ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ Избранное

Среда, 16 Февраль 2022 03:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 868 раз

Шымкентте 123 эвакуациялық пункт бар. Олар көпқабатты үйлер мен халық тығыз орналасқан елді мекендерде орналасқан. Мамандар сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері ескеріле келе жинау пункті ретінде мектептер таңдап алынғанын айтады.

261

 

Сондай орынның бірі – Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның базасында орналасқан 31-эвакуациялық жинау пунктінде төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға арналған практикалық жаттығу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің, қалалық азаматтық қорғау қызметінің 21 өкілі және мектеп мұғалімдері мен тұрғындар қатысты.
– Оқу-жаттығу барысында департамент мамандары апатты жағдайда қауіпсіз аймаққа жиналу жолдарын түсіндірді, арнайы жасақталған топтардың жұмысы тұрғындарға тәжірибе жүзінде көрсетілді. Жалпы, Шымкенттегі мектептердің негізінде құрылған барлық эвакуациялық-жиналу пунктерінің жұмысын пысықтау бекітілген жоспарға сәйкес өткізіліп тұрады, – деді Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзов.
Айта кетейік, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай орын алған кезде немесе қала тұрғындарын эвакуациялау қажеттігі туындағандағы дайындық жұмыстары Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің үнемі бақылауында тұрады.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.