Өткірдің жүзімен табысты болам десең, БАРБЕРШОП аш
Пятница, 20 Ноябрь 2020 03:49Барбершоп – ерлер шаш қиятын, сақал-мұртын бастырып, сәнге келтіретін салон. Бұл бизнестің еліміздің нарығына келгеніне аса көп бола қойған жоқ. Шетелде оған сән салонынан бөлек, жігіттердің сұхбат құратын клубы ретінде де қарайды. Иә шетелде жасына, түр-тұлғасына қарамастан барбершопқа ер жігіттердің барлығы да барады. Олардың ішінен өнер жұлдыздарын да, табысты кәсіпкерлерді де, спортшыларды да тіпті қоғам қайраткерлерін де кезіктіруге болады.
Қаланың қай аумағында кәсіпкерлік нысандары жетіспейді?
Среда, 18 Ноябрь 2020 04:02
Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы өткен жылы сұранысқа ие және орта кәсіпорындар мұқтаж болған импорттық тауарларға зерттеу жүргізіп көрді. Соның нәтижесінде 80-ге жуық импорттық тауарларды алмастыратын жобалар мен тауарлардың тізімі жасақталды.
Аталмыш жобаларды іске асыру арқылы жергілікті компаниялар оффтейк келісімшарттар ұсына алады. Яғни жыл сайын шетелден келетін тауарларды сатып алуға жұмсайтын 18 млрд. теңгені өзіміздің жергілікті компаниялар өндірген дәл сол тауарды сатып алуға кетіретін болады. Осылайша еліміздің капиталы шетелдік компаниялардың қалтасына кетпей, өзімізде қалып, отандық экономиканың өсіп-өркендеуіне елеулі үлесін қосады. Мысалы үшін қаладағы цемент шығаратын зауыттардың бірі бір жылда цемент салатын қарапайым ғана қағаз қаптың өзін 1,8 млрд. теңгеге сатып алады екен. Осындай мысалды тізбелесек, қалада шетелдік тауарларға қосымша шығындалып жатқан кәсіпорындар саны жетерлік. Осы жобалар арқылы жергілікті нарықтағы отандық тауарлардың үлесін арттыру мақсаты қойылып отыр.
Нарықта әлі біздің тауарлар толтырып үлгермеген қуыстар бар. Экономист сарапшылардың пікірінше, ендігі міндет – күнделікті тұрмыста қолданатын, кәсіпорындарға аса қажетті қарапайым заттарды шығару арқылы жергілікті нарықта шетелдік тауарлар «басып алған» қуыстарды анықтап, оның орнын отандық өнімдермен алмастыру. Бизнесті жандандырудың, дамытудың әдіс-тәсілінің бірі осы нишалық, яғни тауашалық жобаларды қолға алу. Бұл индустриаландыру саясатының жаңа бір бағыты болып саналады.
Ең бастысы қалада осындай сұранысқа ие тауарларды өндіретін кәсіпорындар бар. Олар сату мәселесін реттеуге кепілдік береді, маркетингтік талдау жасауға көмектеседі, ғимараттар ұсынуға әзір. Ендігі шаруа – тек жобаны идея күйінде қалдырмай, нақты іске асыру.
Кәсіпкерлер палатасы мамандарының айтуынша, биыл осы бағыттағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасты. Соның бір мысалы қағаз, қағаз өнімдерін және жиһаз бен металл емес өнімдерді өндіретін компаниялар анықталды. Және олар осы мақсаттағы кез келген жобаны бастап кетуге дайын отыр.
Қалалық кәсіпкерлер палатасы жуырда мегаполистегі үй шаруашылықтары мен кәсіпкерлік субъектілеріне талдау жүргізіпті. Ол 40 мыңнан астам нысанды қамтыған. Осы скринингтің нәтижесінде Шымкент қаласының экономикалық картасына 12 индикатор бойынша баға берілді. Мұның ең басты пайдасы ертең қаланың даму жоспарын әзірлеу кезінде өте керек болады. Бүгінгі таңда ҚР Премьер-министрі А.Маминнің тапсырмасы бойынша әр өңір мен республикалық маңызы бар қалаларда экономикалық картаны әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарыда аталған талдау барысында қала тұрғындары тарапынан сұраныс пен ұсыныс бойынша сұрақтар қойылды. Сауалнама нәтижесіне сәйкес қаладағы жеке сектордағы үйлерде тұрып жатқан отбасыларға 5 мыңнан астам қызмет түрлерінің қажет екендігі анықталды. Оған мәселен, банкоматтар, азық-түлік дүкендері, сауда орталықтары, сұлулық салондары, оқу курстары және тағы басқа кәсіпкерлік нысандарды жатқызуға болады. Әсіресе, Достық пен Сәуле шағынауданында сервистік қызметке негізделген шағын және орта кәсіпкерлік ұйымдары жетіспей жатыр екен.
