SHYMKENT IT HUB ӨҢІРЛІК IT-САЛАНЫҢ ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ Избранное

Пятница, 17 Май 2024 07:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 428 раз

Өткен жылы мобильді интернеттен бөлек жеке инвесторлардық көмегімен Шымкенттің орталығынан шалғай орналасқан 20 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жүргізіліп, 210 000-ға жуық қала тұрғындарына жоғарғы жылдамдықты оптикалық интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалған. 2024 жылы қосымша 20 елді мекенге талшықты оптика желісін жүргізу үшін жеке инвесторлармен меморандум түзіліп, жыл соңына дейін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов баяндады.

SaiT

 

Осы тоқсандағы атқарылған жұмыстары мен жетістіктерімен бөліскен басқарма басшысы қала тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету, елді мекендерге талшықты оптика желісін жүргізу, цифрлық сауаттылық, қоғамдық орындарды тегін WI-FI желісімен қамту, қаладағы бейнебақылау камералары және «i-shymkent.kz» порталы жайлы баяндап, қойылған сауалдарға жауап беріп, биыл жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып өтті.
Цифрландыру басқармасы жүргізген мониторинг нәтижесінде шалғай елді мекендер мен шағынаудандардағы 50 нүктеде интернет сапасының төмендігі анықталған. Қазіргі таңда инвестор тарапынан 28 нүктенің 17-не базалық станция орнатылып, іске қосылды, қалған 11-не антенна-мачталық құрылғыларды және оларға монтаждау жұмыстары атқарылған. Сонымен қатар, «Kcell» және «Кар-Тел» ЖШС тарапынан 58 аумаққа базалық станция орнату жоспарға енгізіліп, бос жер телімдері қарастырылып жатыр екен. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін қосымша 28 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады.
Шымкентте 2024 жылы цифрлық трансформация саласы бойынша бірнеше жұмыс жоспарлануда.
– Қаладағы білім беру мекемелеріндегі интернет сапасына үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз. Шымкентте 147 мектепте интернет жылдамдығы көтерілді. Бүгінгі таңда білім беру мекемелеріне бөлінетін қаражат есебінен цифрландыру басқармасы арқылы орталықтандырылған модельге өтуді қамтамсыз ету және мектептердегі интернетті 150 мб/сек дейінгі жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылуда, – дейді Мұхит Әбуталипұлы.
Биыл басқарма тарапынан бір қызмет – санаториялық-курорттық жолдама жобасы автоматтандырылды. Бұл пилоттық жоба жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен цифрландыру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум негізінде іске асырылды.
«Денсаулық жағдайына байланысты зейнеткерлерді санаторий-курорттық көмек алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі ӨГӘЖ порталында автоматтандырылды. Нәтижесінде қаладағы зейнеткерлер шипажайларда емделу үшін онлайн кезекке тұрып, өздері кезек ретін бақылай алады. Өңірлік геоақпараттық жүйеде 12 қызмет түрі көрсетілуде. 2023 жылы жалпы 167 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, осы жылы 170 қызмет түрі бекітілді. Аталған 170 мемлекеттік қызметтің 6-ы автоматтандырылмаған. Биыл 2 мемлекеттік қызмет әкімдік тарапынан электронды форматқа көшетін болды.
«Сонымен қоса жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен цифрландыру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалынып, «i-Kolik» қосымшасына балама ретінде «2ГИС» мобильді қосымшасына қаладағы қоғамдық көліктердің жүру бағытын анықтау мақсатында GPS трекерлерді байланыстыру тетігі қосылды. Қазіргі таңда аталған мобильді қосымшада қоғамдық көліктердің бағыттарын қадағалуға мүмкіндіктер бар.
Қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы 20 қоғамдық орынға 53 wi-fi құрылғылары орнатылған. Биыл қосымша 5 қоғамдық орынға 15 wi-fi құрылғыларын орнатып, жалпы саны 68 wi-fi құрылғылары іске қосылатын болады. Қазіргі таңда аталған құрылғыларды іске қосу үшін мемлекеттік ашық конкурс өткізілуде.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік деңгейде инновациялық экожүйені кеңейтудің маңызын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтіп, Astana Hub тәжірибесін кеңінен насихаттап, өңірлерде дамыту міндетін қойған болатын. Өңірлік хабтар ұйымдастыру, аймақтарда IT-саланың дамуына жол ашады.
– Цифрландыру дегеніміз тек интернеттің сапасы емес. Ол – ауқымды жоба. Шымкенттің даму деңгейінің көрінісі. Сонымен қатар, ІТ мамандарын, жоба әзірлеушілерді, кәсіпкерлерді және мемлекеттік қызметкерлерді біріктіру мен цифрландыру саласына қызығушылығы бар жастарға бағыт-бағдар беру де басты мақсатымыз. Осыған орай Astana Hub филиалын Шымкент қаласында ашу басты жаңалық болып тұр. Ол өз кезегінде IT саласының карқынды дамуына септігін тигізеді. Shymkent IT HUB – білім беру бағдарламалары кеңесінің қызметі технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құру үшін арналған. Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында Shymkent IT Hub технологиялық паркін ашу жұмыстары жүргізіліп, ғимараты бекітілді. Технопаркке материалдық техникалық базаны жеке инвестор есебінен немесе жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көзделуде.
Айта кетейік, Astana IT HUB технопаркі және әкімдік арасында меморандум жасалынып, техникалық ашылу ісі жоспарлануда.

С. ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.