13 ОРЫНДА – ЖАҢА АУЫЗ СУ БҰРҚАҒЫ Избранное

Среда, 19 Июль 2023 05:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 792 раз

Тұран ауданы аумағындағы халық көп шоғырланатын аумақтарға 13 ауыз су бұрқағы орнатылды. Заманауи қондырғылар композициялық мәрмәр тастан жасалған әрі арнайы сүзгі орнатылған.
Ауыз су бұрқақтары сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетілген талаптарға сәйкес қондырылды. Су құбыры жүргізіліп, орталық сумен жабдықтау желілеріне қосылған және арнайы су өлшегіш құралы орнатылған.

638

 

Ауыз су бұрқағы көктем-жаз мезгілдерінде пайдаланылатын болады. Алдағы уақытта ауыз су бұрқақтарын күтіп-ұстау жұмыстары «Тұран» КММ-нің тарапынан жүргізілетін болады.
Су бұрқақтар Мәделі қожа және Рысқұлбеков көшелері, Байтұрсынов және Бекбосынов көшелері, Байтұрсынов және Жандосов көшелері, Момышұлы даңғылы және Желтоқсан көшелері, Момышұлы және Республика даңғылы, Дулати және Рысқұлов көшелері, Темірлан тас жолы және Желтоқсан көшелері, Республика даңғылы және Асқаров көшелері, Темірлан тас жолы және Қожанов көшелері,Темірлан тас жолы және Темірқазық көшелері, Темірлан тас жолы және Мангельдин көшелерінің қиылысында қойылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.