Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз келгенде қазақ наурыз-көже дайындаса, түркі тілдес халықтардың да дәл осы мерекеге арнайы әзірлейтін ұлттық тағамы бар. Бұл тағамдардың құндылығы мен құнары жайлы этнос өкілдері бөліскен ас мәзірлерін оқырманға ұсындық.

shymkala-22-10

СУМАЛАК

Мухтабар УСМАНОВА,
«Жанубий Қозоғистон» газетінің тілшісі:

– «Сумалак» дегендегі «малак» сөзі періште деген мағынаны білдіреді. Яғни, 30 періште. Сумалакты ең бірінші болып ертеде Бибі Фатима анамыз жасаған. Ол балаларына беретін ештеңе қалмағанда амалы құрып, үйіндегі бар тапқан бидайдың дәнін қазанға салып, ішін суға толтырады да көшеден тапқан тастарды да қосып, қайната береді. Солай балаларын тамақ дайындап отырмын деп жұбатып, өзі таңға дейін Құдайдан балаларының аш қалмауын тілеген. Ал таңға таяу қазанын ашып қараса, қазан толы сумалакты көрген.
Тойымды астың бүгінгі құрамы мен жасалуы да өзгерді. Бидайды тазартып, суда тұндырып алған соң тақтайға жайып қоямыз. Күн жылы болса 2-3 күнде өнеді. Ал өнгенге дейін құрғап кетпеуін қадағалап, су сеуіп тұрамыз. Егер қатты өніп кетсе, дәмі бұзылады, сумалак ащы болып кетеді. Сондықтан аппақ болып ағарып өнгенде еттартқыштан өткіземіз де үстіне су құямыз. Су кәдімгі сүттей болғанда сүзіп аламыз. Осылай қоюын бірнеше рет сумен шайқап, сүзіп алғанда 20 келі бидайдан 100-120 литр бидай сүті алынады.
Үлкен қазанға 1 литр мақтаның майын құйып қыздырамыз. Оған бидайдың сүтін құйып, ұн сеуіп отырамыз. Ұн бірігіп қалмау үшін тынымсыз араластырып, түйінін тарқатып отырамыз. 35-45 келі ұн кетеді. Түбіне қаспақ қатып, жабыспауы үшін тас саламыз. 10-12 сағатта өзбек халқының ақуызға бай, көктемгі әлсіздікті жеңуге күш беретін нәрлі тағамы дайын болады.

 


shymkala-22-9

УЧ ПУЧМАК

Найля МАКСУМОВНА,
татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігі төрайымының орынбасары:

Фарш немесе туралған етке пияз, картоп турап қосып, татымына қарай тұз, ұсақталған қара бұрыш салып, араластырамыз. Дәмдеуіштер сіңіп тұруы үшін фаршты ертерек әзірлеп алған дұрыс.
100 гр маргаринге 2 жұмыртқа, 1 стакан айран қосып, тұз, ас содасымен араластырып қамыр илеп, 20-30 минутқа жауып қоямыз. Қамыр мәнтіге илегеннен жұмсақ болуы тиіс. Белгілі уақыт өткен соң кішкентай зуалаға бөліп, жұп-жұмсақ қамырды әдеттегі самсаның қамырынан қалыңдау етіп жаямыз. Ортасына фарштан әзірленген қоспаны салып, түйеміз. Түю әдісінің бір ерекшелігі «Уч пучмактың» ортасы сәл ғана ашық қалады. Бір жұмыртқаның ағын сарысынан ажыратпай араластырып, «уч пучмактың» бетіне жағып, қызып тұрған пешке саламыз. Уақыты мен қызуына қарай беті қызарып піскенде алып, дастарханға тартуға болады.
«Уч пучмак» біздің халықтың мерекелік дастархандарға қоятын дәмді, сыйлы асының бірі. Оның ішінде не барын көре аласыз. Бұл адамдардың көңілі бір-біріне ашық болсын деген тілек. Ішіндегі еттен әзірленген фарш, яғни тоқтықтың, молшылықтың көрінісі. Осындай дәмі тіл үйіретін «уч пучмакты» ұсынып, ең әрісі үйге асығыс кіріп шыққан кісіге де тілек арнап, сый-құрмет көрсетуге болады.

 


shymkala-22-11

КӨК ЧӨЧРА

Маулит МОЙДИНА,
ұйғыр этно-мәдени бірлестігінің мүшесі:

– Қыстан арып, ашып шыққан адам әлсіз келеді және көктемгі күннің астында ұзақ жүре алмайды. Осындайда бойға күш-қуат беретін дәруменнің бірі де бірегейі ретінде ұйғыр халқы дәл осы Наурыз айында өніп шыққан жоңышқаның жас сабағынан үш рет түшпара әзірлейді. Тағамның атауы – «көк чөчра», яғни, «көк түшпара». Наурыз айында ғана жасайтын бірнеше себебі бар. Басқа айда жоңышқа өніп кетеді және осы кезеңде ғана дәмді әрі пайдалы болмақ.
Енді ғана құлақтана бастаған жоңышқа сабағын теріп, сумен жақсылап жуып-шаямыз. Оны ұсақтап турап, қойдың құрығынан шұжғырып алған майға қуырамыз. Бұл кезде жас жоңышқаның өзінен шыққан суы таусылып, қоюланады. Осы қоспаны кәдімгі тұшпараның қамырына түйіп, қайнаған суға пісіріп аламыз. Дайын болған асты ыдысқа салып, сары май, қаймақ қосып жеуге болады. Сондай-ақ, ұйғыр тәсілімен дайындалатын сірке суы немесе ащы тұздық та астың дәмін келтіреді.
Жас жоңышқадан әзірленетін бұл тағамды ханым түрінде әзірлеп, мәнтіге де әртүрлі етіп түйіп пісіруге болады. «Көк чөчра» тағамының тағы бір пайдасы қыс бойы өткен суықты алады және ішкі ағзаны тазалайды.

 


taghaev-23

ӨРДЕК

Аягүл КАЛЬМЕНОВА,
қырғыз этно-мәдени бірлестігі басшысының орынбасары:

– Қырғыз халқында ертеден танылған ерекше тағамның түрі «Өрдек» деп аталады. Кей жерде оны «Быжы» деп те атайды. «Өрдек», яғни, үйрек. Бұл тағамды жасау үшін ең әуелі ішек-қарын, қоспа және бір түйір сәбіз қажет. Қойды сойып, ішек-қарынды бөліп алғаннан кейін қырық қарын, асқазан сынды қарыншаларын бір бірінен бөлмей аламыз. Яғни, қарыншаның ішекке жалғанған тұсынан 10 см тоқішек қосып кесіп алынады. Бұл – біз әзірлейтін «өрдектің» құйрығы болып әспеттеледі. Ал қарыншалардың үлкен қарынға жалғасқан басынан тағы 10 см қосып кесіп алу қажет. Бізге бұдан бөлек тағы ішек қажет болады. Қарыншаларды қайнаған сумен, басқа да түрлі әдіспен жақсылап жуып, тазартамыз. Сәбіздің өзегі қатты болады. Міне, осы тұсынан үйректің тұмсығына ұқсатып кесіп әзірлейміз. Сосын ішіне алдын ала дайындалған қоспаны саламыз.
Қоспа – кәдімгі әсіпке дайындағандай жасалады. Жуылған таза күрішке ет, май, өкпе, пияз, сарымсақты біркелкі турап, тұз, дәмдеуіштер қосып араластырамыз. Ет өнімдерін еттартқыштан өткізіп қосуға да болады. Міне, осы дайын қоспаны алдын-ала бөліп алған тұтас қарыншаларға, ішектен қырқылған тұсын байлап, нығыздамай саламыз. Себебі, күріш суға піскен соң үлкейіп ісінетінін есепке алуымыз керек. Қарыннан жалғанған тұсы «өрдектің» басы болып аяқталады. Осы тұсқа дейін қоспаны салып, аузын буарда сәбізден әзірленген «өрдек» «тұмсығын» қарын аузына қойып, буылады. Қоспаның біразы бөлек алған ішекке салынады. Олардың көлемін жұмыртқадай етіп түйеміз де қайнаған суға пісіреміз. Дайын болған асты тәрелкеге жайғастырып, әлгі «жұмыртқадай» бөлшектелген әсіпті айналасына орналастырып, салат жапырағымен әрлейміз.
Елде тыныштық болса, үйрек пен қаз айдында қалқып жүзіп, алаңсыз жұмыртқа басып, балапан ашады. Өсіп-өнеді, көбейеді. Қырғыз халқы осындай ниетпен «Өрдек» тағамын Наурызда және үйлену тойында жасайды. Әсіресе, тіршілік қысқы ұйқысынан оянып, күн мен түн теңелген күні Наурыз-думан дастарханында біздер ең сыйлы қонағымызды осы «Өрдек» асымен күтіп аламыз.

