ПАРТИЯЛАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ Избранное

Среда, 19 Июль 2023 04:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 615 раз

Шымкенттегі «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы», «Respublika» партиясы филиалдары бірлескен меморандумға қол қойды.

636

 

Енді қалалық Ассамблея мен қаладағы саяси партиялар құжатқа сай ақпарат алмасу, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және бірлік құндылықтарын ілгерілету бойынша диалог алаңдарын ұйымдастыру бағытында бірге жұмыс атқарады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан халықтары ассамблеясымен «AMANAT» партиясының қалалық филиалы ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту туралы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында берген тапсырмасы аясында бірлескен меморандум түзген болатын.

Г.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ҚЫС ҚЫР АСТЫНДА, ҚАРЕКЕТ ҚАЛАЙ? «АУРУ – АСТАН» »