Құбырларды ауыстыру – уақыт талабы

Среда, 20 Апрель 2016 06:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5529 раз

«Су ресурстары маркетингі» ЖШС-і мамандары санитарлық-қорғау аймақтарын тексеру бойынша кезекті рейдке шықты. Бұл жолы компания өкілдері «Ұлағат» шағынауданындағы су құбыры және кәріз жүйелерін тексерді.

Апатты жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Бақыт Жолдаровтың айтуынша, су құбырлары жүргізілген аймақтан он метрге дейін құрылыс нысаны салынбауы тиіс. Егер апатты жағдай туындай қалса, тұрғын үйлерге залал келуі мүмкін. Бұдан бөлек, заңсыз салынған аймақтар су құбырлары мен кәріз жүйелерін қайта құру, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге де кедергі.
– Мұндағы су құбырларының орнатылғанына 45 жыл болған. Осы құбырдан 1 млн-ға жуық халық су ішіп отыр. Егер апатты жағдай бола қалса, оған кім кінәлі? Әр адамның өмірі қымбат. Сол үшін біз апаттың алдын алуымыз керек, – дейді компанияның апатты жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Бақыт Жолдаров.
Айта кетейік, 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі мерзімде қала бойынша 600-ден астам үйге сот шешімі шыққан.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.