Заңмен тыйым салынған 15 түрлі дiни ағымдар және олардың сипаттамалары

Пятница, 05 Февраль 2016 10:14 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 15335 раз

Бүгінгі таңда қоғамдағы қауіп-қатерлердің ең бастысы, халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм екені баршаға мәлім. Осыған байланысты елімізде «Экстремистік қызметке қарсы қимыл жасау туралы» Заң қабылданып, бірқатар діни ағымдардың қызметіне шектеу қойылған. Яғни, ұлттық қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ, бірқатар халықаралық келісім-шарттарды орындау мақсатында халықаралық террористік ұйымдардың республика аумағында әрекет етуіне тыйым салынған. Бүгінде ел аумағында заң мен тыйым салынған діни-экстремистік ағымдар мыналар: «Әл-Кайда» террорлық ұйымы, «Шығыс Түркістан Ислам қозғалысы», «Өзбекстан Ислам қозғалысы», «Күрділердің халық конгресі», «Асбат әл-Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Тәліб» қозғалысы», «Боз гурд», «Орта Азия моджахед терінің жамағаты», «Лашкар-и-Тойба», «Әлеуметтік реформалар қоғамы», «АУМ Синрике», «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы», «Түркістан Ислам партиясы», «Хизб-ут-Тахрир», «Исматуллашылар» және «Әл Аят». Енді осы Ислам дініне жат діни ағымдардың бірқатарына қысқаша мінездеме бере кетсек.

61273«Аль-Каеда» - әртүрлі елдердің соғысқұмар адамдары қаржыландыратын және қызметіне бағыт беретін халықаралық ұйым. «Аль-Каеданың» басты мақсаты мұсылман елдеріндегі басқару режимін құрту, ол жерлерге шариғатты билік орнату болып табылады. «Аль-Каеда» антибатыстық радикалды бағытты ұстанады және Американы исламның басты жауы деп санайды. Америка «Аль-Каеданы» және Асама бен Ладенді террористік қызмет жүргізгені, соның ішінде Нью-Йоркта, 2001 жылғы 11 қыркүйекте терактілер өткізгені үшін айыптайды.
«Асбат аль-ансар» - маркстік-лениндік ағымдағы исламдық ұйым Ливандағы ықпал үшін Арафат париясымен ішкі күрес жүргізеді. Аль-Каедамен тікелей байланыста және оған кадрлар жеткізіп тұруға міндеттенеді. 2000 жылы «Асбат-аль-Ансар» Бейрутта Ресей елшілігін гранатаметпен атып тастады. МакДональдс рестораны мен БАҚ редакциясына шабуыл жасады. Топ сарбаздарының Ирактағы Ресей дипломаттарының ұрлануына қатысы бар. Шейх Хишамның ұлы Шрейди Абдорлла құрған Асбат ан-Нұр әскери бөлімшесі бар. 2003 жылы мамыр айында Абдолла Шрейдиге қастандық жасалды, ауыр жарақаттардан ол шілде айында қайтыс болды.
«Күрд Халық Конгресі» Қарулы күрес арқылы Түркияның оңтүстік-шығысында, Қазақстанда және басқа да ТМД елдерінде тәуелсіз күрд мемлекетін құру. 1998-1999 жылдары Алматыда күрд диаспорасының көшбасшылары мен белсенділері антитүріктік бағытқа экстремистік акция ұйымдастырды. 2006 жылы осындай акция өткізілуіне тосқауыл қойылды.
«Лашкар-и-Тайба» – Үнді штаты Джамму мен Кашмирдағы (Пәкістан) әскерилендірілген экстремистік суннититік топ. Басты мақсаты - әлем мұсылмандарының басын біріктіру, моджахедтерге әскери көмек беру, әртүрлі террористік ұйымдарға қаржылай көмектесу. «Марказ дава уль иршад» пәкістандық фундаменталистік ұйымның әскер қанаты болып табылады. Кейбір көздерден түскен мәліметтер бойынша, бұл ұйым Пәкістан үкіметі енгізген тыйымнан бас сақтау үшін 2002 жылы қаңтарда «Джамат уд-Дава» болып атын өзгерткен.