Опубликовано в Қоғам
Среда, 07 Июнь 2017 06:07

Құда мың жылдық...

Бірлікті биік қойған берекелі әулет

DSC 6962

Елімізде халқымызбен, біздің салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызбен біте қайнасып кеткен өзге ұлт өкілдері баршылық. Ұлты өзге болса да, жан-тәнімен, бар болмыс-бітімімен қазақ болып кеткен Теміровтер әулетін ұйғыр дегеннен гөрі қазақ деуге көбірек келетіндей. Бұлай дейтініміз, олардың ұрпақтары, балалары мен немере-шөберелері ұйғыр тілін білмейді, есесіне қазақша сөйлейді, қазақ мектебіне барады.

DSC 6954

Тағы бір таңданарлығы, бұл әулет қазаққа қыз беріп, қыз алған. 

Табалдырықтан аттағаннан-ақосы әулеттің келіні Динара бізге иіліп сәлем салды. Келген қонаққа иіліп сәлем салатын салт ұйғырларда да бар. «Журналистер келеді» деген соң әулеттің үлкені мен кішісі, құдалары Зәйтүнә әжейдің шаңырағына жиналыпты. Бәрі қаз-қатар тұрып, хал-жағдай сұрасып жатыр. Қонақжай шаңырақтың ыстық пейілі олардың әрбір іс-әрекетінен, сөзі мен лебізінен білініп-ақ тұр. 

DSC 6943Қонақ бөлмесінде басталған әңгімеміз әулеттің үлкендерімен сұхбаттасудан басталды. Келер жылы сексеннің сеңгіріне шыққалы отырған Зәйтүнә әжей бүгінде осы әулеттің ақ самайлы қариясы, ақылшысы. 

– Көп ұлтты қазақ жерінде ел қатарлы біздер, ұйғырлар да тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Қазақ халқы ешқашан бізді кеудемізден итерген емес. Тілімізді, салт-дәстүрімізді сақтауға кедергі жоқ. Ол үшін Қазақстанда барлық жағдай жасалып, қамқорлық көрсетіліп келеді, – деді Зәйтүнә Темірова қазақ тілінде ағынан жарылып. Оның қасында отырған құдағиы Тұрниса Тұрдиеваны да бір қарағанда қазақ екен деп қаласыз. Ауылдағы өзіміздің жаулығы қарқарадай әжелеріміз сияқты екі құдағи әңгіме тиегін ағытты. Қос құлынын үйлендіріп, той жасағандағы қызықтарын еске алды. Бір байқағанымыз, қазақ пен ұйғырдың салты өте ұқсас. Келін түсіру, беташар жасау, құрсақ көтеру тойы, шілдехана, бесік той, азан шақырып ат қою, тұсаукесер, баланы ашамайға мінгізу, сүндет той, қыз ұзату, құда той, кит беру, т.б. салт-дәстүр түрлері оларда да бар. Содан да болар, ұйғырлардың достық пен ынтымақ дәнекері болып, қазаққа қыз беріп, қыз алғаны. 

– Өзімнің інілерім де, әпке-сіңлілерім де, ұл-қыздарым да қазақтармен бас қосты. Ешкім де қарсылық танытпады. Қазақтан алған келіндеріміз түскен күнінен-ақ біздің ортамызға үйренісіп кетті. Мәселен, інім Нижадтың үйіндегі Динара келіннің түскеніне 9 жыл болды. Қазір 4 баланың анасы, мақтаулы келіндердің қатарынан. Қыздарымыздың да барған жері риза. Құда-құдағиларымыздың көңілі толмай, алаңдағанын көрген емеспін, – деді Тұрниса Әбілахатқызы. 

DSC 6819

Теміровтер әулетінің келіні Гөзәл – Шымкенттегі ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы жұмысын негізгі адвокаттық жұмысына қосымша алып жүр. Өзінің төрт қызын, яғни, Зәйтүнә әжейдің 4 немересін түгел бесікке салып өсіріпті. Гөзәл әңгіме арасында ұйғыр тілін енді-енді үйреніп жүргенін айтып қалды. Ал қыздары тек қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді екен. 

Қонақжай шаңыраққа бізбен қатар қалалық Ұйғыр этномәдени бірлестігінің жанындағы Әйелдер кеңесінің төрайымы Нұрғиса Ниязова да қонақ болып келген екен. Шымкентке отбасымен қоныстанғанына 50 жылдан асқан апамыз бірлестіктің жұмысына да тоқталып өтті. Өткен жылы «Ет асу» фестивалінде бірінші орынды иеленген аталған бірлестіктің басқа да түрлі жетістіктері жетерлік. 

Нұрғиса қажының айтуынша, Шымкент қаласының өзінде қазіргі таңда 2500-дей ұйғыр татулықта, бірлік пен жасампаздықтаөмір сүруде. Ұйғырлардың жергілікті халықпен араласып, біте қайнасып кетуінің көрінісі, қазақпен құда болғандығында болса керек. 

 

– Өзімнің отбасымда менен басқасының барлығы қазақ ұлтымен отбасын құрған. Туған әпкем мен екі сіңлім қазаққа күйеуге шыққан. Інім де қазақтың қызына үйленді. Қазір бәрі де немере көріп отыр, - дейді Нұрғиса Ниязова. 

Қызды-қызды әңгімемен отырғанда, Гөзәл барлығымызды дастархан басына шақырды. Біздің келе жатқанымызды ести салысымен, қазан көтеріп, ет асыпты. Теміровтердің мол дастарханынан ет жеп, сорпа іштік. Қазақтың кең көңілі мен дархан пейілінің лебі ескендей болды. Елдің амандығын тілеп, ынтымақ-бірліктің ұйытқысы болып отырған Теміровтер әулеті үлгілі, өнегелі ұрпақ тәрбиелеуді басты мақсат тұтады.

Опубликовано в Әлеумет

Қазақтың ұлттық сусындарға деген құрметі әрдайым ерекше. Шымкентте ұлттық сусындарға деген сұраныс та артып келеді. Қаланың төрт ауданы бойынша да жыл бойы құнарлы тағамдар сатылып жатыр: қымыз-қымыран, айран, боза, сары май, құрт, қаймақ, сүзбе, көже дейсіз бе, бәрі бар. Мұндайда ағарған ішуге құмартатындар  көбейеді.

