×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Қала келбеті – тазалығымен сәнді

Пятница, 14 Октябрь 2016 05:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 6612 раз

Қаланы абаттандыру, санитарлық тазалығын сақтау мақсатында орталық көшелер мен саябақтарда қураған ағаштарды кесіп, қара ағаштарды қалыпты пішінге келтіру жұмыстары жалғасуда.  Бұл жұмыстарды бүгінде 3 мекеме – «ЛТД Тұрмыс», «Шымкент – жасыл қала» және «Бәйтерек ЛБ» ЖШС-лері атқаруда. Ұзындығы 835 шақырымды құрайтын қаланың 156 көшесі санитарлық тазалау жұмыстарымен қамтылған.

IMG 4602

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің көріктендіру секторының бас маманы Жандос Оспановтың айтуынша, қыркүйек айынан басталған ағаш бұтау жұмыстары қазіргі сәтте қыза түскен. Темірлан тас жолы, Бәйдібек би көшесі және Қонаев даңғылында ағаштардың шіріген, қураған бұтақтарын кесіп жатқан «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшылары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тер төгуде.

Жарамсыз ағаштар түбімен қопарып алып тасталынады.

– Биыл абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу үшін мекемеге жергілікті бюджеттен 488 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Күні бүгінге дейін қаланың орталық көшелерінде барлығы 50 мыңға жуық ағаш әктелді. Мұның барлығы еліміздің үшінші мегаполисіне айналып, «жасыл қала» атануға бет бұрған Шымкенттің келбетіне қосымша реңк беретіні сөзсіз, – дейді «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің өндірістік техникалық бөлімінің басшысы Ғалым Ақпанбетов.

Ағаштарды қалыпты пішінге келтіру жұмыстары үшін мекеменің 7 арнайы автокөлігі және жұмысшыларының негізгі бөлігі жұмылдырылған.