БАҚ-тың барар жері – ЫНТЫМАҚ
Среда, 11 Ноябрь 2020 04:17
Ақпарат тасқындаған заманда күнделікті қоғамда болып жатқан жаңалықтар мен оқиғаларды халыққа дер кезінде жеткізіп отыру бүгінгі журналистика, ақпарат саласы мамандарының басты міндеті. Осы ретте 2020 жылдың 30 қыркүйегінде Шымкент қаласы әкімдігі жанынан бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылған болатын. Жуырда Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен аталмыш кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Кеңестің мақсаты неде?
Жиынның кіріспе сөзінде қала басшысы «төртінші билік» саналатын БАҚ өкілдерінің ақпарат саласындағы беделі мен абыройын және халық пен биліктің арасын жалғастырушы «алтын көпір» болған маңызды рөлін ерекше атап өтті.
– Кеңестің мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарымен жергілікті атқарушы органның өзара тиімділігін жоғарылату, мемлекеттік органдардың жұмысын журналистер арқылы түсіндіріп, кеңінен насихаттау. Қазіргі таңда әлемде орын алып жатқан түрлі оқиғаларға қарап идеологияның, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының елге керек екендігі айқындала түсуде. Бұл ретте идеология майданында елдің биік мақсаты үшін тер төгіп жүрген қалам иелерінің еңбектері айрықша. Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен тығыз байланыс орнату үшін тұрғындарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру және бұл істің нәтижелі әрі сапалы болуын қадағалауды тапсырған болатын. Сондықтан елді ақпараттандыру, идеология мәселесі республиканың әлеуметтік-экономкалық дамуына және қоғамдық-саяси тұрақтылығын сақтауға ерекше ықпал етеді. Бүгінгі таңда тұрғындарды мазалаған барлық проблемаларға жедел түрде назар аударылып отыруы қажет. Сонымен бірге аудан әкімдіктері мен салалық басқармалар тарапынан аталған мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, оларды болдырмаудың, алдын алудың мәселесі қаралуы керек. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қоғам қайраткерлері, ардагер журналистер, жергілікті телеарна басшылары, ақпараттық портал мен баспасөз басылымдарының бас редакторлары мен журналистер қатысқан жиында Шымкент қаласы денсаулық сақтау, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, энергетика және коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының басшылары атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Шаһар ықтимал жаңа толқынға дайын
Алғашқы болып сөз алған денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов Шымкентте пандемияға қарсы күрес жұмыстарын нәтижелі іске асырып жатқанын және коронавирустың болуы ықтимал жаңа толқындарына шаһардың денсаулық сақтау саласы дайын екендігін жеткізді.
– Коронавирустың алғашқы толқынында компьютерлік томография, ИВЛ аппараттары аз еді. Қазір олардың саны КТ бойынша 19-ға, өкпені жасанды тыныстандыру аппараты 612-ге жеткізілді. Қалада дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар. Қосымша резервке әкімдік тарапынан 500 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат көмегімен дәріханалар ең қажетті дәрілермен қамтамасыз етіледі. Коронавируспен тиімді күресу мақсатында 3 сатыдан тұратын арнайы жоспар қабылданды. Жергілікті «Казмедприбор» компаниясы ИВЛ аппаратын шығаруда. Соның арқасында аталмыш аппараттарға сервистік қызмет көрсету мен кепілдік беру мәселесі анағұрлым жеңілдей түсті, – деді басқарма басшысы.
Мәдени астана жылының жабылуы тікелей эфирде өтеді
Мұнан соң мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенова саладағы жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда шалғай елді мекендерді кітапхана желісімен қамтамасыз ету мәселесі қолға алынып жатыр. Сонымен бірге цирктің жұмысын жандандыру мақсатында жануарлардың қатысуымен өтетін номерлердің орнына Дю солей, яғни, цирк шоу бағдарламасы бойынша номерлер көрсету туралы ұсыныс айтты.
