Шымкентте «ECOSTUDENTKZ» челленджі басталды Избранное

Среда, 05 Октябрь 2022 08:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1026 раз

Қазақстанның жанашыр студенттерінің бастамасымен қоқыс жинауға арналған «EcoStudentKZ» челленджі жүріп жатыр. «EcoStudentKZ» ұлттық челленджінің аясында ұйымдастырылған бастама Қазақстанның көптеген аймақтарында бір мезгілде таңғы сағат 9:00-ден басталды. Табиғатты қорғау ақциясы Шымкент қаласында да өтті. Оған 8 жоғары оқу орнының студентері қатысты. Жастар Қошқар ата өзенінің аумағынан бастап ретке келтірді.

351

 

Эко-плоггингке қатысушылар алдымен қоқыс жинап, асфальтталған жолдарды сыпырды. Студенттер ойнап-күліп жүріп онға жуық қап қоқыс жинап тастады.
– Кез келген жерге қоқыс тастау – көптеген қалалар үшін үлкен мәселенің бірі. Бұл экологиялық тұрғыдан қауіпті әрі мәдениетсіздік болып саналады. Қоқысты арнайы белгіленген орындарға, яғни, контейнерлерге тастау керек. Ал көшеде кетіп бара жатып темекі қалдығын тастағыңыз келсе немесе бір жапырақ қағаз болса, оларды тастайтын арнайы қоқыс жәшіктері бар, – дейді акцияға қатысушы Азамат.
Қазіргі таңда елімізде бей-берекет қоқыс тастаумен белсенді күрес жүргізілуде.
«Қазақстан ғарыш сапары» ғарыштық мониторингі жыл басынан бері 3500-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс алаңын тіркеген. Оның 1300-ге жуығы жойылған. Бұл бағытта Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы барынша белсенділік танытты.
Табиғатты қорғауда ең басты қателігіміз – жауапкершілікті сезінбеу және масылдық пиғылдан арыла алмай отырғанымыз. Мысалы, көшеде біреу ағаш кесіп жатса немесе қоқыс тастаса, ескерту жасайтын адам аз. Мұндай жағдайда оған немқұрайлы қарамай, керісінше, құзырлы орындарға хабар беру керек.
Эстафетаны павлодарлық студенттер жалғастырып, қаланың саябақтары мен алаңдарын қоқыстан тазартатын болады.
– Барлық жерлестерімізге айтарымыз – өзің отырған жерге қоқыс тастама. Осы челлендж арқылы отанымызға деген сүйіспеншілігімізді танытайық, – дейді осы шараға қатысушы студенттер.


Айдана АБДІРАХМАН

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.