75f671052ae6fdb6e7fc341937646899 big

Рас, бойды да, ойды да сергітетін ұлттық сусындарға деген құрметіміз артпаса, кеміген емес. Өткен жылы Арғынбеков пен Бәйдібек би даңғылы қиылысынан «Сыбаға» дәмханасының ашылғанын оқырмандарға хабардар етіп едік. 

Қазір қымыз-қымыран сатудың өз ережесі бар. Шымкент қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру орындарын белгілеу туралы қала әкімдігінің Қаулысы шыққан. Бүгінгі таңда қаланың төрт ауданында ұлттық сусын сататын 25 киіз үй бар. Оның ішінде: Абай ауданында – 8 (Асқаров, Өтегенов, Т.Рысқұлов көшесінде), Әл-Фараби ауданында – 3 (А.Байтұрсынов, Ш. Қалдаяқов көшесінде), Еңбекші ауданында 6 – (Жібек жолы, Сайрам және Жолан батыр көшесі, Қ. Жандарбеков гүлзарының жанында) және Қаратау ауданында – 9 орыннан («Нұрсәт» шағынауданында №2,81, 126,132, 212 үйлердің жаны, «Асар», «Бозарық» шағынауданында) адам қарасы үзілмейді. 

749e4c846d75ba6929835a6b57c3bfef

Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімі сауда секторының меңгерушісі Қайрат Базарбековтың айтуынша, жалпы қалада 157 көшпелі сауда орны заңды түрде жұмыс істейді. Қазақтың оюлы киіз үйлерінен бөлек, дәмханалар мен сауда дүңгіршектерінде де қымыз-қымыран сатылуда. 

– Өткен жылдың тамыз айында қабылданған Қаулыға сәйкес, кәсіпкерлер заң шеңберінде жұмыс істеп жатыр. Азаматтар да қаланың тазалығын сақтау жауапкершілігі зор екенін ұғынып келеді. Ұлттық сусындар сататын орындар да көбейген. Кей жағдайда халықтың сұранысын қанағаттандыру бойынша да көшпелі сауда ұйымдастырылады. Мәселен, облыстық онкологиялық аурухананың жанынан түйе сүтін сататын орын ашылды, – дейді ол.
Бұл орайда қандай қиындық болса да, ұлттық сусындарды дәріптеп жүрген кәсіпкерлердің еңбегін атап өткен жөн. Ұлттық құндылықтарымызды үзбей насихаттап, қала тұрғындарының алғысын арқалап жүрген кәсіпкер қауымына айтар алғыс мол.

Опубликовано в Қала

Элмира Райымбекова отбасы мүшелерімен және қайынсіңлісі Раушанмен бірге көп жылдан бері Шымкент қаласы мен Отырар ауданында кәсіпкерлікпен және туризммен айналысады. 2013 жылдан бері Астана қаласындағы «Astana Leusire» халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысып, өздері жасаған түрлі гобелен, кілемше, ұлттық қолөнер бұйымдарын, сувенирлер сатып жүр. Енді биыл өтетін «Астана. Экспо-2017» көрмесінен орын алып, ұлттық қолөнер бұйымдарын және өңделген ауыл шаруашылық, көкөніс, бақша өнімдерін сатумен айналысқысы келеді. Әйткенмен көрмеден орын ала алмай жүр. Жаздың күндері қауыннан қақ жасайды. Сонымен қатар қауынды қазанға салып қауынқұрт қайнатады екен. «Астана. Экспо-2017» көрмесіне үлкен көлемде қауыннан жасалған қақ, қауынқұрт, ыдыстағы қымыран, кептірілген көкөніс апарып сатқысы келеді. Енді жер учаскесін алып, ұлттық қолөнер шеберханасын салмақ ниетте. Оның құрылысы басталмақшы. Әзірге қаладан көпқабатты үйлердің жертөлесін жалдап, дүкен ашып жатыр.

galereya-3

Біз Элмирамен пікірлескенімізде көкейінде жүрген ойларын ортаға салып, көптеген өзекті мәселелерді, шешуін таппай жатқан мәселелерін айтып, Үкімет пен жергілікті және атқарушы органдар назарына бірнеше өтініштерін, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсыныстарын айтты: 

1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халыққа ұсынған «Ұлт жоспары - 5 институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы» стратегиясында туризм саласын дамыту жайына кеңінен тоқталды. Бұл орайда Оңтүстік туризм саласында жетекші салаға айналатын күн алыс емес. Облысымызда табиғаты ғажайып демалыс орындары өте көп. Өйткені, өңірімізде әлем саяхатшыларын қызықтыратын ауқымды жобалар көптеп қолға алынуда. Бүгінде туризм экономикалық сектордың айнымас бөлігіне айналып үлгерді. Дүниежүзінде осы сала жоғарғы қарқынды даму үстінде.Өйткені, тұрмыс деңгейі жоғары адамдар демалысқа көп көңіл бөледі. Нәтижесінде әлемде шет елдерге шығатын саяхатшылар саны көбейді. Қазақстанда да саяхатшылар саны артты. 2014 жылы Шымкент қаласында өткен туристік форумда Қазақстанның туристік ассоциациясының президенті Роза Асанбаева «2013 жылы дүниежүзінде бір миллиардтан аса адам шетелге туризмге шыққан. Бұл туризмнің табыс көзі екендігінің айғағы. Елімізде барлық өңірлерде халықаралық талапқа сай демалыс орындары ашылуда. Ұлы Жібек Жолының жаңартылған үлгісі «Батыс Европа – Батыс Қытай» магистралының бойында орналасқан Оңтүстік Қазақстанның да туризмдегі мүмкіншілігі өте жоғары», – деді.

Ия, экономиканы ілгері бастыруға туризмнің маңызы зор. Жыл сайын облысымызда 40-50 туристік нысан іске қосылуда. Бұған мемлекеттің де, кәсіпкерлердің де қызығушылығы жоғары. Себебі, туризм жылжымайтын мүлік. Ол жыл сайын табыс түсіреді. Екіншіден, өндірісте және ауыл шаруашылығында жаңа технология дамыған сайын қол күшіне сұраныс азаяды. Ал туризм, керісінше көп адамның күшін қажет етеді. Өйткені сервистік салаға жұмысшылар, адамдар қажет. Яғни, туризмді дамыту арқылы жаңадан көптеген жұмыс орындары ашылады. 

217

2016 жылы Шымкентте өткен «Астана.ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу жәрменкесінде Ұлыбританиядан келген туризм саласының Бас директоры Марк Ахмед біздің облыстың үлкен туристік хаб екендігін, Әбунасыр Әл-Фарабиді, Түркістан, Отырарды әлемге мақтанышпен таныстырып, осы мүмкіндіктерді пайдалану керектігін айтып, шет елдерге насихаттау жұмыстарын жақсартуды ұсынған еді. Сондықтан:

– Алдағы уақытта шет елдерде өтетін «WTM 2017» туристік көрмесіне облыс делегациясының қатыстырылуы ұсынылса және шет елдік туристік операторлармен байланыс орнатылса; 

– Шет елдік басылымдарда облыстың туристік мүмкіндігі туралы ақпараттық-жарнамалық мақалалар шығарылса; 

– «ONTUSTIKTOURISM-2016» халықаралық туристік форумда көтерілген мәселелер, ұсыныстар іске асырылса. 

