Қоғамдық тыңдау өтті Избранное

Среда, 18 Май 2022 04:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 219 раз

Шымкентте қалалық мәслихат депутаттары, ономастика комиссиясының тұрақты мүшелері Т.Сұлтанова, Қ.Досалиев, Ә.Жұмақұлова және Т.Балтабаев қатысқан
көшелерге атау беру және қайта атау бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

531

 

ау бойынша үш рет бас қостық. Бізде 550 тарихи тұлғаның тізімі жасалған. Солардың үш жүзден астамы көшелерге берілді. Қалған есімдер де атауы жоқ көшелерге қойылады. Бүгінгі таңда Қаратау ауданында жүзден астам жаңа көше бар. Келешекте олардың барлығына атау беріледі. Өйткені бұл жұмысты ширату қала тұрғындары үшін маңызды болып тұр. Тезірек көшелерде жаңа атаулар пайда болып, картаға енгізілсе, жедел жәрдем секілді халыққа қызмет көрсететін мекемелерге мекенжайды тауып бару жеңілдей түсер еді, – деді тұрақты комиссияның төрайымы Төреайым Сұлтанова.
Қоғамдық тыңдауға жиналған қала тұрғындары жаңа көше атауларын қоюға байланысты өз ойларын ортаға салды.
Жиын соңында тұрақты комиссия жаңа көшелерге атау беру, атап айтқанда, Жеңіс саябағын генерал, Кеңес одағының батыры Сабыр Рахымов атымен атау, Еңбекші ауданының орысша транскрипциясында кеткен қателікті түзетіп, Э әрпін Е-ге ауыстыру туралы тұжырымға келді.