Бауыр ісігіне жаңа әдіспен ота жасалды Избранное

Среда, 30 Март 2022 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 914 раз

Үшінші мегаполистің дәрігерлері бауыр ісігі диагнозы қойылған науқастарға жаңа әдіспен ота жасауды меңгеруде. Инвазивті эндоваскулярлық әдіс елімізде екінші болып Шымкент қаласында жасалды.

78

 

Шымкент қалалық №2 ауруханада бауыр циррозы диагнозы қойылған науқастың асқазан және өңеш веналарының варикозды кеңеюі «CARTO» әдісімен байланды.
– Бауыр циррозында портальді гипертензия, асқазан және өңеш веналарының кеңеюі қауіпті асқынулардың бірі саналады. Соның салдарынан қан кетіп, соңы қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін. Біз ота жасап жатқан науқаста да бұған дейін екі рет қан кеткен. Ал оның алдын алуда аз инвазивті эндоваскулярлық емдеу ең тиімді әдіс саналады. Ауруханамызға елордалық жоғары дәрежелі дәрігер Евгений Мун келіп, шеберлік сабағын өткізуде. Содан кейін мұндай отаны жергілікті мамандар жүзеге асыратын болады, – деді аурухананың рентген-хирург дәрігері Нұржан Қарабаев.
Айта кетейік, бұл ота тіліксіз жасалады. Науқас есін біліп, дәрігерлер оның жай-күйін бақылап, өзінен сұрап отырады. Тек оған жергілікті ауырсыну басатын дәрі салынған. Мұндай ота елімізде алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласының №1 көпсалалы қалалық ауруханасында жасалған болатын.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.