Қаладағы аулалар абаттандырылуда Избранное

Пятница, 20 Июль 2018 04:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2499 раз

Шымкенттегі саябақ пен көпқабатты тұрғын үйдің басым бөлігі Әл-Фараби ауданында орналасқан.

1

 

Осы ауданда көріктендіру және санитарлық тазалық жұмыстары аясында 2018 жылдың алғашқы 6 айында көп қабатты үйлердің аулалары, ішкі орам жолдары тазаланып, 5 586 т.м. қоқыс шығарылған. Көктемде елдімекендерді абаттандыру және көріктендіру жұмыстарына сәйкес 383 қураған ағаш кесілген.
– 1 767 ағаш санитарлық әдіспен қырқылса, 16 220 түп ағаш әктелді және 17 701 ш.м. жердің қураған шөбі орылды. Аудандағы барлық көпқабатты тұрғын үй 400 аулаға біріктірілген. Жұмыстың басым бөлігін ТҮКШ бөлімі мен тиісті мердігер мекемелер орындайды. Бұған қоса тұрғындардың өтінішіне байланысты тазалық, санитарлық жұмыстары атқарылады. Біз тұрғындарға жасыл-желекті күтіп-ұстауға байланысты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырамыз, – дейді аудандық әкімдіктің инфрақұрылым және көріктендіру бөлімінің басшысы Бақыт Мелдебеков.

Арық-атыздар – басты назарда

1-1

Биыл Еңбекші ауданында Бекет батыр көшесінде орналасқан гүлзардан бөлек Шымкент каналының бойы да көріктендірілді.

12-шағынауданда орналасқан бұл каналды абаттандыру жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілді. Аудандық әкімдіктің инфрақұрылым және көріктендіру бөлімінің басшысы Бахтияр Тұрабековтың айтуынша, аудан аумағының тазалығын сақтап, көгалдандыру мақсатында жыл басынан бері 7 рет сенбілік ұйымдастырылыпты.
– Сенбілік өткізу барысында шағынаудандарда - 3 500, ал индустриалды аймақ пен тұрғын алабтарда тағы 5 725 ағаш көшеті егілді. Аудан аумағында ирригациялық жүйелерді қажет ететін көшелер зерттеліп, нәтижесінде 18-шағынауданға - 652 метр, Күншығыс шағынауданына - 240 метр, Жанқожа батыр көшесіне - 180 метр, Безделев-Түркістан көшелерінің қиылысы, Мельникайте көшесіне (Қазбакалейторг аумағы) 200 метр ирригациялық жүйе қажет екені анықталды. Әкімдік қызметкерлері осыған байланысты жобалық-сметалық құжаттар әзірлеп, бюджетке ұсынды. Жұмыстар қаржы бөлінген соң атқарылады, - дейді бөлім басшысы.

Последнее изменение Среда, 25 Июль 2018 06:15
Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.