Біз көп жылдан бері туризммен айналысамыз. Шымкент қаласында түрлі белгілер, медаль, сувенирлер шығарып сатып жатырмыз. «Арыстанбаб» кесенесі аумағында 2014 жылы құрылысы біткен 6 бөлмелі жаңа жекеменшік қонақ үйіміз бар. Зияратқа келген адамдарға, саяхатшыларға қызмет жасаудамыз. Әсем киіз үй тігіп, келген меймандарға қазақтың ұлттық тағамдарын, қымыз, қымыран ұсынып жатырмыз. Өткен жылы Ұлыбритания, Нидерланды, Франция т.б. көптеген шетелдерден саяхатшылар келіп, киіз үйдің керемет ұлттық нақыштағы ою-өрнектерін суретке, бейнетаспаға түсіріп алып кетті. Меймандарға біздің ұлттық тағамдармен қымыз, құрт, қолдың сары майы, қауынқақ, қымыран қатты ұнайды. Олар ежелгі Отырар қаласының өңіріне, халқының тыныс-тіршілігіне үлкен қызығушылық білдіруде

2. Мен екі рет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ –ның көпкүндік оқу семинарына қатысып, сертификат алдым. Бірнеше рет қаржы ұйымдары мен екінші деңгейлі банктерге бардым. Банктер өздерінің филиалдары жоқ аудандарға бармайды, қаладан 40-50 шақырымнан алыс жерлердегі кәсіпкерлермен жұмыс жасамайды. Біздің ұсынып отырған жобамызға өздерінің банкінде мұндай бағдарламаның жоқ екенін алға тартады. Өздеріне ыңғайлап бағдарлама, жобалар жасап алған. Осылайша Ұлттық қордан, басқа да қаржы институттарынан бөлінген миллиардтаған теңгелер шалғай ауылдарға жетпей қалады. Көп жылдан бері қаржы институттарына, банктерге барып, несие ала алмай жүрмін. Жалпы облыста, қалада несие сұрап ала алмай жүрген кәсіпкерлерде есеп жоқ, зерделеу жұмыстары жүргізілмейді. Әркім өздігінше түрлі жолдар іздеп жүр. Облыстық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық басқармалары мен қалалық осындай тиісті бөлімдер сараптама жасап, мемлекеттік реттеу жұмыстарымен айналысса, дұрыс болар еді.

70898877 aszalt01

Қазақстанның әйелдеріне ЕБРР (Европейский Банк Реконструкции и Развития) банкінен 8 млрд.теңге несие беріледі дегенді БАҚ-нан оқып, біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы Л. Рамазановаға өтініш жаздық. Әйткенмен көмек жоқ. Өтінішті аудан әкіміне жіберді, біз хатымызға жауап та ала алмадық. Жуырда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Абай Сарықұловпен кездесуінде облыс әкімі 

Ж.Түймебаев отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде екінші деңгейлі банктер белсенділік танытуы керек, - деді. 

А.Сарықұлов біздің облыстағы 4 банкке қаржы құйып, жобаларға қолдау көрсеттік деген пікір айтты. Біздің несие алуымыз үшін Ұлттық банк жұмыс жасап, ол үшін қаржы ұйымдары несие беру шарттарына түзетулер енгізіп, кәсіпкерге дер кезінде көмек қолын созуы тиіс. 

3. Жылыжай ашуға 1,4 га жер учаскесін сатып алдық. Жуырда өткен облыс әкімінің облыс тұрғындары алдында есеп беру кездесуіне құрылыстарымыздың төбесіне арзан бағамен күн батареясын сататын мекемені табуға көмек сұрадық. Менің сұрағым және берілген жауап облыстық газет бетінде жарияланды. Енді «Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында» маркетологтармен бірге жұмыс жасап жатырмыз. 

2015 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Катар еліне барды. Астанада күн энергиясын пайдаланатын, батарея шығаратын зауыт салынатын болған еді. «Казатомпром» басшысы келісім шарт жасады. Облысымызға арзан күн сәулесін пайдаланатын күн батареялары әкелініп осы мәселе қолға алынса дейміз. 

kf9t57ZsAKnEpXhX630220VTSI5x104. Үш жылдан бері Астанадағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасына, палатаның облыстағы және аудандағы филиал басшыларына өтініш жазып, «Астана.ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінен қазақтың ұлттық-тағамдарын (қауынның қағы, қауынқұрт, ыдыстағы қымыран, т.б.) және ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын (сувенир кілемше, алаша, қоржын, торсық, домбыра, гобелен т.б.) сатып, жұмыс жасау үшін көрмеден орын ала алмай жүрміз. ЭКСПО-2017 көрмесінен тегін немесе жеңілдікпен орын алуға жәрдем беру жөнінде жуырда өткен облыс әкімінің облыс тұрғындары алдында есеп беру кездесуіне сұрақ бердік. Сұрағым және берілген жауап облыстық газет бетінде жарияланды. «Астана.ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі басшыларына облыстық кәсіпкерлік, индустриялық–инновациялық даму және туризм басқармасы басшыларының тарапынан № 25-06-04/407 хат жолданыпты. Біз мәселе шешіледі деп үлкен үміт артып отырмыз. Себебі соңғы үш жылда халықаралық көрме басшыларына, Астанадағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және облыстық филиалы басшыларына онға жуық өтініш хат жолдадық. Көрмеден сауда жасауға орын алу мәселесі шешілмей тұр. Ендігі үмітіміз облыс әкімі тікелей өзі араласып көмек берсе деп өтінеміз. «Астана.ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде шетелдік қонақтардың облысқа көптеп келуі күтілуде. Шымкент қаласы бойынша 2 күндік туристік маршрут әзірленіпті. Біз келген туристерді Отырар ауданының тарихи-танымдық нысандарын аралап қайтуға экскурсия маршрутына енгізіп берсе деген өтініш айтқымыз келеді. Біздер меймандарды қарсы алар едік. Осы мәселе қолдау тапса, ауыл туризмі бір серпіліп, туризмнің дамуына үлкен үлес болар еді.

5. «ОҚО туризм индустриясын дамыту орталығы ассоциациясы» мен «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының жетекшілері Ұлыбритания, Канада өзге де елдердің өкілдерімен,отандық кәсіпкерлермен облыста туризмді дамыту жөнінде меморандумға қол қойған болатын. Біз шет елдік туристік ұйымдармен байланысып, бірге жұмыс жасағымыз келеді. «Туризм индустриясын дамыту орталығы ассоциациясы» мен «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының жетекшілерінің көмегіне мұқтажбыз. Туризм саласына инвестиция тартқымыз келеді. 

6. Көптеген елдердің тәжірибесінде шағын кәсіпкерлікті қолдаумен белгілі бір министрліктің департаменті айналысады. Оңтүстік Кореяда әкімшілік жанында технология мен сапаның Ұлттық институты, үкіметтік несиелер кепілдемелер жүйесі, арнайы ашылған кәсіпкерлердің банктері бар. Қытайда кәсіпкерлердің шетелдік ынтымақтастығын үйлестіру орталығы мемлекет көлемінде жұмыс жасайды. Үкімет осы бағыттар бойынша жұмысын жандандыра түссе деген тілек-өтініштеріміз бар.

13623882177. Қазір қажетсіз болып қалған тері мен жүн ауылдық жерлерде шашылып жатыр. Ауылда ешкім сатып алмайды. Жаңа технологияларды еңгізу арқылы қалдықсыз өндірістер ұйымдастырылса. 

8. Ұлттық қордан және басқа да қаржы институттарынан бөлінген қаржылар ауылға көбінесе жетпей жатады. Ауылдық жерлердегі үйлерді кепілдікке алып, несие беретін «Фермер банк» ашылса. 

9. Ауылдық жерлерде микроқаржы ұйымдарының саны көбейіп, қызметі дамытылса. 

10. Ауылда ақпараттық, консалтингтік, транспорт-логистикалық орталықтар желісі құрылса. Егілген өнімдерді, әсіресе бақша өнімдерін дер кезінде сату өзекті мәселе болып түр. Пісіп кеткен өнім тез сатуға жіберілмесе, көбінесе жарамсыз болып қалып жатады. Отандық тауарларды экспортқа жіберу орайында сервистік-ақпараттық қолдауға өте мұқтажбыз. 

