Шымкенттен қант зауытын ашпақ Избранное

Пятница, 09 Июнь 2017 05:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5498 раз

Біріккен Араб Әмірлігінің кәсіпкерлері Шымкенттен қант зауытын салуға ұсыныс білдіріп отыр. Сонымен қатар Оңтүстіктен тұрақты түрде қой сатып алуға ниетті.

shardzha-41

Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде еліміздің БАӘ-дегі Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф мәлім етті.

– Бүгінде екі ел арасындағы инвестициялық тартымдылық жоғары деңгейде. Осыны ескере отырып, Біріккен Араб Әмірлігінің Оңтүстіктен қант зауытын салу жөніндегі ұсынысы өз күшінде екенін айта кеткім келеді. Сондай-ақ араб елі өзге де салаларда қарым-қатынасты нығайтуды жоспарлап отыр, – деді Қайрат Лама Шариф. 

Кездесу барысында Жансейіт Қансейітұлы Біріккен Араб Әмірлігі тарапынан жасалған инвестициялық ұсыныстарды толығымен қолдайтынын жеткізді. Өңір басшысы БАӘ-нің ірі сауда орталықтарынан Оңтүстік өнімдерін сататын бөлімдер ашу мәселесін де қозғады. Сондай-ақ «Шымкент-Шарджа-Шымкент» бағытында әуе рейсін ашу жайын да талқылады. 

Айта кетейік, халқының саны 500 мыңға жуық Шарджа қаласы БАӘ-нің мәдени астанасы саналады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.