Мектеп бюджетін бақылауға шақырды Избранное

Среда, 23 Октябрь 2019 04:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2273 раз

Миллионды қаладағы білім беру мекемелерінде ата-аналар тарапынан ақша жинау әрекетімен күрес қызу жүруде. Алайда, қамқоршылық кеңесінің төрағалары мен мүшелері екі жылдан бері функционалдық қызметтерін атқармай келеді.

550

 

Аталған мәселелемен жұмыс жүргізіп келе жатқан сала мамандарының басын қосқан алқалы жиында қалалық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ж.Тәжиева осылай мәлімдеді. Оның айтуынша, қамқоршылық кеңесін бекітудің өзінде заң бұзушылық фактілері анықталған.
Жиында сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев білім саласында жемқорлық көріністері, көбіне, жұмысқа қабылдау барысында кездесетінін айтты. Жуырда 1424 call-орталығына арыз түсіп, нәтижесінде, №49 мектептің бұрынғы директоры ұсталған. Ал бірыңғай байланыс орталығына жалпы жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша 50 қоңырау түскен.
Осындай фактілердің алдын алу мақсатында «Шымкент-адалдық алаңы» жобасы аясында «Мектептерде ақша жинауға жол жоқ» («Нет поборам в школах») акциясы қолға алынды. Қос департамент басшылығы аталған акцияға мектеп ұжымдары мен ата-аналарды белсенді қатысуға, ал қамқоршылық кеңесін мектептің бюджетін бақылауға шақырды.
Кездесу барысында мектеп қажеттіліктеріне мемлекеттен қаржы қарастырылғаны айтылып, қаржы жинауға қатаң тыйым салынғаны ескертілді. Егер сыбайлас жемқорлыққа қатысты факті анықталатын болса, жауапты тұлғаға қылмыстық жауапкершілікке дейінгі қатаң шара қолданылатыны хабарланды.