Мобильді байланыс мінсіз болуы үшін... Избранное

Пятница, 14 Август 2020 04:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1873 раз

1483098361

Шымкентте байланыс антенналарын орнататын  жер телімдері анықталды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қалалық жер қатынастары басқармасы байланыс антенналарын орнату үшін 11 жер телімін бөліп, оларды заңдастыру туралы қаулы шығарды.

117364577 2601225773523706 2070524663129133283 o

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев шаһарды цифрландыру бойынша өткен жиналыста қала әкіміне баяндады. А.Сәттібаевтың айтуынша, байланыс антеннасын инвестор өз есебінен орнатады. Одан әрі ұялы байланыс операторлары өздерінің базалық станцияларын осы құрылғыға жалғайды.
– Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасына тиесілі жарықтандыру бағандарына мобильді операторлардың базалық станцияларын инвестор орнататын неғұрлым тұрақты бағандарға ауыстыруды ұсынамыз. Атап айтқанда, жүк көтергіштігі 1.5 - 2 тонна болады. Біреуінің құны шамамен 2-2,7 млн теңгені құрайды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жол картасы жасалды, - деді әкімнің орынбасары.
Сондай-ақ, мобильді интернет пен байланыстың сапасын жақсарту шеңберінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері Шымкентте ұялы байланыстың нашар аймақтарын анықтау бойынша жұмыс жүргізді.
Сонымен қатар, осы жабдықты орнату үшін 43 мекенжай көрсетілген жол картасы дайындалды.
Айта кету керек, бұл учаскелер ұялы байланыс операторларының статистикасы мен қала құрылысының ерекшеліктерін ескерусіз, қала көшелеріндегі драйв-тест нәтижелері бойынша анықталған.
Бұдан басқа, зерттеу жүргізу және базалық станцияларды орнату мақсатында арнайы топ құрылды. Топ жұмысына цифрландыру басқармасының, жер қатынастары басқармасының өкілдері, сондай-ақ, 43 жер учаскесінің әрқайсысына байланыс операторларының мамандары жұмылдырылды.
Сала мамандардың мәліметінше, көптеген проблема үй-жайлардың ішінде қызметті пайдалану кезінде, тұрғын үй кешендеріне тікелей жақын жерде базалық станциялар болмаған кезде туындауда.
Атқарылып жатқан жұмыстарды тыңдаған қала әкімі жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.