31 жастағы қала тұрғынының бұл төртінші рет құрсақ көтеруі. Үшемге жүкті екенін жас ана жүктілігінің алғашқы аптасында білген. 33 аптада, яғни айы-күні толмай туылған сәбилердің өкпесі дұрыс дамымай, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Перзентхана дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде 2 келіден аса салмақ қосқан.
Үшемдерге ата-анасы Атамбай, Мұса, Муслим деп ат қойды. Денсаулықтары жақсарған үшем мен анасына дәрігерлер сыйлықтар табыс етіп, үйіне шығарып салды.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 4911 сәби дүниеге келді. Оның 2493 - і ұл бала болса, 2418 -і қыз. Егіздердің саны 50-ге жетіп, екі үшем туылған.
Өзипа АЛТАЕВА