Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысына сәйкес, Шымкент қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясы Шымкент қаласында көшелерге атау беру және қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Көпшілік тыңдау 2023 жылдың 22 мамырда сағат 11:00 де Шымкент қаласы N.Nazarbaev даңғылы №10/2 мекен-жайында орналасқан «Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми - әмбебап кітапханасында» өтеді.