Қала аумағы орман қоры есебiнен ұлғаяды

Пятница, 11 Декабрь 2015 07:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 7226 раз

karta small

Қаламызға қарасты орман қоры жерінің 2,3 гектар телімі елдімекен санатына ауыстырылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен қоғамдық тыңдауда айтылды. Оған қала әкімінің орынбасары Н.Көшеров, зиялы қауым өкілдері, қалалық сәулет және қала құрылысы, қалалық жер қатынастар бөлімдерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.


Қоғамдық тыңдауда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қасымбек Сайлауов баяндама жасап, Сайрам ауданынан Шымкентке өткен «Орманшы» ауылындағы орман шаруашылығына қарасты 2,3 гектар жер телімін елдімекен санатына ауыстыру қажеттігі туындағанын алға тартты. Қоғамдық тыңдау барысында бұл мәселе жан-жақты қаралып, құзырлы мекемелердің қызметкерлері тарапынан бірауыздан келісім берілді. Қ.Сайлауовтың айтуынша, енді орман қоры жерлерін қалаға өткізу жұмыстары қолға алынады.

Айта кетейік, Шымкентте орман қорына қарасты 4 мың гектардан астам жер телімі бар.

Последнее изменение Пятница, 11 Декабрь 2015 08:03
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.