012 092910Әйгерім ОМАРШАЕВА,
офтальмолог:

– Смартфон – сананың ғана емес, денсаулықтың да жауы. Бұрын көздің көруі нашарлау тек ген арқылы ғана берілетін. Қазір әулетінде көзілдірік кию кездеспеген адамдар да смартфонның салдарынан көру мүмкіндігін әлсіретіп алуда. Смартфонды тым жақыннан ұстап ұзақ қарау көзде ақилықты қалыптастырады. Көз көруі нашарлап, миопияға ұшыратады. Әсіресе, түн қараңғылығында смартфон сәулесі көздің көру қабілетін төмендетеді. Ал енді ғана өсіп келе жатқан жас балалардың ағзасы мұндай зардаптарға төтеп бере алмайды. Кішкентайынан смартфонға үйренген балаларына есейіп, көздің көру қабілетін нашарлатып алғаннан кейін ғана ата-анасы бермеуге тырысады. Бірақ, ондағы ойынға тәуелді болған бала ескертуді қайдан ұқсын? «Түсіндіріңізші» деп бізге өтініш жасайды. Осының бәрімен кеш болғанда күрескенше, алдын алған жөн. Жылаған баланы кішкентай күнінде телефон беріп жұбатудан аулақ болу керек.

 

 

 

 

* Смартфонға тәуелділіктің басты зардабы – адамның ойы шашыраңқы жүреді. Айналысуы тиіс ісін тоқтатып, смартфонға жиі үңілудің салдарынан ойы шашырап, жұмысында көптеген қателіктердің орын алуына жол береді.

Кеннет Орвелл, психолог

iphone4* Арман болған Ямайка аралына демалуға сапарға шыққанымда смартфонымды үйде ұмытып кетіппін. Керемет болуы тиіс демалысымның бір күні үйде қалып кеткен смартфоныма алаңдаумен текке кетті. Бір күннен ары шыдамым жетпеді. Күтушіме хабарласып, жедел поштамен смартфонды жіберуін өтіндім. Сол үшін 200$-ға шығындалдым. Есесіне, смартфоным қолыма тигенде ғана демалысым басталғандай бойым жеңілдеп сала берді.

Колин Н, саяхатшы

* Кейде осы әлемдегі барлық смартфонның бір сәтте сынып қалғанын қалаймын. Адамдар қалай ғана оны бір шетке қойып, аз ғана уақыт өз балаларымен аулада ойнамайды?

11 жасар әлеуметтік желі тұтынушысы

* Шындығын айтқанда адамдар смартфонға жалқаулықтан және өмірлік мақсатының жоқтығынан тәуелді болады. Сөйтіп, екінші біреулер смартфон жасау, ондағы түрлі бағдарламаларды ойлап табу, ғаламтор мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы қаржысын көбейтіп жатқанда, смартфонға тәуелділер «ақысыз жұмысқа жалданып, босқа шығындалу үшін» бос уақытының бәрін жұмсайды.

Сэм Ирвинг, АҚШ-тың «Телефонға тәуелділікпен күрес» қозғалысының белсенді мүшесі.

Бұл шетелдіктердің тұжырымы. Ал сіз бұл тақырыпта қандай ой түйдіңіз, оқырман?

Опубликовано в Әлеумет

оқыс оқиғаға себепші

«Жол мұраты – жету» деген. Жол-көлік апаттары жиілеген бүгінгі кезеңде көлікке мінсек, үміт пен үрейдің құшағында отыратын болдық. Жол үстінде дәм-тұзы таусылып жатқан адамдар көп. Мұндай қайғылы оқиғалар елді алаңдатып тұрғаны анық. Мұны, ресми мәліметтер де көрсетіп отыр. Зерттеулер апатты жағдайлар негізінен жүргізушілердің жылдамдықты асырғаннан туындайтынын анықтап отыр. Рас, кейбір жағдайларда жолаушылар да асығыстыққа ұрынып, өкінетін жағдайлардың куәсі болып жүрміз.

dtp

Қарсы бетке өтемін деп...