–21-22 қарашада «Шымкент 2020 жылы – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының жабылу рәсімі онлайн форматта тікелей эфирде өтеді– деді Х.Есенова. – Жабылуға арналған іс-шара аясында: 48 қойылым, 99 онлайн іс-шара, 7 театр перфоманстары, 5 пианино перфоманстары,7 үйдің қабырғаларын монументалдық кескіндемемен безендіру, арт-нысандар орнату, ашық аспан астындағы галерея мен кинотеатр, уақыт керуенін ұйымдастыру жоспарлануда. Келесі жылдың мәдени астанасы Душанбе қаласына Шымкент қаласынан 2200 кітап, қаланың символына айналған 2200 қызғалдақ түйнегі, мен қала тұрғындарының ізгі тілектері жазылған 2200 тұмарды жолдауды жоспарлап отырмыз, – деді спикер.
Газ кіргізуге мораторий алынып тасталады
Ал, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ж.Шайхсламов өз баяндамасында салаға 49 млрд. теңге бөлінгенін, осыған орай тиісті коммуналдық жұмыстардың атқарылғанын мәлімдеді. Баяндамада айтылған мәліметтерге сәйкес, қалаға 5 магистарльді су құбыры тартылуда. Соның арқасында мегаполисте алдағы уақытта ауыз су мәселесі толық шешіледі. Сондай-ақ, қалада кәріз жүйелері біршама тозған. Соларды жаңарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Келешекте ескірген кәріз жүйелері шаһардағы барлық шайынды сулар ағатын құбырлардың 50 пайызынан аспайтын болады. АГРС-3 нысаны биыл аяқталса, табиғи газбен қамтылған елді мекендердің үлесі 92,1 пайыздан анағұрлым жоғары арта түспек.
Ж.Шайхсламовтың айтуынша, 2019 жылғы мораторий алынып тасталған. Соның нәтижесінде тұрғындарға үйге табиғи газ кіргізу үшін газдың техникалық шарттарының құжаттары биылдан бастап беріле бастады.
Қоғамдық көліктерді жаңалау керек
Өз кезегінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов қаладағы 416 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын соның арқасында жалпы жолдардың 60 пайызы жақсара түсетінін айтты. Болашақта шаһарда төрт маңызды автожол магистралі болады. Ол қаладағы көлік кептелісін азайту үшін және жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында керек. Осыған байланысты бүгінгі таңда аталған жоспарды жүзеге асыру бағытында бірнеше жобалар іске асырылып отыр. Соның бірі – Қонаев даңғылын кеңейту жобасы. Жоспарға сәйкес қомақты қаражат қарастырылып, сол қаржыға алдағы кезде Қонаев даңғылын Ташкент тасжолымен жалғастыратын көпірге қосу жұмыстарын аяқтау көзделуде.
– 250 ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді және 56 млрд. теңгеге 76 шақырым жол жөнделді. 260 аялдама қойылды, 10 бағдаршам орнатылды. Келесі жылы қала көшелеріндегі қиылыстарда қосымша тағы 15 бағдаршам пайда болады. Қоғамдық көліктердің кешкі уақытта тоқтап қалуының себебін анықтау бойынша сауалнама жүргізілді. Оның қорытындысына сәйкес сұралған 21 мың тұрғынның 75 пайызының жауабын сараптай келе бұл мәселенің басты проблемасы қоғамдық көліктерді жаңалау қажеттігіне келіп тіреліп тұрғаны анық болды. Алдағы уақытта тиімсіз 17 маршрут қысқарса, жаңадан 14 маршрут іске қосылады, – деді Е.Жолдасов.
КЕЛІСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАЙДЫ
Қоғамдық кеңесте баяндама жасаған басқарма басшыларының сөзінің түйінін қала әкімінің өзі таратып отырды. Қазір әлемді коронавирус індеті теңселтіп тұрғаны жасырын емес. Сол Еуропаның өзінде бықсып қалады дейтіндей емес, қауіпті кесел Ресейді де тәлтіректетіп тастады. Ресеймен шектес Шығыс Қазақстан облысындағы шиеленіскен жағдай Қазақстанның қай облыс, қалаларына да сақадай сай отыру қажеттігін ұқтырады.
Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы алғашқы толқында біраз қателіктер жіберілгенін жасырмай айтып, бүгінде пандемияны ауыздықтауға барша жұмыстар атқарылып жатқандығын деректермен сабақтады. Бұл ретте Шымкент қаласының әкімі
М.Әйтенов Қонаев пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың маңыздылығына тоқталып өтті. Осыған байланысты Мұрат Дүйсенбекұлы бір жылда 150 мың көлік тіркелген мегаполисте көлік саны жылдан-жылға өсіп бара жатқанын сондықтан жолайрық құрылысы кейінге қалдыруға болмайтын өте керекті жобалардың бірі екендігіне тағы бір мәрте көпшіліктің назарын аударды.
