— Мегаполисте 2236 көпқабатты үйдің 124-і мүлік иелері бірлестігіне 1798-і жай серіктестікке өтті. «Бір үй - бір бірлестік - бір есепшот» қағидасына негізделген жаңа тұрғын үй реформасы жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығыстарды бақылау мен жалпы қаржылық операцияларды ашық жүргізуге мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстарын жоспарлауға талап етілетін ЖСҚ құжатын әзірлеу мен көпқабатты үйдің қасбетін әрлеу жаңғырту бағдарламасына сәйкес мемлекет есебінен тегін жүргізіледі,-
деді Мәлік Құттымбетұлы.
Өз кезегінде Ж.Исмаилов жаңа басқару жүйесіне көшкен көпқабатты үйлердің жетекшілерін іс жүргізу бойынша оқыту жұмыстары басталғанын хабарлады.