ШАХМАТТАН сынға түсті Избранное

Пятница, 27 Май 2022 08:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 825 раз

Шымкент қаласының «Орталық саябақ»» аумағында «Шымкент жастар лигасы» ойындарындағы шахмат бәсекесінің финалдық кезеңі өтті.

708

 

Спорттың шахмат түрінен іріктеуге 130 команда қатысып, финалдық кезеңге әр ауданнан төрт, жалпы 16 команда жолдама алды.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері іс-шараның ашылу рәсіміне қатысып, тартысты ойындарды тамашалады. Шыңғыс Жұмабекұлы іс-шараның маңыздылығына тоқталып, ойыншыларға сәттілік тіледі.
– Былтыр тартысты ойындардың куәсі болдық. Биыл «Балалар жылы» аясында да қызықты бәсекелер өтуде. Шахмат – спорттың бекзат түрі, адамның ойлау қабілетін дамытады. Жылдан жылға бәсекелестік артып келеді. Финалдық кезеңнің жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары. «Шымкент жастар лигасы» жобасы 2021 жылдың 23 қазан күні басталған болатын. Сайысты 2022 жылдың 1 маусым күні аяқтау жоспарлануда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер сол күні Орталық стадион аумағында марапатталады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.