– Маған бір ақсақал келіп, жолайрықтарды әзір салмау мәселесін айтты, – дейді
Мұрат Дүйсенбекұлы. – Аға, қазір салып үлгермесек бір-екі жылда қалада көлік кептелісінің көкесі болады дедім. Қала халқы тез өсіп жатыр. Қазір бір миллион халық болса, аздаған жылдарда екі миллионға жетеді. Сондықтан, көлік тығынын болдырмау үшін қазір үлгеріп қалуымыз керек.
Осылай деген қала әкімі бұл іске Белорусь мемлекетінің тәжірибесі пайдаланатындығын айтты. Кеңес барысында журналистердің сауалына жауап берген қала әкімі
Шымкенттің болашағы туралы ойын өрбітті.
Бүгінде Алматы қаласы өзінің шектеу деңгейіне жетті. Халық көп. Өрісін кеңейтуге жер, табиғат жағдайы көтере бермейді. Нұр-Сұлтан қаласының болашағы зор. Сосын Шымкент. Ұлы Жібек жолының бойында отырған қаланың экономикалық әлеуеті зор. Сіздер мен біздер осы мақсатқа бірлесіп жұмыс істеуіміз керек.
Қалада күрмеулі мәселелер көп. Енді алаңдатқан жағдайларды таразылап, шешудің жолын бірлесе талқылайық. «Келісіп пішкен тон келте болмайды». Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан құрылған бұқаралық ақпарат құралдары өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес осылай қорытындыланды.
Кеңес барысында журналистер тарапынан оқылған баяндамалар бойынша түрлі сауалдар қойылып, БАҚ саласының тиімділігін арттыру, беделін көтеру мақсатында бірнеше ұсыныстар айтылды.
Дәстүрлі ем коронавирусты жеңуге көмектеседі
Среда, 11 Ноябрь 2020 04:09
Коронавирус ауруын асқындырып пневмонияға жеткізбеу үшін сүлік салдыру керек, дейді шығыс медицинасының дәрігері
Салтанат Серікбаева. Ол өзінің жеке клиникасында пандемияның бірінші толқыны кезінде науқастарға сүлік салып, соның арқасында індет кәдімгі тұмау секілді жеңіл өткен.
Дәрігер мұны сүліктің құрамындағы гепариннің барымен байланыстырады. Қан сору барысында сүліктен бөлінген табиғи гепарин қанның қоюланбай алты айға дейін сұйық қалпын сақтап тұруға көмектеседі.
Ал коронавирустың денсаулыққа тигізер кері әсерлерінің бірі – ол қанның қоюланып кетуі. Көп науқас соның салдарынан ажал құшты.
– Індет ушығып тұрған кезінде адамдар қанның қоюланып кетуіне жол бермей, оның алдын алу үшін қанды сұйылтатын түрлі дәрі-дәрмектер пайдаланды. Бағасы аспандап кеткен ондай препараттарды алуға шамасы келмегендер немесе дәріханалардан қан сұйылтқыш дәрі таппағандар кәдімгі аспирин таблеткасын ішті. Бірақ бұлардың әсері табиғи гепариндей ұзаққа созылмайды. Сондықтан сүлікпен емдеу терапиясы пандемияның алғашқы толқыны жүріп жатқан кезде үлкен сұранысқа ие болды. Тіпті қазірдің өзінде пневмониямен ауырғандар дерттен кейін денсаулығын қайта қалпына келтіруде қосымша ем ретінде сүлік салдыруға келіп жатыр. Бұл менің клиникамды жанамалау емес, сүліктің шын мәнінде емдік қасиетінің жоғары екендігіне көз жеткізгендіктен көпшілік қатерлі індетпен қалай тиімді күресу керектігін білсін деген мақсатпен айтып жатқан кеңесім, – дейді Салтанат Жақсылыққызы.
Дәрігердің сөзінше, қою қан тромбтың пайда болуына әкеп соқтырады. Ал ол өз кезегінде каппиляр деп аталатын майда қан-тамырларды бітеп тастайды. Тромбтан жоғарыда айтылғандай адам күтпеген жерден өліп кету немесе мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның бір мысалы ретінде инсульт пен инфарктті немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясын атап өтеуге болады.