11. Кәсіпкерліктің субьектілерін мемлекет тарапынан қолдауға, инфрақұрылымды тиісті көлемде қаржылар бөлу арқылы дамытуға және инвестициялық ахуалға Үкімет тарапынан көңіл бөлінсе. Қаржы бөлсе. 

12. Ауылдық жерлердегі аналарды, әйелдерді, қыз-келіншектерді жұмысқа тарту бағдарламасы бойынша арнайы гранттар бөлсе. Үйлерінде отырып түрлі гобелен, кілем, кілемше, алаша тоқып, қоржын жасап, сувенирлер дайындап, кәсіпкерліктің, әрі ұлттық қолөнердің дамуына үлестерін қосар еді.

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 17 Март 2017 06:33

«Қымыз ішуге келіңіз!»

Ауруға – ем, сауға – қуат беретін қымыздың қадір-қасиетін түсіне білетін былайғы жұрт көбіне «Нұрсәт» шағынауданындағы аллеяда, яғни Сәуле апайдың киіз үйінде бас қосып жатады. Бабына әбден келтірілген ұлттық сусындарға әуестігі артқан қаланың көпшілік тұрғындары осы мекенге етене бауыр басып үлгерген. Тұрақты келушілердің қатарынан жиі көрінетін орыс жігітін бір сәт әңгімеге тарттым.

20170304 173215

Юра есімді бұл азамат қазақтың ұлттық сусындарын ішуді біраз жылдар бойы дәстүрге айналдырыпты. Өзі қазақ тілін еркін меңгерген. Бүгінде «Қайтпас» шағынауданында дәнекерлеуші қызметін атқарады. Ән мен жырға да әуестігі бар. Кешкілік уақыттарда «Эмориомио» мейрамханасында гитара тартып, меймандардың ризашылығы мен жоғары бағасына ие болып жүр. 

– Мен өзім Арыс қаласында қазақ жігіттерімен бір ортада өстім. Бірге оқып, тәрбие алдық. Бала кезден қазақ тілін меңгеріп, дастарханда қазақтың ұлттық тағамдарын тұтындық. Ағам Константин, жеңгем Надежда да мемлекеттік тілде сөйлеп, қазы-қарта жегенді тәуір көреді, – дейді Юра Овчаров.

Қазақтың ұлттық сусындарына әуес бозбала темекі мен алкоголь өнімдерін мүлдем тұтынып көрген емес. Бүгінде ол «Шымкент дауысы» жобасының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, негізгі турына жолдама алыпты. Бұйыртса, қалалық байқауда топ жарып, келешекте «Қазақстан дауысында» бақ сынауға ниетті.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 03 Февраль 2017 06:43

Ет жеу – ағзаға ауырлық түсiре ме?

«Жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді». Ол, әрине, ет. Қазақтың дастарханын етсіз елестету мүмкін емес. Дана қазақ «Ет дәмділігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім», «Ет жегеннің бәрі қонақ», «Ет дегенде бет бар ма?» деп әспеттеп ерекше мән берген. Бұл бір қонақ келсе, бір қой сойып, қазан көтеретін халқымыздың қанына сіңген қасиет десек те болады.

et

Соңғы кездері еуропалықтардың ет жемейтін үрдісін алып келгендер қанға сіңді қасиеттен бас тартуда. Кейбір қазақтар бала кезінен ет жемейді. Табиғаты солай. Тағы біреуі кішкентай кезінде сүйікті қошақанынан айырылып, қатты «күйзеліс» алғаннан кейін ет атаулыға жоламай кетеді. Ұшынып қалып, еттен беті қайтқандар да кездеседі. Енді бірі саналы түрде бас тартады. Орыстың психотерапевт, гомеопаты Валерий Синельников ет жеуден бас тарту – зорлық-зомбылықтан, зұлымдықтан бас тарту деп түсінеді. «Яғни, адам ет жемеу арқылы санасын таза сақтайды. Сана тазарса, әлем тазарады». Вегетариандықтардың ет жемеуінің бір себебі, олар мұны жануарларға көрсетілген зорлық, жәбірлеу, қиянат деп түсінеді. Бұл буддизм, индуизм, жайнизм деген ағымдардың діни түсінігінен шыққан деседі. «Ет жемейтін адамдарда қатерлі ісік, атеросклероз, жүрек, асқазан аурулары аз кездеседі» деген де пікір бар.
Қош, ет жемейтіндер еттің, ет жеудің зияны туралы осындай пікірлер келтірді дейік. Ал қазақ етсіз өмір сүре алмайды ғой. Міне, парадокс. Не істеу керек? Еттің құрамы, оның пайдасы мен зиянын екшеп көрейік.

ЕҢ СІҢІМДІСІ ӘРІ ПАЙДАЛЫСЫ – ЖЫЛҚЫ ЕТІ

DSC 0756М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың тамақ инженериясы кафедрасының доценті, х.ғ.к. Махабат Қасымова еттің ағзаға пайдасы, ондағы дәрумендер туралы ойымен бөлісті.
– Республикалық Тағамтану институтының жүргізген зерттеуіне сәйкес әр адам жылына 70 кг-ға жуық ет жеуі керек. Еттің құрамында 8 микроэлемент, 7 дәрумен бар. Атап айтсақ, ақуыздар, майлар, В1, В2, В6, РР, В12 дәрумендері, минералды элементтер – фосфор, темір, калий, натрий, күкірт, мырыш, мыс, экстрактивті заттар, аминқышқылдары. Бірақ, көмірсу жоқ. Көп ауру түрі осы көмірсудың мөлшерінің көптігінен туындайды. Ал еттің құрамында көмірсу кездеспейді. Ақуыздар ағзаға ең қажетті дәрумен болып есептеледі. Жасына, күтіп-баптауына қарай жылқы етінде ақуыз мөлшері шамамен – 20,5 %, қой мен сиыр етінде – 16-19 %. Қазір дүниежүзін ақуыз жетіспеушілігінен «кваши-оркор» деген ауру жаулауда. Ағзаға түсетін темірдің 30%-ын ет береді. Ал адам ағзасына темір жетіспесе, алқым ісуі (зоб) ауруына шалдығуы мүмкін. Еттің құрамында тағы да тіс жегіне қарсы тұрар фтор да кездеседі. Малдың құйрық майы да көп ауруға ем. Әсіресе, кішкентай сәбилерге құйрық майды сорғызса, денсаулығына тек оң әсер ететіні сөзсіз, – дейді. Махабат Қуандыққызының айтуынша, артық салмаққа еттің ешқандай да қатысы жоқ. Адамды семіртетін – құрамында көмірсуы кездесетін тағамдар. Ал еттің құрамында көмірсу кездеспейтінін айта кету керек. Сіңімділігіне келсек, тағы да сол «Сиыр еті таң сарғайып атқанша, қойдың еті ертеңгі түн батқанша, жылқы еті төсек салып жатқанша» деген халық даналығына тоқтаймыз. Яғни, асқазанға ең ауыры – қой еті. Ғылым да мұны әлдеқашан дәлелдеген. Жылқы еті сиыр етіне қарағанда 8 есе оңай сіңеді.

