Шымкенттiң ең сұлу қызы кiм?

Пятница, 16 Октябрь 2015 08:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 6764 раз

Қазақ қызының әсемдігі мен ақылдылығына таразы болған «Шымкент аруы» байқауы өз мәресіне жетті. Қала күніне орай өткен сайыста 16 үміткердің арасында  ақылына көркі сай арулар аз болмады.

DSC 8123Байқаудың басты талабы – арулардың сымбаты, сахнада өзін ұстауы, әдебі мен көркі болды. Айта кетсек, шымкенттік дизайнерлердің қолынан шыққан киімдердің, сондай-ақ ұлттық киімдердің  сән байқауы сын тезінен өтті.
Қазылар алқасының шешімімен  «Шымкент аруы-2015» атануға 18 жастағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының 2 курс студенті  Ақмөлдір Әбдурахимова лайық деп танылды. Қала әкімінің орынбасары Қ. Нұртай ару қызды жеңісімен құттықтап, 75 мың теңге көлемінде сыйлық  сертификатын табыс етті.  
– Мен үшін күтпеген жеңіс болды. Шымкент аруы атанамын деп ойламаппын. Әрине озып шығу оңайға түскен жоқ. Дегенмен еңбегім зая кетпеді. Күні-түні дайындық өз нәтижесін берді. Менің мақсатым – қазақ аруын әлемге таныту, – дейді А. Әбдурахимова.
Сондай-ақ, байқауда Мадина Шайырбекованың бағы жанып, «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды. Бірінші орынды Шынар Қуаныш, екінші орынды Лаура Шамшиддинова жеңіп алды. Сұлулық пен сымбаттылық байқауында топ жарған Ақмөлдір Әбдурахимова енді жерлестерінің намысын «Қазақстан аруы» байқауында қорғайды.

DSC 8108

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.