Апат айтып келмейді деген осы. Осыдан он күн бұрын Рашидов көшесінде болған мына жағдай әлі көз алдымыздан кетер емес. Жұмысқа асығып келе жатқанбыз. Аялдамаға жете бергенде жаяу жүргіншілер өткелінің тұсында, жол жиегінде алпыс жастың шамасындағы әйел азаматша ес-түссіз жатыр. Адамдар қаумалай қалыпты. Сөйтсек, «60» бағыттағы қоғамдық көлік соғып, 3 метрдей жерге ұшырып жіберіпті. Жүргізуші не болғанын аңдамай қалса керек. Азаматшаға қолынан келген жәрдемін көрсетіп-ақ жатыр. Абырой болғанда, азаматша тірі қалды. Бірақ жарақаты ауыр. Сондағы куәгерлерден мән-жайды сұрадық. Азаматша жаяу жүргіншілер өткелі бойымен өте бере артынша кері бұрылмақшы болған. Бір затын ұмытқандай. Асыққан азаматшаны кінәлаймыз ба? Әлде жылдамдықты байқамай, асырып жіберген жүргізушіні ме?
Қыркүйек айында Қазығұрт елдімекені маңында бір аптаның ішінде үш бірдей ірі жол апаты болып еді. 20-дан астам адам көз жұмған.
Ресми деректерді келтірейік. ҚР ДСӘДМ травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, жыл сайын елімізде жол-көлік апаттары салдарынан 3 мыңға жуық адам қайтыс болып, 25 мыңдай адам әртүрлі дәрежеде жарақаттанады.
Облыс бойынша жыл басынан бері 1583 ЖКО тіркелген: 302 адам қайтыс болып, 2199 адам әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түскен.
Қазір көлік көбейген. Өкініштісі, адам өлімі де ұлғайып отыр. Бір ғана Шымкенттің өзінде көліктердің саны 200 мыңнан асып жығылады.

Депутаттық сауал жолдады

Елімізде жол қатынастарын жақсартуға назар аударылып отырғаны белгілі. «Нұрлы жол» бағдарламасының бірінші бағыты да көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуды көздейді. Елбасы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы еліміздің транзиттік әлеуетін едәуір өсіріп, бұл магистраль жол ежелгі «Ұлы Жібек жолын» қайта жандандыратынын атап өткен болатын.
Таяуда Оңтүстіктен сайланған ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары – Ф.Қаратаев, С. Қаныбеков, У. Қайназаров осы транизиттік бағытта жүргізіліп жатқан құрылысқа назар аударуды сұрап, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа депутаттық сауал жолдады.
– Оңтүстік Қазақстан облысының сайлаушылармен кездесуімізде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің «Оңтүстік Қазақстан облысы – Қызылорда облысы» аралығындағы учаскесінің құрылысы аяқталып, халық мың алғысын айтып, шексіз қуаныштарын жеткізген болатын. Бірақ та жолды салу және жөндеу кезінде қойылған 40-60 км жылдамдығымен жүру жол белгілері осы уақытқа дейін сәйкестендірілмеген. Қазір бұл маңда жол апаттары көбейіп тұр. Осы мәселеге назар аударуыңызды сұраймын, – делінген депутаттық сауалда.
Жол – адамзатты өркениетке бастар игілігіміз. Жол – сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жалғастыратын алтын көпір.
Яғни, халық қалаулыларын алаңдатқан мәселеге ішкі істер министрі де жауап берді.
– Осы жерлерде жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарына байланысты жылдамдық режимін сағатына 40 шақырымға дейін сатылап төмендету көзделген. Автожолда сигналдық бағандар, жол белгілерін және көпір үстіне жарық орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жол жұмыстары аяқталып, автожол пайдалануға тапсырылғаннан кейін ішкі істер органдарының бақылауымен жылдамдық режимін шектейтін уақытша жол белгілері ретке келтіріледі, – деді Қ. Қасымов.

Апат саны азая ма?

