×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Зообақ қайта жандануда

Пятница, 16 Октябрь 2015 07:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 8184 раз

Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағына биыл – 35 жыл. Мерейлі датаны салтанатты жағдайда атап өткен мекеме қызметкерлері қала тұрғындарына ашық есік күнін ұйымдастырып, тегін кіруіне мүмкіндік жасады. Шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, көпшілікке құттықтау лебізін жеткізді.


zoobak kaita 42

– Хайуанаттар бағы – бұл  ғылыми, мәдени ағарту орталығы, табиғатта сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар аңдарды сақтап қалу орталығы, ең негізгісі – бұл жер балалар мен ересектер демалатын орын болып табылады. Зообақ алғаш ашылған кезде иелігінде 75 түрлі аңның 350 данасы болыпты. Қазіргі кезде, зообақ коллекциясында 212 түрлі жан-жануардың 2200-ден астамы тіршілік етуде, – деді
Ғ.Әбдірахымов.
Зообақтың тиімділігі мен маңызы аса жоғары екенін айрықша атап өткен қала әкімі мекеме қызметкерлеріне қар тазалағыш техника тарту етті.
Айта кетейік, зоологиялық саябақтың жалпы алаңы 30 гектарды құрайды, оның 19 гектар аумағына экспозиция орналастырылған. Мұндағы аң-құстардың 43 түрі Қызыл кітапқа енген.
– Бүгінгі таңда зообақта аумақты игеру жұмыстары толығымен іске асып жатыр. Атап айтқанда, қазіргі заманға сай зоогеографиялық экспозицияларына «Африка», «Түнгі әлем», «Тау» атауымен арнайы орындардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы салынып жатқан аумақтарда жануарлардың әрбір түр ерекшелігіне, олардың табиғи жағдайда өмір сүру ортасына жақын жағдай жасалып жатыр. Яғни, зообағымыздың келушілері жануарларды темір тор арқылы емес, ашық түрде тамашалай алады, – дейді зообақ басшысы Нұрғазы Бұхарбаев.
Сондай-ақ, мекеме басшысы алдағы бір жыл уақыт мерзімінде «Шымкент қаласының құрметті азаматтары» мен БАҚ өкілдері үшін жанұясымен бірге, зообаққа тегін кіруіне жағдай жасалғанын да атап өтті.