– Қан шығарып емдеу ата дәстүрімізде бұрыннан бар әдіс. Баяғы кезде халық емшілері түрлі ауруларды жануар мүйізінің көмегімен қан алып емдеген. Ислам дінінде қан алдыру Пайғамбар медицинасының ажырамас бөлшегі саналады. Ол Ислам дінінде хиджама деп аталады. Алланың Елшісі «шипа үш нәрседе: қан алдыруда, балда және күйдіруде» деген. Солардың ішінде хиджама мен бал жеуге кеңес береді. Ал күйдіріп емдеуді аса зәрулік болмаса онша жақсы көрмеген. Шығыс медицинасында аурудың өзімен ғана күреспей, оның себебін анықтап, салдарын жоюға көп көңіл бөлінеді. Соның бірі хиджамамен бірге қазір ғана айтып өткен балмен емдеу тәсілі. Бал Алланың өзі бізге сыйға берген табиғи антибиотик болғандықтан, оны емдік процесте міндетті пайдалануымыз керек деп шештік. Нәтижесі біз күткен үміттен де асып түсті. Өйткені табиғи балдың ерекше бір қасиеті адам азғасын қажетті минерал витаминдермен байытумен бірге бойдағы вирустар мен бактериялардың көзін жоюға ықпал жасайды, – дейді дәрігер.
Оның айтуынша, адам ауруды күтпей профилактика ретінде де сүлік салдыруына болады. Жәндіктің тағы бір пайдалы тұсы адамнан артық қан кеткен соң ағза қайтадан іске қосылып, жаңа қан өндірісін бастайды. Жаңадан келіп қосылған қанның құрамында оттегі көп болғандықтан ол түрлі ауруларға қарсы тұратын қорғаныш қабілетін арттырып, ағзаның қайта түлеп, жасаруына көмегін тигізеді.
– Иммунитеті күшті адамның Ковид-19 ауруына оңайлықпен шалдыға қоймайтыны аян. Сондықтан күздің мезгілінде түрлі денсаулыққа пайдалы тағамдар жеп азғаның қорғаныштық қабілетін күшейту қажет. Қазір қауіпті инфекциямен бірге жедел респираторлы жұқпалы аурулар да қатар жүріп жатыр. Бұл кезде тұмаумен ауырып қалмау керек. Сондықтан санитарлық талаптарды қатаң сақтау дәл қазіргі уақытта өте маңызды, – деп санайды Салтанат Жақсылыққызы.
Қаңқасыз жиһаз – жиһаз өндірісіндегі жаңа бағыт
Среда, 04 Ноябрь 2020 04:29Жұмсақ жиһаз жасау – бүгінгі жиһаз өндірісіндегі жаңа бағыттардың, жаңа сән үлгісінің бірі. Ол өзінің жұмсақтығымен, жеңілдігімен, қолайлылығымен, денсаулыққа пайдалылығымен, тасымалдауға оңайлығымен әрі экологиялық тазалығымен ерекшеленеді. Мұндай жиһазды күтіп-ұстау да оңай. Жиһаз өндіру бизнесін жүргізу үшін 2 млн теңгеге жуық қаржы қажет. Жобаға қаржыны грант есебінде ұтып алуға болады. Грант қаражаты Jack 630, Jack JK-9100 BP тігін машиналарын, алдын ала көпірткіш техникасын, былғары алмастырғыш материал мен алдын ала көпірткіш шикізатын сатып алуға жұмсалуы тиіс. Жұмсақ жиһаз өндірісінде торлағыш машина да керек.
Енді шегеге дейін өзіміз шығарамыз
Среда, 04 Ноябрь 2020 04:27Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында сұранысқа ие тауарлар өндірісі бойынша қалалық әкімдік, кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдері тарапынан үш жақты меморандумға қол қойылды.
Мемлекет үшін маңызды науқан
Пятница, 23 Октябрь 2020 04:22Қатерлі сүт безі ісігінің алдын алу, қауіпті дертті анықтап ерте диагностикалау және осындай аурумен дер кезінде күресуге халықты шақыру мақсатында 17-24 қазан аралығында Шымкент қалалық онкологиялық орталығында «Ашық есік күндері» өтіп жатыр.
MiFi катетері жүректің «моторын» қалпына келтіреді
Пятница, 23 Октябрь 2020 04:18Жүрек ырғағы мен өткізгіштің бұзылуы, жүрек-қан тамырлары ауруларының ішінде кең таралған. Бұл ауру асқынса өмірге қауіп төндіреді. Заманауи интервенциялық аритмология – кардиологияның қарқынды дамып келе жатқан саласы.