320 орынды балабақша ашылды

Пятница, 16 Октябрь 2015 08:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5353 раз

Қала күні қарсаңында Шымкенттегі №57 «Хадиша» бөбекжай-балабақшасы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. 320 орынға лайықталған бұл балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт, музыка залы, әр топқа арналған ойын алаңшалары, медбике, психолог бөлмелері соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 MG 6023Балабақша құрылысын «Жедел құрылыс» ЖШС-і 2014 жылдың шілде айында бастаған болатын. Қазынадан бөлінген 583 миллион теңгені толық игеріп, өз мерзімінде пайдалануға беріп отыр.
Балабақшаның ашылу сатанатында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа ғимаратты аралап көріп, бүлдіршіндердің өнерін тамашалады.
– Балабақшамызда 16 топ ашылды, әр топқа 20 бала қабылданады, 32 тәрбиеші, 16 тәрбие көмекшісі бар, бұдан басқа музыка жетекшісі, психолог, дене тәрбиесі, ағылшын, орыс, қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдеріміз сапалы тәлім-тәрбие беруге дайын, – дейді балабақша меңгерушісі Ләззат Маймақова.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиевтің айтуы бойынша, жыл соңына дейін 4 балабақша ашылмақ. Ал 2020 жылға дейін «Балапан» бағдарламасы аясында балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылатын болады.


Ә. ӘБУ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.