Жиында тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Қолданыстағы заңнамаларға түсіндірме, жауапкершіліктер, үй ішілік техникалық қызмет көрсетуші (ВДГО) мекемелермен келісімшарттарға тұру туралы айтылып, тұрғындарға жадынамалар табысталды.
Мамандар газдан уланудың алдын алу қауіпсіздігі бойынша мына негізгі талаптарды сақтауға шақырады.
- Тек жарамды газ жабдықтарын қолдану;
- Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, түтін мұржаларын уақтылы тазалау;
- Өз бетінше газ жабдықтарын қосуға, құруға және орын ауыстыруға тыйым салынады және ол жұмыстарды тек тиісті мамандар жүргізуі қажет;
- Түтін мұржаларын дер кезінде тазалау, үнемі жарамды жағдайда
болуы тиіс;
- техникалық қызмет көрсету үшін арнайы мамандандырылған ұйыммен келісімшарт жасаңыз.