БАҒАСЫ ӨССЕ ДЕ, БАС ТАРТА АЛМАЙСЫҢ

Қазір мал семіріп, қоңды болуы үшін гормонды препараттар беріледі деп естіп жатамыз. Орталық Қырғы базарда 23 жылдан бері ет өнімдерін сатумен айналысып келе жатқан Клара Аманжолова: «Базарда ветеринариялық сараптау зертханасы бар. Сонда барлық ет өнімдері толықтай тексерістен өтеді. Осы базарда табаны күректей жылдар бойы сауда істеп, бірде-бір рет санитарияға сай келмейтін, сапасыз, тұтынуға жарамсыз ет сатқан адамды көрген жоқпын. Қырғы базарда ет мәселесінде шу шыққан емес», – дейді. Клара Әбдінағиқызы қазақтың қазіргі уақыттағы той дастарханына да тоқталды.
– Құдайға шүкір, қазақтың тойына барсақ, ас та төк дастарханның басына жиналамыз. Етін еттей, жілігін жіліктей қояды. Бұл – берекенің, мерекенің, ырзық-несібенің белгісі. Осының өзі әрі қазақтың етті ерекше орынға қоятынын аңғартады, – деді.

DSC 0701

«Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» демекші, еттің мол болғаны жақсы ғой, алайда, базардағы еттің бағасы соңғы екі-үш айда бірден көтеріліп кетті. Сиыр еті – 1300 теңге, жылқы еті – 1350 теңге, қой еті – 1100 теңге. Қой етінің салыстырмалы түрде арзан болатын себебі, қой түлігі тез өсіп, жылдам көбейеді. Ет бағасының бірден қымбаттауына жем-шөп бағасының өсуі әсер еткен. Алыпсатар ет сатушылар «ет саудасы өз-өзін ақтамай жатыр» деп даурығуда. Сондықтан, қара базарда қоңды малдың қақпақтай, қып-қызыл еті қазір көп емес.
Ет сатушы Клара Аманжолова базарға ет алуға тек қазақтар келмейтінін, өзге ұлттардың да ет дегенде көңілі елп етіп тұратынын айтады.
– Қазақтар көбінесе қара малдың етін алса, өзгелер өкпе-бауыр, тұяқ, тіл сатып алады. Біздің қазекең көбіне семіз етті жейді де, өкпе-бауырды шетке ысырып қояды ғой. Мәселен, бауыр қаназдыққа өте пайдалы. Таңертең 10-15 минут суға қайнатып жеу керек. Шұжықтың (колбасаның) орнына өкпе-бауыр, тіл, тұяқ тұтынса, сол әлдеқайда пайдалы әрі иммунитетті көтереді. Ешкінің етінің де пайдасы көп, – дейді ол.

СОҒЫМ&ЕТТІ ДИЕТА

et-2Дастарханынан ет арылмайтын өзге ұлт өкілінің бірі – Бахман Иосиф. Оңтүстік Қазақ-стан облыстық «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі: «Біз қазақтың жерінде тұрғаннан кейін оның салт-дәстүр, әдет-ғұрпын құрметтейміз һәм сақтаймыз. Аптасына кемі 1 рет ет асып жемесек, көңіліміз жарым. Қой етін, жылқы, сиыр еттерін де тұтынамыз. Менің әйелім қазақтың бұл ұлттық тағамын керемет дәмді етіп дайындайды. Қамырын да өзі илеп, жаяды. Сондықтан, етсіз өмір сүре алмайтынымызды айтқым келеді», – дейді Иосиф
Владимирович.

Ал Облыстық клиникалық ауруханының диетолог дәрігері Гүлдана Мүтәлиеваның пікірінше, адам күніне кемі 200 гр ет жеуі тиіс. Өйткені, еттің құрамындағы ағзаға өте қажетті аминқышқылдары, Д, В тобындағы дәрумендердің орнын басқа азық-түлік өнімдері толтыра алмайды. Еттің ішінде де, еті бар. Жас қозының еті – таптырмас дәрумен мен қуат көзі. Тек құнарына қарай мөлшермен тұтынса болғаны. Гүлдана Сайлаубекқызы алдына келген адамдарға диета ұсынған кезде, ешқашан еттен бас тарту керек деп айтпайды екен. Себебі, ет өнімдерінсіз ағза түрлі ауруларға ұшырауы мүмкін.

Ет жеуге байланысты мұсылманшылықта қандай ескертулер бар екенін білу үшін Шымкент қалалық А.Қаттани мешітінің наиб имамы Қазыбек Сарыбаевқа хабарласқан болатынбыз.
– «Кәусар» сүресінің 2-аятында: «Раббыңа құлдық ет және құрбан шал (түйе сой)»! – делінеді. Жылда қасиетті Құрбан айт мерекесінде мұсылмандар шамасы жеткенше құрбандыққа мал шалады. Ол құрбандықтарынан өздері жейді, кедей-кепшікке, жақын туыстарына таратады. Осы мереке қарсаңында әлемде ең көп ет желінеді. Демек, ет жеуден бізді Раббымыз тыймаған екен. Егер де етті тағамдар адам баласына зиян болатын болса, онда Алла Тағала олай бұйырмас еді. Сонда вегетариандық болу қандай әурешілік екенін түсінбейсің, – дейді Қазыбек Сұлтанбекұлы.

DSC 0748Жұмаділ Ахшаев «Бозарық» шағынауданында өз есігінің алдында жылқы, қой-ешкі бордақылап бағып, сойып, етін сатады. Ол бұл кәсібіне балаларын да баулыған. Бір қыста 5-6 жілік соғым мен он шақты қойдың етін жейтін олар: «Ет жемеу – біз үшін апатпен тең», – деп қалжыңдайды. Осы орайда, «Үкіметтің қарапайым шаруаларға көрсетіліп жатқан қаржылай қолдауын айта кету керек», – дейді қасапшы.

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

Қазір, қыс ауасы – соғымның кезі. Қысқа соғым алмасақ, көңіліміз көншімейді. Еттің пайдасы мен зиянының аражігін ажыратып алдық. Дені сау адам күніне 200 гр, жылына 70 кг ет жеуі тиіс. Ал қандай да бір сырқаты барлар оны аз-аздап орнымен, мөлшерімен, тәртібімен тұтынуына болады. Тіпті, диетолог мамандар да етке ешқандай шек қойып отырған жоқ.
Сөз зергері Қадыр Мырза Әлидің «Осы жұрт қазаққа қандай ескерткіш қою керек екенін білмейді. Қазақтың асқазанына ескерткіш қою керек» дейтіні бар. Бекер айтылмаса керек. Қазақ пен ет – егіз ұғым. Оны бөле-жарып қарастыра алмайды екенбіз.

Фото авторы
Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

Опубликовано в Қоғам

Қазақтың дастарханы халқымыздың пейілі сияқты кең. Үйіне келген қонақты құтқа балаған дархан мінезі ұсынған асынан-ақ аңғарылып тұрады. Қорасындағы соңғы қойын сойса да, біздің қазақ қазан көтеріп ет асады. Құдайы қонағын да құшақ жая қарсы алып, «бұйырған ас екен» деп барын алдына тосуы тек қазаққа тән қонақжайлылық.

DSC 5349

Әйтсе де, берекелі, мерекелі дастарханды қазақтан кем жаймайтын ұлт өкілдері бар. Олар – Қазақстанда туып, өсіп-өнген этнос өкілдері.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының «Оңтүстік» қабылдау үйінде «Қазақ дастарханы» атты фестивалін өтті. Фестиваль облыстағы 20 этномəдени бірлестік ет асудан сынға түсті. 

Мұндай іс-шара өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Мұратəлі Қалмұратов бұл шараны дәстүрге айналдырсақ деген ойын жасырмады. 

20161111 114726

– Бүгінгі іс-шараға облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, «Аналар кеңесінің» құрамы, дін өкілдері мен белгілі спорт саңлақтары, облыстық ҚХА құрылымдарының жетекшілері, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері, аудан, қала делегациялары мен БАҚ өкілдері қатысып отыр. Былтырғы ет асу сайысында ардагер абыздар төрелік жасаған болса, биыл екінші рет ұйымдастырылған фестивальда кәнігі мамандар, кәсіби аспазшылар қазылық жасайтын болады. 