Бұл жағдайларға байланысты тәртіп сақшылары да жұмысты күшейтті. ОҚО ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н. Әбдірамановтың айтуынша, көп жағдайда апатты оқиғаларға басты себеп – адам факторы. Яғни, жүргізушілердің тарапынан өрескел әкімшілік-құқық бұзушылық жиі болады.
– ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің тарапынан Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апатты болдырмау мақсатындағы жұмыстар қатаң бақылауға алынды. Облыс аумағындағы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізіндегі құрылыс жұмыстары жол қозғалысына кері әсерін тигізіп отырғаны рас. Осыған орай «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолын бақылайтын облыстық жол патрульдік полиция батальонына тағы 4 взвод қызметкерлері жұмылдырылды. ЖКО-ның алдын алатын негізгі 7 басым бағыт бойынша, оның ішінде жылдамдықты асыру мен қарама қарсы бағытқа шығу құқықбұзушылықтарын анықтауға аса көңіл бөлуге нұсқау берілді, – дейді ол. Бұл бағыттағы тас жол бойына барлық ескерту белгілері орнатылған.
Биыл тамыз айының 15-нен бастап көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру сияқты қызмет түрі ОҚО ІІД Әкімшілк полиция басқармасының Тіркеу емтихан бөлімінің қызметкерлерімен арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асырыла бастапты. Онда күнделікті 300-ге жуық көлік құралдары тіркеліп, 100-ге жуық жүргізуші куәлігі беріледі.
Қала аумағында тыйым салынатын жол белгілері орнатылмаған жағдайда ең жоғары жылдамдықты шектеу сағатына 60 шақырым. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592 бабымен хаттама түзіледі. Мәселен, қарама-қарсы бағытқа шығып кетуші жүргізушілер кінәлі болған жағдайда 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Өтеу мерзімі біткеннен кейін жүргізу куәлігін алу үшін ҚР Жол жүру қағидасы бойынша емтихан тапсыруға жіберіледі.

 

Сіз не дейсіз?

P1020852Мұсатіллә ТОҚАНОВ,
ОҚМУ-дың «Агроөнеркәсіп кешені мен су қоры мәселелері» ғылыми-зерттеу институтының директоры:

Геомагнитті толқындардың белгілерін қойсақ...

– Әр апатты жағдай болған сайын мен өзімді кінәлі адамдай сезінемін. Жол апаттарына геомагнитті толқындардың үлкен әсері барын талайдан бері айтып жүрмін. Мен ғұмырымның 20 жылын осы саланы зерттеуге арнадым. Шымкент қаласының геомагниттік толқындарының картасын да жасағанмын. Мәселен, Тәуке хан, Т. Рысқұлов, А. Байтұрсынов көшесі толық геомагнитті толқында жатыр. Дулати көшесі де сондай. Менің зерттеулерім бойынша, жол апатының көптігі жөнінен бірінші орында Тәуке хан, екінші Т. Рысқұлов, үшіншісінде А. Байтұрсынов көшелері тұр.
Жалпы, геомагнитті толқындар екіге бөлінеді. Солтүстіктен Оңтүстікке екіншісі Шығыстан Батысқа қарай кететін жолақ. Міне, осы бағыттардың қиылыстары – қауіпті жерлер. Кейде апатты жағдайлардың бірден көбейіп кеткенін естисің. Негізінен, ауа райы өзгерген сәтте оның жердің астындағы толқындарға да әсері бар. Содан геомагнитті толқындар өршиді. Сөйтіп, жүргізуші екі жолақтың қиылысқан жеріне барып қалған кезде қас-қағым уақытта есінен айырылып қалады. Түсті ажырата алмайды. Немесе адамды көрмей қаласың.
Ендігі мәселе – ОҚО ІІД-не ұсыныс тастап, солармен бірлесе осы мәселені зерттеу. Сөйтіп, анықталған жерлерге қауіпті жолдардың белгілерін қойсақ. Осы көшелердің бәріне белгілер басынан аяғына дейін қойылуы тиіс. Қазір мұндай жол белгілер Германия, Түркияда бар.
Бұл мәселе әкімшіліктің алдына қойылуы керек. Мәслихатта көтеріліп, қаржы бөлінсе, апаттың алдын алар едік. Бұған мемлекеттік тұрғыдан шешім қабылданатын уақыт жетті деп ойлаймын.

Опубликовано в Қала
Пятница, 14 Октябрь 2016 04:44

Қауіптің алдын алды

Синоптиктердің болжауынша, Шымкентте алдағы онкүндікте ылғалды ауа райы сақталып, жауын-шашынды болмақ. Бейсенбінің таңында басталған нөсер жауынның салдары қала тұрғындарына айтарлықтай қиындық туындатты.

Келеңсіздіктердің алдын алу бағытында қала аумағында 22 техника, оның ішінде 7 су тасығыш, 2 су сорғыш көлігі жұмылдырылуда. Сондай-ақ, қалалық арнайы қызметтің 74 қызметкері жаңбыр суын айдау және бітеліп қалған сарқынды су жүйесін тазалау үшін жұмыс істеуде.

Күшті жел мен жауын-шашынның салдарынан туындаған мәселелерді уақытылы шешу үшін қалалық арнайы қызмет тобы тарапынан жедел жұмыс жүргізілуде. Көше бойында сынған ағаштар алынып тасталды.

Опубликовано в Қала
Страница 3 из 6