Жаңа мектептердің саны артады Избранное

Среда, 26 Октябрь 2016 05:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4033 раз

Өңір басшысы Ж. Түймебаев «Ақжайық» шағынауданындағы №59 жалпы орта мектебінің қосымша құрылысын аралап көрді. 600 орындық білім ошағы жоспар бойынша 2017 жылы пайдалануға беріледі. Мұнан соң, Жансейіт Қансейітұлы бастаған жұмысшы топ «Қайнар-бұлақ» саяжайындағы 1200 орындық мектептің құрылысымен танысты.

98d51cbc-646e-4784-9a8f-14eac758a778

Нысанның сапасын қадағалаған аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтап, онда қолданылатын құрылыс заттарының баланың денсаулығына зиянсыз болуы қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, әкім өңірімізде әлеуметтік нысандарды салу жұмыстарына кәсіпкерлерді көптеп тартып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керектігіне тоқталды. Жекеменшік ғимараттары бар азаматтарға «Балапан» бағдарламасының екінші деңгейі бойынша шағын балабақшалар ашуға мүмкіндік жасау керектігін айтты. 

Айта кету керек, облыс бойынша 63 мектептің іргетасы қалануда. Оның 37-і бүгінгі күнге дейін пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы да бірқатар нысандар ел игіліне тапсырылады деп күтілуде. Нысандардың басым бөлігі, Сайрам, Шымкент, Мақтарал және Қазығұрт аудандарынан бой көтеруде. Ал «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында бес мектептің құрылысы жүруде. Оның төртеуі 1200 орындық білім ошағы болса, біреуі 600 балаға шақталған жалпы мектеп.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.