«Әлеуметтік реформалар қоғамының» штаб-пәтері Эль-Кувейт қаласында орналасқан. Әлеуметтік бағдарламаны бүркене отырып, «Мұсылман бауырлар» лаңкестік ұйымының алдына қойған мақсатын іске асыруға көмек көрсетеді және мұсылман емес үкіметті жойып, ислам басқармасы қағидаларының жолымен дүниежүзілік көлемде, ТМД елдерінде ислам халифатын орнатуды көздейді.
Қызметінің негізгі нысандары басқа діндерге төзімсіз, қоғамды бөлшектеуге бағытталған мақсатта исламдық насихат жүргізеді (мықты қаржылық көмек көрсетіледі), Солтүстік Кавказдағы қарулы жихадты жасырын қаржыландырады.
«Шығыс Түркістанды азат ету қоғамы» - ҚХР-ның Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында жеке мемлекет құру, қытай билігімен қарулы қақтығыс жүргізу мақсатында құрылған. Қызмет аясы «Аль-Каеда» және «Талибан» ұйымдарының қолдауымен жас синьцзяндықтарды қатарларына тартады, оларды кейіннен Ауғанстандағы оқу-жаттығу лагерьлеріне жіберіп, террористік қызмет тактикаларына үйретеді. Қытай және Орта Азия өңірлерінде жасалған террористік актілерге қатысы бар. Ұйым қарулы шабуылдар жасау, есірткі және қару-жарақ бизнесі арқылы қаражат табады.
«Таблиғи Жамағат» қозғалысының негізін 1926 жылы Үндістан азаматы Мухаммед Иляс Әл-Кандахлауи салып, 1944 жылға дейін оған басшылық еткен. Бұл қозғалыс радикалистігімен ерекшеленеді, атап айтқанда діни сенімнің кез келген басқа түрлеріне, исламның шииттік тармағына және оның синкретикалық пайымдауларына қарсы. Прогрестің қайсыбір түрін исламмен сиыспайды деп таниды және әйелдерді қоғамнан тыс ұстау қағидасын, ислам басқа діндерді ығыстырып шығуы керек деген фанатизм көзқарасын ұстанады. «Таблиғи Жамағат» өзінің жолын ұстаушылардан Аллаға шексіз берілуді, намаз оқуды, өз дініне сенгендерді құрметтеуді және исламға тарту үшін уағыздар жүргізуді талап етеді.
Ал «Такфир валь-Хиджра» қозғалысының идеология маңызы Ислам дінін ұстанушылар өзінің мемлекеті ретінде «кәпірлер мемлекеті» деп білуге әкеліп соғады, басқа аумақтарға және елдерге көшу, олардың ойларынша ол жерлерде шариаттық басқару бар, ол жерде әскери тәжірибеге ие болып, келешекте өз отанына джихадты кеңейту үшін қайтып келу. Қазіргі тәкфир жамағаты да пікірлерін қабыл алмаған немесе қабыл алып, жамағаттарына қосылмаған және сол жамағаттың имамдарына ермеген әрбір адамды, христиандарды және иудейлерді ғана емес, сонымен қатар басқа да мұсылмандарды кәпір санайды, нақақтан нақақ айыптайды. Ал, жамағаттарына кіріп, қайтадан тура жолға түскен мұсылманды «діннен қайтқан сатқын» деп кінәлайды. Тіпті, оны өлтіруге де болатындығын жасқанбай айтады.
Ахмадия жамағаты ілімі Пенджаб қаласында, қазіргі Пәкістан жерінде пайда болған. Пәкістан, Иран, Ауғаныстан жерлерінде кең таралған. Ахмадия жамағатының орталығы Хайфа және Лондон қалаларында орналасқан.
1974 жылы Пәкістан басшылығы ахмадия сектасын мұсылмандық емес деп ресми жариялап, 1984 жылы ахмадияшылдарға өздерін мұсылман деп атауға және мұсылмандық жоралғылар өткеруге ресми тыйым салды.
Жамағат мүшелері пайғамбар сүнеттерін жоққа шығарып, Ғулам Ахмед Алланың елшісі ретінде таниды. Ахмадияшылдардың қажылық ету орындары Пенджаб пен Кашемир әсіресе, Қадиан қалалары боп саналады.
