Шымкентте электронды коммерция орталығы ашылады Избранное

Пятница, 22 Февраль 2019 04:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2933 раз

Үшінші мегаполисте электронды коммерцияны дамыту қолға алынды. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазпошта» АҚ және «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арасында үш жақты ынтымақтастық меморандумы түзілді.

Пошта 4

Меморандум аясында Шымкентте алғашқы электрондық коммерция орталығы ашылады. Бұл жұмыстар қала әкімдігінің жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының негізінде атқарылмақ.
Жоспар бойынша қаладағы электронды коммерцияны дамытуға ерекше назар аударылған.

Соның бірі ретінде Шымкенттегі интернет-дүкендерінің тауарларын Қазақстан мен Өзбекстан бойынша жеткізу шығындарын өтеу көзделіп отыр. Меморандумға сәйкес бұл тауарларды жеткізу «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар Шымкентте бизнеске бір терезе қағидатымен бірыңғай қызмет көрсету супермаркетін ашу қарастырылған. Ол «Бизнес супермаркеті» аумағында «Қазпоштамен» бірге қаладағы алғашқы электрондық коммерция орталығы құрылады.

Онда е-commerce саласында өз ісін ашатын кәсіпкерлерді тегін оқытады және меншікті сауда интернет-алаңдарын әзірлеуде, халықаралық сауданы жүзеге асыруда әдістемелік көмек ала алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.