Арбат – мерейлі мерекеге тарту Избранное

Среда, 05 Декабрь 2018 09:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 72 раз

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкентте жаңа Арбат ашылды. Салтанатты рәсімге Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкенттен сайланған сенаторлар Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров, қалалық мәслихаттың депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар жиналды.

175

 

Ерекше архитектуралық үлгіде бой көтерген демалыс орны қала орталығындағы «Қиял әлемі» саябағы жанынан орын тепкен. Бейбітшілік көшесінің Республика даңғылынан Әл-Фараби алаңына дейінгі бөлігі тұтас демалыс орнына айналып, су бұрқақтары орнатылды. Көпшілік сейіл құратын аймақтағы жаяу жүргіншілер жолы 12 сәулеттік мүсінмен ерекшеленеді. 200-ге жуық сәндік ағаш егіліп, бір бөлігі көгалдандырылды.
Салтанатты рәсімде қала әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтады.

171
– Өздеріңізге белгілі, Елбасының биылғы 19 маусымдағы Жарлығымен Шымкент республикалық қала дәрежесін алып, жаңа тарихи кезеңі басталды. Миллион тұрғыны бар мегаполис күн сайын көркейіп келеді. Міне, мерейлі мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінде де қаламызда жаңа Арбат ел игілігіне беріліп отыр. Бұл көрікті аймақ Шымкент тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналатынына сенімдімін! - деді
Ғабидолла Әбдірахымов.
Қала әкімі осы демалыс орнын салуға атсалысқан әр қызметкерге алғыс білдірді. Шымкенттіктерді мерекемен Зауытбек Қауысбекұлы мен Жансейіт Қансейітұлы да құттықтап, миллионды қалада атқарылып жатқан тындырымды істерді атап өтті.
Айта кетейік, бұл Арбат тек көркімен ғана емес, қала тұрғындарының тынығуына ыңғайлы болуымен ерекше. Демалыс орнының бір бөлігі шығармашалық иелеріне шабыт сыйласа, суретке түсуді ұнататын жандарға арнайы селфи-аймақ жабдықталған.

176
Сондай-ақ, Арбаттың ортасында граниттен Қазақстанның атлас-картасы жасалды. Жалпы ұзындығы 430 метр аймақта көлік қатынасына шектеу қойылып, екі қапталдан велосипедпен серуендеу үшін арнайы веложолақ салынған. Ал Арбаттың екі жағындағы үйлердің қасбеттері көріктендірілді.

Последнее изменение Среда, 05 Декабрь 2018 10:58
Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.