ӘЙТЕКЕ БИ ӘЛЕМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Пятница, 10 Май 2024 05:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 289 раз

Биыл қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлының туғанына 380 жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырылды. Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің (ОБКЖ) №5 кітапхана бөлімшесінде өткен жиынға №55 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Гүлзира Тәжиеваның жетекшілігімен 5 «а» сынып оқушылары қатысты.

 

Әдеби кеште Әйтеке бидің қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық таныта білген қайраткер екені айтылып, тарихи деректер мен аңыз-әңгімелерден дәлел келтірілді. От ауыз, орақ тілді шешендігі, мүлтіксіз әділдігі жөнінде ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Ел ішінде «айыр тілді Әйтеке» деп атап та кеткен. Әйтеке би ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп, кесіп сөйлейтін өте әділетті, білгір шешен би болғаны жайлы баяндалды.
Мол мағлұмат алған оқушылар жиын соңында Әйтеке би Байбекұлына арналған «Қазақтың дара тұлғасы» атты кітап көрмесімен танысты.

К.МЫРЗАБАЙ,
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты
№5 кітапхана бөлімшесі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.