×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

«Қымыз ішуге келіңіз!» Избранное

Пятница, 17 Март 2017 06:33 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5825 раз

Ауруға – ем, сауға – қуат беретін қымыздың қадір-қасиетін түсіне білетін былайғы жұрт көбіне «Нұрсәт» шағынауданындағы аллеяда, яғни Сәуле апайдың киіз үйінде бас қосып жатады. Бабына әбден келтірілген ұлттық сусындарға әуестігі артқан қаланың көпшілік тұрғындары осы мекенге етене бауыр басып үлгерген. Тұрақты келушілердің қатарынан жиі көрінетін орыс жігітін бір сәт әңгімеге тарттым.

20170304 173215

Юра есімді бұл азамат қазақтың ұлттық сусындарын ішуді біраз жылдар бойы дәстүрге айналдырыпты. Өзі қазақ тілін еркін меңгерген. Бүгінде «Қайтпас» шағынауданында дәнекерлеуші қызметін атқарады. Ән мен жырға да әуестігі бар. Кешкілік уақыттарда «Эмориомио» мейрамханасында гитара тартып, меймандардың ризашылығы мен жоғары бағасына ие болып жүр. 

– Мен өзім Арыс қаласында қазақ жігіттерімен бір ортада өстім. Бірге оқып, тәрбие алдық. Бала кезден қазақ тілін меңгеріп, дастарханда қазақтың ұлттық тағамдарын тұтындық. Ағам Константин, жеңгем Надежда да мемлекеттік тілде сөйлеп, қазы-қарта жегенді тәуір көреді, – дейді Юра Овчаров.

Қазақтың ұлттық сусындарына әуес бозбала темекі мен алкоголь өнімдерін мүлдем тұтынып көрген емес. Бүгінде ол «Шымкент дауысы» жобасының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, негізгі турына жолдама алыпты. Бұйыртса, қалалық байқауда топ жарып, келешекте «Қазақстан дауысында» бақ сынауға ниетті.