Салафизм немесе уахабтық ағым негізінде Салафи қозғалысы мұсылман әлемінің бәрінде де дерлік пайда болып, түрлі мемлекеттерде түрлі бағыттарда бой көрсеткен қозғалыс.
Салаф сөзі «бұрынғылар» деген мағынаны білдіреді. Ислам дінінің алғашқы үш ғасырына жататын ғұламалар тобы «салафтар» деп аталған.
«Талибан қозғалысы» Ауғанстанда пайда болған діни саяси ұйым. Талибанның құрылуы 1980 жылдардың басында Пәкістанның солтүстік-батыс шекаралық провинциясымен Белуджистан аумағында Пәкістан Ислам Республикасының билігінің нұсқауы бойынша жабық түрдегі және соған сәйкес идеологиялық және діни тәрбие алған ауған қашқындарының балаларынан құрылды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімімен «Талибан» лаңкестік ұйым ретінде танылды.
«Хизб-ут-Тахрир» – халықаралық экстремистік саяси-діни ұйым. Исламның азаттық партиясы (мұсылман бауырлар) ағымынан бөлініп шығып, палестиналық Тақиюддин Набхани деген адамның басшылығымен 1953 жылы Сирияда алғаш рет пайда болды.
Бірінші кезекте партия Палестинаны азат ету және сионизммен күресуді өз алдына мақсат етіп қояды. «Хизб-ут-Тахрир» мүшелері санының өсуіне байланысты партияның көсемі халықты жаппай исламдандыру жолымен халықаралық масштабта мұсылман мемлекеттері халифатын құру идеясына келді. «Хизб-ут-Тахрир» этникалық және конфессиялық төзімсіздікті таныта отырып, дiни араздықты тұтатады. Аталған партияның идеясы әлемнің 40-тан астам елдерінде таралған, көптеген мұсылман елдерінде бұл партияның әрекетіне ресми түрде тыйым салынған.
«Хизб-ут-Тахрир» ұйымының Конституцияға қарсы бағытталған рұқсат етілмеген акциялары, насихат қызметін ұйымдастыру және экстремистік мазмұндағы үнпарақпен әдебиеттер дайындап, таратып, сақтау фактілері белгілі болды. «Хизб-ут-Тахрир» діни партиясының қызметіне Германияда, Канадада, Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және де мұсылман елдері: Пәкістанда, Сирияда, Иордания және т.б. елдерде заңды түрде тыйым салынған. Пәкістан Ислам Республикасының Улем Кеңесі, Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасы, Өзбекстан және Тәжікстан «Хизб-ут-Тахрир» партиясын исламдық емес, ілімі теріс деген нұсқау қабылдады. Бірақ соған қарамастан бұлар ғаламтор арқылы әлемнің кез келген түкпіріне уағыз жүргізіп отырады.
Ислам діні – ғылым мен білімге, толеранттылыққа шақырады. Ал Ислам атын жамылған экстермистік топтар бұқара жұртшылықтың татулығын мен ауызбіршілігін бұзатын, ұлтаралық араздық пен алауыздықты туғызатын жансақ пікірлі саяси-топтар. Елбасы Н.Назарбаев: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сунниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтаған абзал», - деген сөзі барша қазақ баласына ой салуы тиіс.
Сөз түйіні, Ислам – терроризмге, зорлық-зомбылыққа, діни экстремизмге қарсы. Бүгінгі таңда әлемнің түпкір-түпкірінде ислам атымен сандаған жазықсыз адамдардың қаны төгіліп жатыр. Жаратушы сөзімен қарасақ, бір адамға қиянат жасап, құрбан ету күллі адамзатқа бағытталған амал ретінде түсіндірiледі. Сонымен Исламның қақтығыс, лаңкестік, зорлық-зомбылықты, өктемдікті айыптаған, керісінше қоғамдық тұрақтылық, ізгілікті, ұстамдылықты уағыздаған дін екендігіне көзімізді жеткіземіз.

Серік ЕРГЕБЕКОВ,
ОҚО Ішкі саясат басқармасы,
«Әлеуметтік бастамалар орталығының» теолог маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.