Танымал тұлғалар тұрғындарға қызмет көрсетті Избранное

Пятница, 02 Ноябрь 2018 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3041 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкенттегі филиалында «Жұлдыздардың ХҚО-дағы бір күні» атты республикалық акция өтті. Онда отандық эстрада жұлдыздары мен танымал спортшылар халыққа қызмет көрсетті.

34

 

Акцияға әнші Ғазизхан Шекербеков, «Нысана», «Шаншар», «Шымкент-шоу» театрларының актерлері Дәурен Жұмаділов, Нұрбол Айтулов, Абай Аязбаев, Нұржан Құлшынбаев, Жарас Ахметов, Нартай Сүлейменов және əлем чемпиондары, белгілі боксшы Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев, боксшы Закир Сафиуллин, Бекдәулет Ибрагимов, сондай-ақ, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары қатысты.
Шоу-бизнес жұлдыздары азаматтардың құжаттарын қабылдап, мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтарына жауап берді, электронды кезек талонын ұсынып, ресепшндегі өтініштерді толтыруға көмектесті.
«Танымал азаматтар ХҚО мамандарының рөлін жақсы орындап шықты» дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының директоры Бақыт Басымбек:
– Біздің жұлдыздарымыз жақсы жұмыс жасады. Әрине, оларға біздің қызметкерлер қуана-қуана көмектесті. Бізге келген тұрғындар Ғазизхан Шекербеков, Біржан Жақыпов жəне басқа жұлдыздар қарсы алғанына таң қалып, олардан естелікке қолтаңба алып жатты, - деді Б.Басымбек.
Қазіргі таңда шымкенттіктер мемлекеттік қызметті 10 фронт-офистен алады. Биылғы 9 айда қаладағы ХҚО мамандары тұрғындарға 1 526 057 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.