Бір дастархан басында дөңгеленіп отырған дәмдес адамдардың достық қарым-қатынасы артады. Шараның мақсаты да сол, жеңімпазды анықтау емес, барша этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру арқылы мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыру. Елдегі ынтымақ пен татулықты нығайту, – деді ол.

«Қазақ дастарханы» дегенді қалай түсінетінін, 20 түрлі этнос өкілдері өз деңгейінде көрсете білді. Олардың ішінен үздігін анықтау да оңай емес. Дегенмен, қазылар алқасы дәмді аспен бірге қазақы салт-сананы да бойына сіңірген этнос өкілдерінің барлығын сый-құрметке лайық деп таныды.

DSC 5269

Этностар арасындағы ет асудың шеберін анықтауда төрелік жасаған Мархабат Байғұт астың атауына ерекше тоқталып өтті.

– Етті «Бешбармақ» деп атау қате ұғым. Өйткені, адамда екі ғана бармақ болады. Қазақтың дастарханы қандай кең болса, тілі де бай, әр саусақтың аты бар. Қонақты құрметтеу бізге тән болғанымен ұлттық астың атын өзгертіп, әр тілге бейімдей беруге де болмайды. «Ет асайық», «Ас дайын» дейміз біз. Сол «Ет асу», «Ас» деген дұрыс атауды қайта қалыптастыру қажет, – деді ол.

Тамаша асты тарту еткен этнос өкілдерінің арасында бас жүлдеге тағайындалған 200 000 теңгені иран этномәдени бірлестігі иемденді.

DSC 5249– Ет асудан бақ сынауға біз қашан да дайынбыз. Өйткені, осы елде туып-өстік. Үйімізде апта сайын ет асып жеуді біз де үрдіске айналдырғанбыз. Осыдан біраз бұрын Ирандағы туыстарыма қонаққа бардым. Оларда жеміс-жидекті, ас-ауқатты, әр тағамды бөлек-бөлек береді. Кейін олар бізге қонақ болып келгенде дәл бүгінгідей «қазақы дастарханымызды» жайдық. Сонда туыстарым молынан жайылған дастарханға қарап «ойпырмай, сен біздің үйде аш жүрген екенсің ғой» деп әзілдегені бар, – дейді этнобірлестік төрағасы Капар-Пур Нурсбек.

Елдегі ынтымақ пен татулық көрініс тапқан қазақы дастархан басында бас қосқан фестиваль қорытындысында І орынды ұйғыр этномәдени бірлестігі иеленіп, 150 000 теңгені қанжығасына байлады. Ал «Ынтымақ» мәдени орталығы мен облыстық түрік этномәдени бірлестігіне жүлделі ІІ орын бұйырып, 100 000 теңгеден қаржылай сыйлықтарға ие болды. ІІІ орынға үш бірдей 80 мың теңге сыйақыны Қырғыз, өзбек, татар-башқұрт этномәдени бірлестіктері алды. Бұдан бөлек, фестивальға қатысып, белсенділік танытқан грузин, армян, неміс, қарақалпақ, шешен-ингуш, славян, корей, грек, күрді, тәжік сынды түрлі этнос өкілдері ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс хатымен» және 20 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Достық ниет пен мерекелік игі шарадан марқайып қайтқан қонақтардың қатарында Арыс қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері де болды. Оларды биылдан бастап облыстық
Қазақстан халқы Ассамблеясы қамқорлығына алған болатын.

Опубликовано в Әлеумет

Шымкентте «Достық дастарханы» атты дәстүрлі палау фестивалі өтті. Биылғы фестиваль ел Тәуелсздігінің 25 жылдығына және облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Orginal: http://assembly.kz/sites/default/files/u47/img_3289_compressed.jpg

Редакция ұжымы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігі ұйымдастырған шараға өңіріміздің білікті аспаздары қатысып, палаудың 30 шақты түрін дайындап, шеберліктерін көрсетті.

Мерекелік шараға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов редакция ұжымын газеттің мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Шаңырақ» шығармашылық байқауына қатысқан «Жанубий Қозоғистон» газетінің редакциясы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті жазып-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін арнайы жүлдемен марапатталды.

Опубликовано в Қоғам

Шымкентте қымыз-қымыран сататын орындар көбеймек

Қымыздың қасиетін қазақтан артық білер ешкім жоқ. Рас, бойды да, ойды да сергітетін ұлттық сусындарға деген құрметіміз қашанда ерекше. Қазір қымыз-қымыран сату маусымының қызған шағы. Той-жиынға тапсырыс берушілер, емге алушылар тарапынан сұраныс көбейіп тұр. Аптап ыстықтан шөліркеген ағайын жол бойындағы қымызханалар мен киіз үйлерге бас сұғады. Қайбір жылы қала көшелерінің бойында киіз үйлерді алдырып тастауға пәрмен берілген-ді. Кәсіпкерлердің қуанышына орай, тиісті сала мамандары қала әкіміне киіз үйлерді қайта орнатуға рұқсат беру жөнінде ұсыныс берген. Яғни, кәсіпкерлер қымыз өндірісін одан әрі дамытып, ұлттық нақыштағы киіз үйлерді қайта орнатуға мүмкіндік алмақ.

Келiңiз, қымыз iшiңiз!..

 DSC01862 DSC01865 

Ұлттық сусындарға деген құрмет осыдан-ақ көрінеді-ау. Қандай кедергілер кезіксе де, ұлттық құндылықтарымызды үзбей насихаттап, қала тұрғындарының алғысын арқалап жүрген кәсіпкер қауымына айтар алғыс мол. Қандай қиындық болса да, амалын тауып, ұлттық сусындарды дәріптеген еңбектері атап өтуге лайық.
Қазақы қалыптан арыла қоймадық. Шымкентке Қазығұрт тауының беткейлерінен саба-саба қымыздар келіп жатыр. Киіз үйлер де көбеймесе азайған жоқ. Сусын іздеп сабылған жұрт үшін қымызханалар мен киіз үйлердің есігі әрдайым ашық.
Осы күні Арғынбеков пен Бәйдібек би даңғылы қиылысынан өткендердің «Сыбаға» дәмханасына көзі түсер. Кәдімгі қазақы нақышта безендірілген, ұлттық үлгіде тігілген киіз үй ұлттық сусын іздеген тұрғындардың қуанышына айналып үлгеріпті. Ашылғанына 4 ай болса да, дәмхананың тұрақты тұтынушылары барын байқадық. Бәрі де ниетке байланысты ғой. Қырық жыл ұстаздық еткен Айғаным Тұрбекова ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында осынау кәсіпті қолға алған. Аумағы шағын ғана болғанымен, қазақылықтың иісі аңқып тұр. Киіз үй қазіргі заманға сай темірден істелген. Тұрғындарға қысы-жазы қызмет көрсету мақсатында едені де жылытылады. Бәрі үйлесім тапқан.

8a80fefea2845e27a1a2d999b25bd11d resize w 782 h 439Негізінен, мұнда көпшілік отбасымен келеді. Кәсіпкер апайдың өзі жанұяларымен келуді талап ететін көрінеді. Күніне 100-ден аса адам қымыз-қымыран ішіп кетеді. Таңертең ерте келіп саумал ішетін он адам бар. Бұдан бөлек, ұлттық тағамдарға деген сұраныс та артқан.

