«ҚАЗАҚ ДАСТАРХАНЫ» ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҚОНАҚЖАЙЛЫҒЫН ДӘРІПТЕДІ Избранное

Пятница, 18 Октябрь 2024 06:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 70 раз

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің қатысуымен дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті. Өңірдегі түрлі этнос өкілдері ұлттық тағамдарды тарту етіп, қазақтың осынау мәдени құндылығын көпшілікке көрсетті.

dastarxan

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған фестиваль аясында 17 этномәдени бірлестік мүшелері қазақтың ет тағамынан бастап, үлпілдеген бауырсағын, жент, талқан-тары, көмбе, үлпершек, бұқпа, қарын бөртпе сынды түрлі ұлттық тағамдарын дайындады. Ұлттық тағамдардың тарихы мен ас әзірлеудің әдіс-тәсілін іс-шара қонақтарына баяндады.
– Дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі – өңірдегі этностар арасында татулық пен достықтың айғағы. Біздің міндетіміз – қазақтың ұлттық тағамдарын қайта жандандырып қана қоймай, әртүрлі этномәдени бірлестік мүшелерін бір бастамамен біріктіру. Бүгінгі шараны ұйымдастыру арқылы біз өңірдегі барша этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру арқылы қазақ халқының қонақжайлық дәстүрін дәріптеуді, рухани құндылықтарымызды жаңғыртуды көздеп отырмыз,– дейді өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев.
Бір үйдің баласындай болған ұлт өкілдері ұмыт бола бастаған қазақы тағамдарды ел жадында жаңғырту мақсатында дайындағандарын айтты. Танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетіп, кештің шырайын ашты.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.