«АУРУ – АСТАН» Избранное

Среда, 19 Июль 2023 04:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 862 раз

Көкөністер мен жеміс-жидек сауда орындарынан 2426 сынама алынды

Көктем шығып, күн көзі қылт еткен сәттен-ақ сауда нүктелерінде жеміс-жидек пен бау-бақша өнімінің саудасы қыза түседі. Әсіресе, базардағы саудаға түскен қауын-қарбызға деген жұрттың қызығушылығы жоғары.

635

 

Тау-тау болып үйілген қауын-қарбыздан кешке дейін бірі қалмай өтіп кеткенін байқаймыз. Десе де, мезгілінен ерте піскен қауын-қарбыздың жедел-ішек инфекциясының өршуіне үлесі қаншалықты? Тұтынушылар қауын-қарбызды сатып аларда нені ескеру керек? Ресми деректерге сүйенсек қаламызда соңғы бір ай ішінде 150 тұрғын қарбыздан улану күдігімен тіркелген. Бақша дақылдары, әсіресе пестицидтер көп берілсе, өнім бойына нитраттарды жинауға бейім болады. Құрамында аталмыш заттектер көп қарбызды жеген жағдайда, оның белгілері 4-6 сағаттан кейін біліне бастайды. Егер нитраттармен уланған кезде ешқандай шара қолданылмаса, денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіру қаупі бар.
Бақша дақылдарының пісіп, адам ағзасына пайдалы дәруменнің қайнар көзін сіңіретін маусымда қала тұрғындары қауын қарбыздан дәм татуға қауіптеніп қалғандай. Жаппай уланудың себебі не, әлде құрамында зиянды қоспалар көбейіп кеткен бе? Дүкен сөрелеріндегі жеміс-жидектердің бақылау сапасы қалай? Осы және өзге де сауалдарды Шымкент қалалық Санитарлық эпидемиялогиялық бақылау департаменті мамандарына жолдаған едік.
–Жаз маусымы басталғалы тұрғындардан келіп түскен арыздар бойынша, сондай-ақ нитраттан улану қаупінің алдын алу шараларын жүргізу мақсатында зертхана мамандарымен талдап-тексеру сынамалары жүргізілді. Нәтижесінде түрлі көкөністер мен жеміс-жидек сауда орындарынан 2426 сынама алынып, нитрат мөлшерінің қауіптілігі анықталмады. 150 адамның улануына келетін болсақ, емдеу орындарында нитратпен уланғаны жайында нақты мәлімет жоқ. Зертхана мамандары сауда орындарындағы қауын, қарбыздардағы нитрат мөлшерін тексеріп, қауіптілік анықталмаса, сатуға рұқсат құжатын береді. Сауда орындарына, маусымдық жеміс-жидек павильиондарындағы өнімдер рұқсат құжаты болған жағдайда ғана сатылымға жіберіледі. Базарлардағы, сауда нүктелеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін сатушылардың қолында осы нитрат қалдығына тексерілгені туралы токсикологиялық сертификаты болуы міндетті. Мұны талап етуге әрбір тұтынушы құқылы, әсіресе ерте көктемде және жаз айларының басында ерте пісетін бау-бақша өнімдерін тексеру маңызды. «Ауру астан» демекші тұрғындарды осы тамақтан улану мәселесіне мән беруіне назар аудару керек. Өз денсаулығыңызға зиян келмес үшін азық-түлікке мұқият болуды маман ретінде кеңес беремін. Біздің мекеме тарапынан қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына, сондай-ақ сауда орындарының басшылықтарына ескерту және нұсқаулық хат жолданды,– дейді Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитарлық эпидемиологиялық департаменттің аса қауіпті жұқпалы аурулар және туберкулезбен күрес бөлімінің бас маманы А. Тасболтаев.
Сондай-ақ мамандар жол бойындағы жүк көліктерінен, рұқсатсыз сауда нүктелерінен жеміс-жидектерді сатып алмауға кеңес береді. Мамандардың айтуынша, арнайы тексерістен өтпеген өнімдер адам ағзасына қауіпті. Бақша дақылдарын сату үшін бөлінген орын қоршалып, күн мен жаңбырдан сенімді қорғалуы тиіс. Сату нүктесі шатыр астында, қарбыз мен қауын биіктігі кемінде 20 сантиметр болатын арнайы түпқоймаларда сақталуы керек. Қарбыз жиналғаннан кейін «дем алуды» жалғастырады, сондықтан ол автомобиль шығаратын газдарда кездесетін ауыр металдарды бойына тез жинайды.
Қарбыздан уланудың белгілері, алғашқы көмек көрсету жолдары жайлы кеңестерді де біле жүріңіз. Қарапайым тамақтан улану ықтималдылығын болдырмау үшін кез-келген жеміс-жидекті сатып алған кезде келесі негізгі ережелерді сақтау керек:
–қарбыз немесе қауын сатып алғанда, қабығының жарықсыз, сызатсыз және майыспай бүтін болуына назар аудару керек, жемістерді тасымалдау кезінде жиі лақтырады, қабығының жарығы арқылы бактериялар ішіне кіріп кетуі мүмкін, ал майысқан жерлері көбінесе қарбыздың қышқылдануына әкеледі,
–кесілген жидектерді сатып алуға болмайды, қарбыздың сыртындағы лас пышақпен кескен кезде мәйегіне оңай түседі,
–сатып алған жерлерде жуылмаған жемістерді тұтынбаңыз және піскенін кесіп тексермеңіз, өйткені көп жағдайда лас пышақтар қолданылып, ішек инфекцияларының қоздырғыштары түсіп бактерия жұқтыруыға әкелуі мүмкін,
–жемісті кесер алдында сыртын тазартып, щеткамен ағып тұрған судың астында ысқылап жуу керек,
–келесі күнге қалдырмай бірден жеп қойған жөн, өйткені шырынды қанттың көп болуы бактериялар үшін құнарлы орта. Егер қарбыз немесе қауын желінбей қалса, кесілген жерді тағамға арналған үлбірмен жауып, тоңазытқышқа азық-түліктен, жұмыртқа және шикі еттен бөлек қою керек;
–жемісті қабығына дейін жемеген дұрыс, қарбыздағы нитраттар біркелкі бөлінбейді, олар қабығы мен жеміссабағына көбірек жақын болады, сондықтан балаларға жемістің ортаңғы бөлігін берген дұрыс.
Уланудың алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге жүгіну қажет. Дәрігерлер келгенге дейін науқас энтеросорбенттерді қабылдап, көп мөлшерде су ішуі керек, сонымен қатар тыныштықты қамтамасыз етіп, оның жағдайын бақылау керек. Егер улану белгілері жүкті әйелдерде, қарттарда немесе 12 жасқа дейінгі балаларда байқалса, бірден жедел
Қарбыздың құрамында нитрат бар-жоғын үй жағдайыннда тексеруге болады. Ол үшін оны жеудің алдында етті жерін кесіп алып, бір стақан суға салып қою керек. Егер су лайланудың орнына қызғылт түске айналса, онда оның құрамында нитраттардың көп екенін білдіреді.
Жаз келсе жан біткеннің аңсары ауатын қауын-қарбыздың дәмділігіне дау жоқ. Десе де, тұтынушы өз денсаулығына келер қауіп-қатердің алдын алып, абай болғаны жөн.


Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.