– Жанұямызбен ақылдаса келе, атауын «Сыбаға» деп қойдық. Бізден қала тұрғындары мен қонақтарына сыбаға болсын деген ниет. Біздің дәстүрімізді кейінгі ұрпақ ұмытып кетпеуі тиіс. Ұлттық тағамдарымыз әрі сусын, әрі тағам екенін білсін дедік. Бұның емдік қасиеті барын әлі көпшілік біле алмай жүр. Қалада әлі де болса мұндай орындар көп керек. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз арқылы қандай ұлт екенімізді өзгелерге танытар едік. «Киіз үйді алып тастаңдар. Көшенің көркін бұзып тұр» деп көп ескертті де. Мен сыртынан жуғызамын, тазартамын. Бәрі таза ұстағаныңа байланысты ғой, – дейді Айғаным апай уәжін жеткізіп.
Ең ғажабы, мұнда жастарға арналған орын ашылыпты. Бүгінде өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатын тамашалау үшін жастарға барлық жағдай жасалған. Олар қымыз іше отырып, сағат түнгі бірге дейін футболдың қызығына елітеді.
Болашаққа жоспар да көп. Кәсіпкерлер Үкімет арнайы орын беріп жатса, басқа жерден де киіз үй тігуге дайын. Қазір бәсекелестік өте қажет. Бәсеке болса, өз өнімдерімізді нарықта бренд ретінде қалыптастырар едік. Қазаққа керек кәсіпті дөңгелетіп отырған
Айғаным Тұрбекова (суретте) осылай дейді.
«Нұрсәт» шағынауданында Сұлтанбек Кенжеқұловтың иелігіндегі киіз үйдің жұмыс істей бастағанына алты жылдан асыпты. Мұнда да қымыз-қымыран, көже, құрт жаз маусымында үзілмейді. Сәуір айында тұрғындардың қуанышына тігілетін киіз үй күн суытқанға дейін есігін айқара ашады. Өздерінің тұрақты клиентттері де бар. Мұнда да негізінен келушілер – жас отбасылар.

«Жұмысты шабыттанып iстейсiң»

Елге белгілі жазушы-журналист, халықаралық Алаш сыйлығының иегері Мархабат Байғұт та қымыздың құндылығы жайында аз жазған жоқ. «Егемен Қазақстан» газетінде «Қазығұрттың қымызы» деген мақаласында біраз-біраз жайды қаузаған.
«Шындығына келсек, қашаннан-ақ қазекемді ыстықтан құтқаратын да, аман алып қалатын да – қымыз. Әрине, қашанғыдай қазақы қалыппен, қазақы салт-дәстүрмен, қазақы әдіс-тәсілмен, қазақы тектілікпен, қазақы тазалықпен, қазақы бекзат болмыспен бапталған қымыз. Саумал иісі аңқыған, ақ май жүзген ақ қымыздың, Қазығұрт қымызының жөн-жосығы бөлек. Шілденің шіліңгірінде шөліңді қандырар, ыстығыңды басар, рухыңды шалқытып, самалмен сипар. Тастай су да, сары бөшкелердің мұздай квасы да, көбірек көпіртіп мақтайтын салқын сыраңыз да қымызға жетпейді.

Біліп алыңыз, Қазығұрт – тек Қазығұрт ауданы ғана емес. Шымкентіңіз сол таудың баурайында. Сондықтан таяу маңайдағы Төле би, шығыс жақтағы Сайрам, сәл терістік тұсқа таманғы Ордабасы аудандары атыраптарынан әкелінер қымыздың бәрін бір сөзбен Қазығұрттың қымызы деуге әбден болады. Сайып келгенде, бар-баршасы – Қазығұрттың қымызы», – дейді қаламгер мақаласында. 

Жазушының жазып қана қоймай, әліге дейін өзі де жиі-жиі қымызханаларға бас сұғып тұратынын білеміз. Қазір де жұмыстан шыға салысымен қымызханаларға қарай аяңдайды.
– Бірінші кезекте қымыз таза болу керек. Сатушылар ағарғанға обал жасамау керектігін ұғынса. Қымыздың қасиетін өзім де насихаттап, жазып жүрмін ғой. 90 жылдары «Қырғы» базар жақта жалғыз қымызхана бар еді. Сол жердің қымызы таза-тұғын. Қазіргілер ренжімесін, ондай қымыз қазір еш жерде жоқ. Сол кезде таза қымыз ішіп алып, жұмысымды да шабытпен істейтінмін. Шығармашылық адамының қымыз ішкені өте дұрыс. Қазір өзім жиі баратын екі орын бар: «Көл» базары маңы мен Қажымұқан атындағы Орталық стадионның батыс-түстік тұсында, Мәделіқожа мен Қарауылбек Қазиев атындағы көшелердің қиылысындағы қымызхана. Қала әкімдігінің киіз үйлерді қайта орнына қою жөніндегі бастамасын құптаймын. Дәстүріміз бен жаңашылдық жарасымды тапса керемет болар еді. Қымыз ішу рухыңды көтереді. Көңіліңді шалқытады, – дейді жазушы.

Киiз үйлерге арнайы орын бөлiнедi

Бұған дейін қымыз сатудың да ережесі бар-тұғын. Көше бойына, көгалдандыру аймақтарына қойылған киіз үйлердің жұмысын тоқтату туралы Қаулы шыққанынан кәсіпкерлер хабардар. Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімі сауда секторының меңгерушісі Қайрат
Базарбековтың айтуынша, қазіргі уақытта киіз үйлер сататын орындарды көбейтуге қала әкіміне ұсыныс берілген. Бұл мақсатта төрт аудан бойынша ұлттық сусындар сататын жиырмаға жуық орын бөлінбек екен.
Бастысы, киіз үйлер мен қымызханалардың талапқа сай болуында. Қ. Базарбеков қазіргі тұрған киіз үйлердің бәрі заңсыз екені, көбісі айыппұл төлеумен, дау-дамаймен құтылып кетіп жүргенін айтады. Таяуда қала әкімінің Қаулысы шықса, кәсіпкерлердің тынысы кеңейіп, одан әрі ұлттық сусынды дәріптеуге мүмкіндік алар еді.

Қымыз – қырық түрлi ауруға ем

Әсіресе, қымыздың қадірін білетін – спортшылар қауымы. Оған талай көз жеткізгенбіз. Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов та жаттығудан шыға сала қымызханаларды жағалап кететінін талай көрдік. Қымыз шаршағанды басады, жан сарайыңды ашады.
Әсілі, ұлттық сусындарды кеңінен насихаттап, барды баянды ету өзіміз үшін керек. Ішімдік ішетіндерге қарағанда ұлттық сусын сататындар көбейсе құба-құп қой. Қымыз – қырық түрлі ауруға ем. Кезінде елімізде өкпе ауруларын тек қымызбен емдейтін 15 шипажай болса, бүгінде олардың жұмысы тоқтап қалған. Керісінше, Ресей 80-нен астам қымыз өндіретін агрофирма ашып, қымыз бен шұбат арқылы емдейтін 48 шипажайдың жұмысын жолға қойған. Қымыз бен шұбаттың емдік қасиеттеріне Жапония мен Батыс Еуропа елдері де ерекше қызығушылық таныта бастаған.
Қазақ баспасөзінде бұл мәселе көптен бері айтылып жүргені де мәлім. Одан әрі де жазыла бермек. Түптеп келгенде мұның бәрі ұлт денсаулығы үшін, жастар тәрбиесі үшін қажетті дүние емес пе?!
Жастарымыз арақ-шарапқа құмар болмай, ұлттық сусынымызға бет бұрғаны қажет. Сонда ғана, түрлі аурулардың алдын алып, салауатты ұрпақ тәрбиелейтін едік.

 

 

Опубликовано в Қоғам